2011 ж.

«Қазақстан және әлемдік қауымдастық» көрмесі

       2011 жылдың 28 қазанында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған еліміз Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылу рәсімі болды.
      Көрменің ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары А. Керімов, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К. Ақтаева, облыстың мемлекет және қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтары, мәдениет және өнер ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.
      Көрменің мақсаты Қазақстанның қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін, егемендікке қол жеткізген кезеңдегі жетістіктерімізді тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі тұрғысынан көрсету болып табылады.
      Көрмеге қойылған 30 мемлекеттің 209 экспонаты Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде танудың айғағы болып табылады және сонымен бірге еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген басты табыстарын көрсетеді. Көрменің негізгі мазмұнын Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы және оның Тәуелсіздік жылдарындағы көпбағытты сыртқы саясатын айшықтайтын Елбасының Жеке мұрағатынан шығарылған құжаттар мен фотосуреттер, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Жапония, Еуропалық Одақ, Азия-Тынық мұхит аймағы, мұсылман елдері мен ТМД мемлекеттері мемлекет басшылары мен үкіметтері, делегацияларының сыйлықтары ашады. Олардың ішінде: РФ Президенті Д.А. Медведевтен берілген «Орал гауһартастары» кәдесыйы, Великобританияның Ханшайымы Елизавета ІІ-ден табыс етілген үстел сағаты, АҚШ-ң бұрынғы мемлекеттік хатшысы К. Райс табыс еткен тостаған, Түркияның экс-президенті С. Демирелден берілген сәндік құмыра және т.б. Әрбір экспонат – дәуір, халық және оның өнері көрініс тапқан белгісі, ал көрермендерге осы мерейтойлы Тәуелсіздік жылында еліміздің өткен жолын музей экспозициясы арқылы ұғынуға тағы бір мүмкіндік туып отыр.
      Атырау облысының тұрғындары экспозициямен 2011 жылдың 25 қарашасына дейін таныса алады.


«Жасампаздыққа жол тарту» көрмесі

      2011 жылдың 7 қазанында Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған еліміз Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Жасампаздыққа жол тарту» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болды.
      Көрменің ашылу салатанатында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Б. Байсағатов, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі Елбасының Жеке мұрағатының жетекші сарапшысы Ж. Ахметова құттықтау сөз сөйледі.
      Көрменің мақсаты Қазақстанның қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін, егемендікке қол жеткізген кезеңдегі жетістіктерімізді Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі тұрғысынан көрсету болып табылады.
      Көрмеге қойылған 163 экспонат Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде танудың айғағы болып табылады және сонымен бірге еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген басты табыстарын көрсетеді. Көрменің негізгі мазмұнын Н.Ә. Назарбаевтың еңбек, қоғамдық, саяси қызметін, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі және сыртқы саясатын айшықтайтын Елбасының Жеке мұрағатынан шығарылған құжаттар мен фотосуреттер, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Ресей, Үндістан, Жапония, Еуропалық Одақ, Азия-Тынық мұхит аймағы, мұсылман елдері мен ТМД мемлекеттері мемлекет басшылары мен үкіметтері, делегацияларының сыйлықтары ашады. Олардың ішінде: АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтоннан табыс етілген алқа, АҚШ-тың экс-президенті Дж. Буш табыс еткен тостаған, Түркия Президенті А. Гюльдің сәндік тостағандары, РФ Президенті Д.А. Медведевтен берілген қобдиша, жапон және қытай мәдениетінің ерекшеліктерін көрсететін шиыршықталған-суреттер және т.б., сонымен бірге өз еңбектерінде ұлттық көзқарастары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын баяндайтын қазақстандық суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнері шеберлерінің жұмыстары бар.