2014 ж.
23 қыркүйек – 19 қазан 2014 ж.
Жапондық суретші Томоко Хоукёның «Жапонияның сұлулық әлемі» атты жеке көрмесі
Жалпы жапон кескіндемесіне күнделікті тұрмыс пен жылдың төрт мезгілінің өзара тығыз байланысы тән. Жапонияда маусымдық өзгерістер анық байқалады, сондықтан да жапондық суретшілердің басым көпшілігі өз жұмыстарында әдетте, жапон мәдениетінің ерекшелігін көрсететін табиғаттың сұлулығын, әр маусымның гүлдерін, құстардың көріністерін бейнелейді. «Жапонияның сұлулық әлемі» көрмесі суретшінің Қазақстандағы алғашқы көрмесі болып табылды.
25 тамыз – 20 қыркүйек 2014 ж.
Нұрсұлтан Қалиевтің «Ағаштың құдыреті» атты жеке көрмесі
2 шілде – 2 тамыз 2014 ж.
Астананы көшіру туралы идеяның 20-жылдығына және қала Күніне арналған «Ел болашағының бесігі» атты құжаттық көрме.
Көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылды. Осыдан 20 жыл бұрын, 1994 жылдың 6 шілдесінде Н. Ә. Назарбаев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің пленарлық мәжілісіндегі сөйлеген сөзінде, астананы көшіру туралы идеясын парламент мүшелерінің талқысына салған болатын. Бүгінде 6 шілдеде тойланып жүрген қала Күні, шын мәнісінде жалпыхалықтық сүйікті мерекеге айналды. Қазіргі таңда Астана өркендеген Қазақстанның символы ретінде, ірі мәдени, экономикалық, рухани орталыққа айналған. Қала қарқынды даму мен қалыптасудың жауапты кезеңдерінен өтіп, бүгінгі таңда одан әрі жалғасын тауып жатыр. Экспозиция біздің жас астанамыздың алғашқы қадамдарын еске түсіруге және Ел болашағының Бесігі –Астана тарихына қайта үңілуге жәрдемдесті. ҚР Ұлттық мұрағатының бірегей құжаттық жинағы мен ҚР Тұңғыш Президенті мұрағатының қолжазбалары Астана тарихын баяндайтын жағымды өзгерістер кезеңін толықтай түсінуге мүмкіндік берді.
21 мамыр – 30 мамыр 2014 ж.
«Жапон қуыршақтары» көрмесі
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстандағы Жапон Елшілігімен бірлесе отырып, Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған «Жапон қуыршақтары» көрмесі өтті. «Жапон қуыршақтары» көрмесінің жәдігерлері келушілерді көптеген қызықты оқиғаларға тәнті етіп, жапондық мерекелік мәдениеттің таңғажайып, ертегілік әлеміне жол ашты.
Күншығыс еліндегі қуыршақ жасау өнері Дзёмон кезеңінен бастау алады (б.з.д. 10 000 жыл - б.з.д. 300 жыл). Жапон қуыршақтары өзінің әр алуандылығымен, бірегей орындалу әдісімен ерекшеленеді және сан ғасырлар бойы Жапонияның дәстүрлі күнтізбелік мерекелерінде лайықты орын алған. Жапонияда үшінші наурыз күні Хина мацури мерекесі – Қуыршақтар фестивалі немесе Қыздар мерекесі атап өтіледі. Осы күні бүлдіршін қыздары бар отбасыларда ерекше қуыршақтар – «хина нингё» көрмесін ұйымдастырады. Бесінші мамыр күні тойланатын Кодомо-но хи (Балалар күні) – ұл балалар мерекесі де қуыршақтарсыз өтпейді. Жасыл шұғамен жабылған арнайы сөреге гогацу нингё – сауыт-саймандағы самурайларды бейнелейтін қуыршақтар қойылады.
Көрме қонақтары қуыршақтардың көркем сұлулығына баға беріп қана қоймай, жапондықтардың дәстүрлі шай рәсімінің қыр-сырымен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар көрмеде, ҚР Тұңғыш Президенті Музейіндегі балалар бейнелеу студиясы тәрбиеленушілерінің «Жапония Қазақстан балаларының көзімен» атты тақырыпта салған суреттері ұсынылды.
9 мамыр – 30 мамыр 2014 ж.
«Ұлт жауhарлары» антикварлық бұйымдар көрмесі
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Әдемі-Ай» өнер мұражайының коллекциясынан «Ұлт жауҺарлары» атты антикварлық бұйымдар көрмесі өтті. «Әдемі-Ай» өнер мұражайы 2011 жылы белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің бастамасымен ашылған болатын. «Ұлт жауhарлары» көрмесі көпұлтты Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, көпшілікке таратуға бағытталған Музейдің серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Бахаргүл Төлеген өз өмірін қазақтың ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді жинақтап сақтауға арнады. 2010 жылы Бахаргүл Төлеген Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері деген атаққа ие болды. Сол жылы еліміздің 30 танымал әйелдері қатысқан «Қазақстан әйелі - 2010» жобасының жеңімпазы атанды. 2011 жылы ол түркі халықтарының алтын және күміс антикварлық бұйымдарының Қазақстандағы бірден-бір жеке мұражайын ашты. 2013 жылы Бахаргүл Төлеген «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
23 сәуір – 23 мамыр 2014 ж.
7 ақпан – 7 наурыз 2014 ж.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
20 желтоқсан 2013 жыл – 10 наурыз 2014 жыл
«Шығыс өрнектері» қор көрмесі
«Шығыс өрнектері» көрмесі Шығыс елдерінің бай да алуан түрлі мәдениетінің бір қырын ашты. Экспозицияда сәндік-қолданбалы өнердің бірнеше түрінің туындыларын топталған: қолдан кілем тоқу, кестелеу, ыдысты әшекелеу. Көрмедегі экспонаттардың шыққан өңірі батыстағы Жерорта теңізінің жағалауынан бастап шығыстағы Жапон теңізінің жағасына дейінгі кеңістікті қамтыды. «Шығыс өрнектері» көрмесі әрқилы, сонымен қатар біріне-бірі ұқсас Шығыс елдері мәдениетінің ерекше колоритін сезінуге мүмкіндік берді.
27 қараша 2013 ж. – 27 қаңтар 2014 ж.
ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи таңдау. Бастамасы» атты қор көрмесі.
Музейдің Күмбезді залында өткен «Тарихи таңдау. Бастамасы» атты мұрағаттық көрме ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған болатын. Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірлесе отырып, Музейдің «Тарихи таңдау» атты ғылыми-экспозициялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Экспозиция материалдары қоғамның да, жеке азаматтың да тарихи таңдауын анықтаған оқиғалардан басталып, тұлғаның өмірлік жолының бастауы – Н.Ә. Назарбаевтың мектеп жылдарындағы, жасөспірім шағындағы, комсомол, партиялық және мемлекеттік мансабының кезеңдері жайлы дәйекті түрде баяндайды. Елбасының Жеке мұрағатынан ұсынылған әр алуан құжаттардың бірегей жинағы мен бейнехроника Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап, ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентіне дейінгі жүріп өткен жолын еске түсіруге мүмкіндік берді.









