2015 ж.

     2015 жылдың 28 тамызында Білім күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде № 48 мектеп-лицейдің бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндері үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым» мерекелік сабағы өткізілді.

       Міне, 20 жылдан аса уақыт бойы тәуелсіз Қазақстан өз Конституциясының құқықтық нормаларына сүйене отырып, тұрақты түрде дамып келеді. Еліміздің Негізгі Заңы – ұлттық-мемлекеттік дамудың іргетасы болған ерекше тарихи маңызы бар құжат. Бұл ұзақ жылдар бойғы ұжымдық жұмыстың нәтижесі, оның басында айналасына миллиондаған қазақстандықтарды жұмылдыра білген және Конституцияның жобасын жасауда идеялардың генераторы болған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев болды.
    Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтары – № 48 мектеп-лицейдің болашақ бірінші сынып оқушылары мұражай өлкесіне саяхат шеге отырып, Ата Заңымыздың құрылу тарихымен танысты, Конституцияда бекітілген өз құқықтары мен міндеттерін білді. Бүлдіршіндер өзін-өзі тану элементтері арқылы  Отан, ана тілі, еркіндік, мемлекеттің тарихы мен дәстүрі сияқты ұғымдар туралы өз білімдерімен бөлісті.
    Ұйымдастырылып отырған мереке барысында балалар ойын элементтері арқылы «Мен – Қазақстан азаматымын» бөлімінде жаттығулар орындап, өз топтарымен сурет салып жобалар қорғады. Ата-аналар да музей педагогтарының мектеп мұғалімімен бірлесе дайындаған арнайы жаттығуларына қатысты.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде өткен сабақтан естелік ретінде ұйымдастырушылар балаларға арнайы сыйлықтар ұсынды. 

     2015 жылдың 2 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Бала және мәдениет» жобасының аясында «Астана – бас қала» музейлік балалар мерекесі өткізілді. 
 
 
     Елорда күніне арналған балалар мерекесін өткізу Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Астана қ. Білім басқармасының мектепке дейінгі мекемелерімен арадағы жемісті ынтымақтастығының нәтижесі және игі дәстүрге айналған шара болып табылады. Ағымдағы жылы бұл мерекеге № 35 «Ертегі» мектепке дейінгі гимназиясы сәбилер балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Шара барысында бүлдіршіндер музыкалық және би нөмірлерін орындап, ойын тренингтеріне қатысты.
 
 

     Балалардың сыңғырлаған дауыстары мен шат күлкісіне, қуанышқа толы мереке Астананың туған күніне тарту етілді.

 

      Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылар тосынсыйлар мен сыйлықтар ұсынды.