"Бала және мәдениет" жобасы
2017 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейінің ғимаратында Астана қаласындағы № 1 Балалар музыкалық мектебінің оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күнін өткізу мақсаты – музей қорындағы жинақты насихаттау ғана емес, сонымен қатар, патриотизмге, туған жердің мәдениеті, салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Іс-шараны аша отырып, директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Б.М. Музей мен № 1 Балалар музыкалық мектебі арасындағы көпжылдық жемісті ынтымақтастықты атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері мен табыстарына нақты тоқталды. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жаңа тұғырнамада жаңғырудың басты шарты «өз мәдениетіңді, өзіңнің ұлттық кодыңды сақтау» деп атап көрсетуі кездейсоқ емес.
Ашық есік күні аясында Музей экспозициялары жанында музей педагогтары сабақ-экскурсиялар өткізді.
Қауіпсіздік Кеңесі залында «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарағы» атты сабақ-экскурсия өткізілді. Оқушылар қаруды сыйға тарту дәстүрі, қазақтардың «Бес қару» жарағы туралы білім алып, ер балаларды әскери өнерге баулу дәстүрімен танысты. Аудиториямен тактильді әдістерді қолдану арқылы жүргізілген «Сандықтағы құпия: батырдың әскери қару-жарағы» ойыны барысында балалар батырдың сауыт-саймандарын киіп көруге мүмкіндік алды.
Күмбезді залдың фойесінде өткізілген «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері» атты сабақ-экскурсия барысында Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері мен ерекшеліктері, тарихы ашылып көрсетілді. Бұл жерде қазақ халқының қол өнері, зергерлік өнерінің ерекшеліктерін бейнелейтін экспонаттар оқушылар назарына ұсынылды.
Күмбезді залда өткен «Қазақстанның олимпиада чемпиондары» атты сабақ-экскурсия республиканың спорттық табыстары, еліміз мақтан тұтатын қазақстандық спортшылардың жарқын жеңістері туралы баяндады. Музей баспасөз залының холында балалар Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрлері: теннис, гольф, тау шаңғысы және т.б. танысты.
Ашық есік күні қорытындысында қатысушыларға естелік кәдесыйлар тарту етілді.
2017 жылы 26 сәуірде № 14 «Ақбөпе» балабақшасы тәрбиеленушілеріне «Музей және балалар» жобасын жүзеге асыру аясында «Моя родословная – частица родословной нашей страны. Буква «Р» көшпелі музейлік сабағы өткізілді.
Дәріс «Әліппе – жол сілтеуші» түрінде өткізілді. Балалар «Р» әрпі, «род», «родословная» ұғымдарымен танысуды бекітті. Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері С.Қ. Жақыпова Мемлекет басшысы шежіресінің үлгісі негізінде балаларға Қарасай батырдың ерлігі жайлы тарихты әңгімелей отырып,Тұңғыш Президенттің шежіресі туралы баяндады.
Мектепке дейінгі жаста балалардың бойында ұрпақтар сабақтастығының қалануына ықпал ететін ата-бабалар алдындағы жауапкершілік сезімінің негізі қаланады. Қазақстанның рухани жаңғыруында патриотизмді тәрбиелеу, дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға ерекше мағына мен рөл беріледі.
Тәрбиеленушілерге өткізілген музейлік сабақтан естелік ретінде сыйлықтар табыс етілді.
2017 жылы 15 наурызда № 18 орта мектеп оқушыларына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің Күміс залында «Жәдігерлер сыр шертеді...»: Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты сабақ-экскурсия өткізілді.
Кітапхана Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Молдабекова Ж.Н. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа табыс етілген жоғары мемлекеттік наградалар үлгісі бойынша оқушыларды ТМД, Еуропа және Азия елдерінің марапаттау жүйесімен таныстырды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің 200 сақтам бірліктен асатын наградалар қорына Н.Ә. Назарбаевқа Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттерден табыс етілген мемлекеттік және қоғамдық наградалары кіреді және музей коллекциясындағы негізгі қорлардың бірі ретінде айрықша маңызды орынға ие.
2017 жылы 14 ақпанда № 48 мектеп-лицейінің оқушыларына «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері» дәрісі өткізілді.
Дәріс Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері – халық шығармашылығының маңызды саласы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Атабаева Г.М. тыңдаушыларды ұлттық ерекшелігі мен терең көркемдік мазмұнын атап көрсете отырып, Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері түрлерімен таныстырды.
Дәріс барысында Кітапхана музейі қорынан экспонаттар көрсетілді. Олардың қатарында ұлттық музыкалық аспап – домбыра, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері. Оқушылар тактильді әдіс арқылы музей бұйымдарын ұстап көруге, сирек жәдігерлерді жан-жақты қарауға мүмкіндік алды. Домбыраның пайда болуы туралы аңыз бен оның жетілдірілу кезеңдері туралы тарих балалардың айрықша қызығушылығын туғызды.



