2012 ж.
2012 жылдың 15 қарашасында №№ 23, 28 орта мектептерінің оқушыларына Музейдің Күмыс залында «Жәдігерлер сөйлейді...» циклы аясында «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.
|
|
|
Музей қорындағы 300 бірліктен асатын наградалар қорының құрамында Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерден Н. Ә. Назарбаевқа берілген жоғары мемлекеттік және қоғамдық наградалар сақталған. Бұл наградалар Тұңғыш Президенттің сыртқы саясаттағы беделінің жоғары екендігінің куәсі болып табылады. Сабақ барысында Ақпараттық орталықтың бас сарапшысы Г.К. Қасенова оқушыларды шет мемлекеттердің наградалық жүйесімен, тарихымен, сипаттамасымен, статутымен таныстырды.
2012 жылдың 13 қыркүйегінде № 1, 15 мектеп-лицейлерінің оқушыларына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекциясындағы әлемдік діндердің ғибадат заттары» тақырыбында дәріс өткізілді.
|
|
|
Қазіргі заманғы ғылым бірегей болып табылатын әлемдік діндерді қоғам мәдениетінің маңызды компоненті ретінде қарастырады, олардың әрқайсысы адамның өмір сүруіне ерекше мән береді және әлемдік өркениет тарихының ажырамас бөлігі болып табылады.
Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығының жетекші сарапшысы Ә.Қ. Шоткина діни ғибадат заттарының мәнін аша келе, оқушыларды әлемдік діндердің пайда болу тарихымен таныстырды. Дәріскер сабақ барысында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа шетелдік мемлекет басшылары, министрлік жетекшілері, Астана қ. өткізілген әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері қатысушыларының сыйға тартқан діни ғибадат заттары туралы толықтай әңгімелеп берді.
Білім бағдарламасының тыңдаушыларына Музей қорынан алынған фотоматериалдар көрсетілді. Сабақ 4 қабаттағы әлемдік діндердің ғибадат заттары орналасқан экспозициялық залда жалғасын тапты.
2012 жылдың 12 қыркүйегінде «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклы аясында «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында экскурсия-сабақ өткізілді.
|
|
|
Ақпараттық орталықтың бас сарапшысы Г.К. Қасенова сабақ барысында Елбасының жоғары мемлекеттік наградалары негізінде оқушыларды шет мемлекеттердің наградалық жүйесімен, тарихымен, сипаттамасымен, статутымен таныстырды.
Астана күнін мерекелеу қарсаңында 2012 жылдың 2 шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде № 25 «Таңшолпан» балалар бақшасының тәрбиеленушілеріне арналған «Жан жүрегім – Астана» атты музейлік балалар мерекесі өтті.
|
|
|
|
Музейдің білім беру бағдарламасының аясында Астана күніне арналған балалар мерекесін өткізу игі дәстүрге айналған. Мұнда, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бұрынғы резиденциясында елорданың жас тұрғындары туған қаласының тарихымен танысады.
|
|
|
|
Шараның қонақтары – Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары және ата-аналар өткен тарихымызға көз жүгіртетін қызықты саяхатқа құрылған балалардың қойылымдарын жылы қарсы алды. Қатысушылар түрлі кезеңдерге бойлай отырып, қаланың пайда болуымен қазіргі дамуына куә болды. Балалар бақшасының тәрбиеленушілері Қазақстанның елордасы – Астана, достық пен бақытты балалық шақ туралы ән мен жырды орындай отырып, қонақтарды сиқырлы әлемге жетеледі.
|
|
|
|
Бұл туралы ата-аналар «Балаларымыздың бақытты жүзін бақылап, олардың қуанышты пәк күлкісін көру біз үшін ең жоғарғы марапат болды. Еліміздің әрбір азаматы патриот, адамгершілігі зор және қоғамға пайдалы болу керек деп есептейміз. Бүгінгі күні балаларымыздың өз қаласы мен Отанын қаншалықты сүйетініне куә болдық, олар Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болады» деп атап өтті.Шараға қатысушыларға Музей қорынан алынған мұрағаттық құжаттар мен экспонаттар көрсетілді. Мереке соңы түрлі-түсті шашумен, балаларға арналған сыйлықтар тапсырумен және Астананың бейбіт аспанына кішкентай бүлдіршіндеріміздің тілекке толы шарлары ұшырылуымен аяқталды.
