Музей педагогикасы орталығы

      Көптеген мектептер күннен-күнге музейдің білім беру бағдарламаларының қажеттілігін, өз қызметтеріне музей педагогтарын тарту керектігін сезініп келеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Музей педагогикасы орталығы ашылды. Бұл орталық Музейдің құрылымдық бөлімшесі бола отырып, музей педагогикасы бойынша және қазақстандық патриотизмді, азаматтықты тәрбиелеуде оның мемлекеттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға атсалысу мәселелері бойынша Музей қызметін қамтамасыз етеді.
      Музей педагогикасы орталығының негізгі міндеттері мыналар:
1. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және үйлестіру, Музейдің білім беру жүйесіне жақындауына көмектесу.
2. Музейлер мен білім беру мекемелерінің арасындағы тарихи-мәдени, ғылыми ынтымақтастыққа көмектесу, жоғары және орта білім беру мекемелері педагогтарымен жұмыс жасау.
3. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерімен болатын кездесуді ұйымдастыру.
4. Балалар шығармашылығы сайыстарын ұйымдастыру және өткізу.
5. Музейдің ең жақсы жоспарлы жұмыстары (шараларының) авторларының жұмыс тәжірибесін қорыту және тарату, оқу жылының қорытындылары бойынша Музей сабақтары жинағына басуға сценарилер дайындау.
6. Музей педагогикасы бойынша өткізілген жоспарлы жұмыстардың тиімділігінің диагностикасын, мониторингін ұйымдастыру.
    Профессор-оқытушылар құрамы – жоғары және орта оқу орындарының педагогтары, Музейдің ғылыми қызметкерлері.
      Өткен оқу жылында әр түрлі бағыттағы барлығы 47 жоспарлы жұмыс өткізілді.
     Музейдегі іс-шаралар 80 отыратын орынға есептелген және қазіргі заманғы техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталған баспасөз залында өткізіледі. Әрбір жоба дәрістерінің тақырыптары жас ерекшелігі әр түрлі тыңдаушылардың санаттарына есептелген.

      Нақтырақ мына айдарлардан қараңыз:
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі»;
«Қазақстанның тарихы мен мәдениеті»;
«Бала және мәдениет»;
«Мерекелер мен сайыстар»;
«Кездесулер».

      ҚР ТПМ-нің Музей педагогикасы орталығы Қазақстанның барлық аймағындағы білім беру мекемелерінің оқытушыларын ынтымақтастыққа шақырады. Дәріс тапсырыстарына үйренушінің жасы мен сөйлеу тілін көрсетулеріңізді сұраймыз, ересектер аудиториясына қосымша сабақ түрі өткізіледі.

      e-mail: cmp_museum@mail.ru