2009 ж.

      Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің 2007-2009 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру аясында жүргізіледі, ол қазіргі заманғы саяси тарих мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге және ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталған.
      3 жылға жоспарланған жаңа Ғылыми тұжырымдама музей жұмысы мен оның әрі қарайғы мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін жан-жақты негіздейді. Музейдің 2004-2006 жылдар аралығында атқарған жұмысына алдын ала талдау жүргізілді, мекеменің арнайы ерекшеліктері ескерілді, қазіргі заманғы музейтану қағидаттарына сүйенетін музейдің «идеялық мәні» әзірленді. Тұжырымдама негізінде оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Ғылыми-зерттеу жұмысы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
I. «Егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасын ұйымдастыру.
II. Тұрақты тақырыптық көрмелерді ғылыми жобалауды жүзеге асыру.
III. Ғылыми, ақпараттық және әдістемелік жарияланымдарды дайындау және басып шығару.