2012 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде жыл сайынғы «Қасиетті тастар» арт-терапиялық семинарының аясында ерекше балаларға арналған «Еркіндік нышаны балалар көзқарасымен» арт-терапиялық сессиясы өткізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің серіктестері: «Астана қ. Мүгедек балалар қоғамы» ҚБ, «Балам-ай» балаларды дамыту орталығы, «Думан» СО жанындағы «ОкеанАрт» Арт-терапия Шығармашылық Орталығы» ҚБ, «Астана қ. Жас суретшілер бірлестігі».
|
|
|
|
Мүмкіндігі шектеулі адамдар қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен оқшау қалған, сондықтан да кез келген іс-шара олар үшін нағыз мереке. Екі командаға бөлінген балалар жас суретшілердің және арт-терапевтердің көмектері арқылы кенеп бетінде сурет салды. Сурет салуды аяқтаған соң, әрбір топ өз жұмыстарын қорғады. Қатысушылар арт-терапиялық сессия барысында алған әсерлерімен бөлісе келе, таңдаған сурет тақырыбын толықтай түсіндіріп берді. Балалар бояулар арқылы өз сезімдері мен еркіндік нышанына деген өз көзқарастарын білдіргісі келетіндіктерін айтты.
|
|
|
|
Балалардың ата-аналары мен әлеуметтік қызметкерлер үшін оригами бойынша шеберлік-сыныбы өткізілді. Ересектер қағаздан «тырналар бақытын» жасауды үйренді. Сессия аяқталғаннан кейін балалар тілек тілеп, аспанға «тырналар бақытын» ұшырды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Презиженті Музейінің қабырғасында өткізілген бірлескен емдеу сессиясы ерекше балаларды сауықтыру бойынша альтернативтік бағдарламалардың енгізілуін жәрдемдесуге бағытталған. Әлеуметтік бағдарламалар ерекше категориялы балаларды қоғамның түсінуі мен қолдауының көрсеткіші болып табылады.
«Думан» СО жанындағы «ОкеанАрт» Арт-терапия Шығармашылық Орталығы» ҚБ директоры Г.С. Татенова балалардың эмоция мен қуаныш сезіміне масаттанғанын айта келе, Музейдің қызметкерлеріне: «Сіздер біздің балаларымыздың көңілдерін көтере білдіңіздер. Ата-аналарға дамуында ерекшелігі бар балалардың тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайтындығын көрсете білдіңіздер» деп алғысын білдірді.
|
|
|
|
Ашық есік күндері отбасы қауымын оқу-тәрбиелеу кеңістігіне тарту мақсатында Музейдегі арнайы бағдарлама аясында өткізіледі. Шараның ашылуы баспасөз залында өтті. Музей педагогикасы орталығының жетекшісі Р.Ұ Қазбекова Елбасының мемлекеттің тарихи-мәдени мұрасын қалпына келтіру бастамалары туралы мәселені егжей-тегжей баяндап берді. Дәріскер Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндетін айта келе, іске асыру кезеңдеріне тоқталды, бағдарламаның іске асыру барысындағы қол жеткізген табыстары мен даму болашағы туралы баяндап берді. Ашық есік күндерінің келесі кезеңі «ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің коллекциясындағы әлемдік діндердің ғибадат заттары» тақырыбындағы экскурсия-сабақ болды. Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығының жетекші сарапшысы А.С. Қарманова тыңдаушыларды Мемлекет басшысына шетелдік мемлекет басшыларының, министрлік басшыларының, Астана қ. өткізілген әлемдік және дәстүрлі діндер сьездері лидерлерінің қатысушылары сыйға тартқан діни ғибадат заттарымен таныстырды.
|
|
|
|
Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығының аға сарапшысы Б.М. Хасенова «Сақ қорғандарының асыл қазынасы» тақырыбында авторлық экскурсиясын өткізді. Экскурсия барысында оқушылар археологиялық зерттеулер мен Алтын адамның Есік қорғанынан табылған тарихы туралы мәліметтермен танысты Тыңдаушылар сақ дәуіріндегі құрбандыққа шалынған нақты мысалдар арқылы аң стилінің ерекшеліктерімен танысуға зор мүмкішдік алды.
|
|
|
|
Ашық есік күндерінің ең белсенді қатысушылары естелік сыйлықтарға ие болды.
2012 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан Республикасы Тұң�





























