2007 ж.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі 2007 жылдан «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналын шығара бастады.
Журнал «Тәуелсіз мемлекеттің дамуы мен қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми жобасының аясында шығарылады.
Журналдың негізгі тақырыптық бағыты: Тәуелсіз мемлекеттің дамуы мен қалыптасуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыстары (экспонаттар, құжаттар, көрмелер және т.б.).
Басылым тілі: қазақ, орыс. Мерзімдік басылым: жылына 4 рет (тоқсандық).
Астана күні қарсаңында, 2007 жылдың 5 шілдесінде, «Мирас» журналының алғашқы нөмірінің тұсаукесері өтті. Журналдың республикаға таралуын «Ақ Орда Республикалық қозғалысы» Қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды.







