Шетелдік ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер
Үндістан Республикасымен дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 23 ақпанынан бастап орнады. 1993 ж. қазанында Алматыда (2007 ж. қарашасында Астанаға көшірілді) Үндістан Республикасының Елшілігі ашылды.
Венрия Республикасымен дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 23 наурызында орнады. 1993 ж. наурызында ҚР Венгрияның Елшілігі ашылды.
Германия Федеративтік Республикасымен дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 11 ақпанында орнады. 1992 ж. желтоқсанында Алматыда ГФР-дің Елшілігі ашылды.
Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 6 сәуірінде орнады. 1994 ж. 20 наурызында Алматы қ. Польшаның Елшілігі ашылды.
1992 ж. 22 қазанында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында дипломатиялық қатынастар орнады. 1992 ж. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Елшілігі ашылды.
1991 ж. 26 желтоқсанында дипломатиялық қатынастар орнады. 1992 ж. 15 қыркүйегінде – Қазақстан Республикасында АҚШ Елшілігі ашылды.
Дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 26 қаңтарында орнады. Жапония Елшілігі 1993 ж. Алматыда (2005 ж. қаңтарынан бастап Астанаға көшірілді) ашылды.
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 ж. 27 тамызынан бастап орнады.
Қазақстан 1992 ж. 30 қаңтарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды. 1999 ж. Алматыда (2007 ж. – Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы) ЕҚЫҰ орталығы ашылды.
ЕО-Қазақстан екіжақты қарым-қатынасы Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісіммен реттеледі. Серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге алғашқы рет 1995 жылы қол қойылды және 1999 жылы күшіне енді. Еуропалық комиссияның ұйымдастыруымен гендерлік теңдік тақырыбында дүниежүзілік конкурс аясында балалар жұмыстары көрмесінің ашылу салтанаты (17.05.2010), (19.05.2011).
Ш. Марджани атындағы (Ресей Федерациясы) ғылыми және мәдени бағдарламаларды қолдау қоры 2006 ж. құрылды.
«Б.Н. Ельциннің президенттік орталығы» қоры 2008 ж. құрылды. «Борис Ельцин және оның кезеңі» бірлескен көрме өткізілді (8.06. – 27.09.2012).
13. «Исаакиевский собор» мемлекеттік музей-ескерткіші, Санкт-Петербург қ., РФ.
Музейдің-ескерткішінің тарихы 1928 жылдан басталады. Ынтымақтастық туралы меморандум 2014 жылдың 26 тамызында бекітілді. Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар: «Мәдени-білім беру ортасы. Субъектілер әрекеттесуінің заманауи технологиялары» (Санкт-Петербург, 10.12.2014); «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Астана, 25.08.2014); «Серіктестер шоқжұлдызы» музейлік форумы (Астана, 25.08.2014); «Жаңа Қазақстан жаңа әлемде» көшпелі көрмесі (Санкт-Петербург, 24.06.2015).
14. Ресейлік этнографиялық музей, Санкт-Петербург қ., РФ.

Музейдің іргетасы 1895 жылы қаланған. Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: «Бұқара әмірлігінің әкімшілік элитасының мәдениеті» көрмесі (Астана, 03.10.2014).
15. Ресей саяси тарихының мемлекеттік Музейі.

Музей 1919 жылы құрылған. Бірлесіп өткізілген іс-шаралар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің құрылғанына 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» ғылыми-практикалық конференциясы (24.09.2009).



