Шолу экскурсиялары
Шолу экскурсиялары Музейді алғаш рет көруге келген және оның тарихы туралы жалпы мәлімет алуға қызығушылық танытқан келушілерге арналған. Шолу экскурсиялары барысында алынған мәліметтердің ақпараттық сипаты бар және ол экспозициялар мен залдарды қамтиды. Шолу экскурсиясының ұзақтығы 50 минут.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2017 жылдың сәуір айында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы» ММ Музейінің ғимаратына 7 354 адам келді. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер, зейнеткерлер, еңбек ардагерлері және астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар тұрғындары мен қонақтарына «Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік», «Суреттерде бейнеленген тағдырлар», «Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар жүргізілді.
ҚР Қарулы күштері Әскери-патриоттық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Музей және Кітапхана экспозициялары бойынша көрсетілім экскурсиялары жүргізілді.
Музей экспозицияларымен Бішкек қалалық кеңесінің төрағасы Қ.Б. Мұзұралиев, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» ҚБ», Украина елшілігінің қызметкерлері, Петриков өрнегінің шебері Г. Назаренко, Астана қ. ІІД қызметкерлері, «Астана ЭКСПО-2017» ІІІ Халықаралық туристік конференция қатысушылары, ҚХР Туризм жөніндегі мемлекеттік басқармасының Мәскеу қ. өкілдігінің қызметкерлері, сонымен қатар РФ, Чили, Португалия, ҚХР, АҚШ, Сингапурдан келген туристер танысты. Қонақтар Музейден алған әсерлері мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|
2017 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейіне 6 411 адам келді. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп, лицейлер оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер және Наурыз мерекесіне орай астанамызға Қазақстанның әр өңірінен, сонымен қатар алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, сонымен қатар тұрғындары мен қонақтарына «Қазақстан және БҰҰ: бейбітшілік үшін әріптестік», «Олимпиадалық қозғалыс», «Art Sapar I/Astana» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.
Музей экспозицияларымен: ҚР Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен өткен «Әлеуметтік әріптестік және кәсіподақтардың тұтқалы рөлі» семинарына қатысушы – Алматы облысының білім саласы мамандары; ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ қызметкерлері; Олимпиада чемпиондары: Ж.Үшкемпіров, Б.Артаев, Г.Манюрова; ҚР ҰОК Бас хатшысы Д.Р. Абылғазин; ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Н. Ашықбаев; Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстан және Орталық Азиядағы Миссиясының басшысы – Деян Кесерович; Оңтүстік Корея премьер-министрінің орынбасары, Білім министрі Ли Чжун Сик; ҚР ҰОК 25 жылдығына арналған іс-шараға қатысушы – Халықаралық Олимпиада Комитетінің мүшелері, Корей Республикасы Ұлттық Музейінің қызметкерлері; «Король Фейсал қорының» өкілдері; «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының Одағы ҚБ, сонымен қатар Грекия, Сингапур, АҚШ, Франция, Словения, Австралия, Ұлыбритания, ҚХР және Бельгиядан келген туристер танысты.
Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейіне 5 597 адам келді. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, әскери қызметкерлер, зейнеткерлер және Астанаға еліміздің әр аймақтарынан, алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары «Тарихи таңдау. Стратегиялар» және «Қаралы қаңтар» – Тәуелсіздікке апарар жол» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар тыңдады.
Якутия, Бельгия, Израиль, АҚШ, Франциядан келген туристік топтарға «ҚР Президентінің Астана қаласындағы алғашқы резиденциясы» экскурсиялық туры өткізілді.
Музей экспозицияларымен: Қытай Халық Республикасы Халық Өкілдері Бүкілқытай жиналысының (ХӨБЖ) Тұрақты комитеті Бас хатшысының орынбасары Шэнь Чуньяо; ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары: аудандық сот төрағалары; Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің қызметкерлері; «Арман Тур» халықаралық туристік агенттігі жанындағы «Гид-аудармашылар, экскурсия жүргізушілер мектебінің» курс тыңдаушылары; «Рождестволық ертегі» халықаралық фестивалінің би ұжымдары (ТМД), сонымен қатар Беларусь, Ресей Федерациясы, Сингапур, Үндістан, Эстония, Италиядан келген туристер танысты.
Қонақтар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін пікір-тілек кітабына қалдырды.
|
|
|
|
|
|
|
|



