2007 ж.

2007 ж.

• «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі» кітап-альбомы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).
• «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағынан қару-жарақ коллекциясы» буклеті (қазақ, орыс тілдерінде).
• «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жинағынан Бронислав Залесскийдің жұмыстары» альбомы (қазақ, орыс тілдерінде).

• «2005-2006 оқу жылы. Музей сабақтары» (қазақ және орыс тілдерінде).
     «Музей сабақтары жинағына» сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, Қазақстан тарихы бойынша 5-11 сыныптарға арналған бағдарлама жобалары енгізілген. Көмекші құрал педагог пен оқушы қызметі нәтижесінің тиімділігін қамтамасыз ететін сынақтан өткен және нақты тұжырымдалған әдістермен таныстырады.
• «Туған жерім - 2006» жинағы (қазақ және орыс тілдерінде).
   Жинаққа «Туған жерім - 2006» әдеби-шығармашылық және кескіндеме Республикалық балалар конкурсының қорытындысы бойынша ең үздік әдеби шығармалар мен суреттер енгізілген. Жинақ қалың оқырманға арналған, балалардың шығармашылық қасиетін дамытуға, өнегелі құндылықтарды насихаттауға, қазақстандық отансүйгіштік пен азаматтыққа тәрбилеуге әсері мол.
• «2006-2007 оқу жылы. Музей сабақтары жинағы» (қазақ және орыс тілдерінде).
   «Музей сабақтары жинағына» сабақтар, сыныптан тыс мерекелік шаралар енгізілді. Жинақта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музей ісі, мемлекеттік құрылымдар мен білім беру мекемелерінің қазақстандық отансүйгіштікті, азаматтықты, тарихи зерде тәрбиесін қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибелері жинақталған.
• Тарихтағы тұлғаның рөлі. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары, Астана қаласы, 2007 жыл 22 қазан / М.Б. Касымбеков, С.Ш. Аязбекованың ғылыми жетекшілігімен.
    Мұнда посткеңестік кеңістіктегі елдердің белсенді адам факторының әлеуметтік прогрестегі маңызы мен орнын, халықтардың тарихи тәжірибесіне ықпал еткен ұлттық лидерлердің рөлін ғылыми және теориялық-методологиялық тұрғыдан зерделеу жөніндегі тәжірибелері жинақталған.
    Тұлға проблемасына әр алуан ғылыми көзқарас дегеніміз – оның тарихтағы рөлінің көп қырлылығы мен бірегейлігін түсінуге, тарихи оқиғаларды, дәуірдің ерекшеліктерін сезінуге тырысу.
      Конференцияға мемлекеттік органдардың, елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындары мен музейлердің өкілдері қатысты.