2013 ж.

        2013 ж. 24 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде білім беру бағдарламасының аясында республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, «Жастардың бойында лидерлік қасиеттерді дамыту» элективті курсының тыңдаушылары – №№ 35, 56 мектеп-лицейлерінің 10 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Әбенов Мұрат Абдуламитұлымен кездесу өткізілді.
         Іс-шараға Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері, білім мекемелерінің жетекшілері қатысты.
 

 
Музей білім беру қызметінде жоғары өнегелік құндылықтарға бағытталған қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына белсенді қатысуға қабілетті интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу міндетін алға қойған.
            Білімді дамытуды жетілдірудің маңызды басымдығы тұлғаның лидерлік қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту мәселелері болып табылады.
         Кездесу қатысушылары – болашақ лидерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі, Қазақстан Парламенті Мәжілісі IV–V шақырылымдарының депутаты, өз еңбек жолын информатика мен есептеу техникасының мұғалімінен бастаған «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әбенов Мұрат Абдуламитұлымен жанды диалогқа қатысуға мүмкіндік алды. Кездесу ашық әрі тағлым аларлықтай болды. Лидерге тән қасиеттерді айта келе, құрметті қонақ лидердің тәуелді бола білу керек екендігін, қазіргі ұрпақта зор көшбасшылық әлеует бар екендігін әңгімелей келе, өзіңнің күшіңді мәдениетте, халық дәстүрімен сабақтастықта жұмсау қажет екендігі айтылды. «Педагогикалық тәжірибеңізде оқушылардың сабағыңызға қызығушылығын тудыру үшін қандай әдіс қолдандыңыз» деген сауалға  қонақ ойын-тренинг өткізу арқылы ерекше жауап берді. Мұндай стандартты емес шешім қатысушылардың диалогқа белсенді қатысу тілегін арттырды.
 

      Ыстық лебіздегі кездесуге № 2 балалар музыка мектебі «Балдаурен» домбыра ансамблінің шашуы ерекше әсер берді.


      Тоғызыншы мамыр – біздің өміріміздегі қасиетті дата. 2013 жылдың 3 мамырында Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде қоғамдық пәндердің ұстаздарын аттестациялау бойынша эксперименталды алаңның аясында «Қазақстандықтар – Ұлы Отан соғысының қаһармандары» атты музейлік кездесу сабағы өткізілді. Сабақ Музей педагогикасы орталығының жетекшілігімен № 3, 22 мектеп-гимназияларының оқушылары үшін аттестациядан өтетін № 22 мектеп-гимназиясының тарих пәні ұстазы О.Н. Москаленкомен бірлесіп өткізілді.

      «Отанымызды қалай қорғау екендігін есте сақтайтын болсақ, біздің болашағымыз зор болады» – деп, өз сөзінде Н.Ә. Назарбаев айтқан болатын. Жас ұрпақ Отанды қалай қорғау екендігін 1941 жылдың 22 маусымында ел тыныштығын қорғауға аттанған отан қорғаушылардан тәлім алады. Сабаққа Ұлы Отан соғысының ардагері А.Н. Куропятник шақырылды. Құрметті қонақ-ардагермен кездесу жылы лебізге толы өтті. Әрбір оқушы «жанды дәлізге» қатыса отырып, Анатолий Никифоровичке гүл ұсынды.

      Куропятник Анатолий Никифорович жасөспірім кезінен бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Кездесу барысында ол өзінің майдандық өмірінен қызықты оқиғаларды айтып берді. 1944 жылдың наурыз айынан бастап, Анатолий Никифорович 16 жасынан байланысшы-телефонист болып жұмыс істей отырып, ересектермен қатар әскерлік өмірдің барлық ауыртпашылығын көреді. 1944 жылдың тамызында неміс артиллериясының шабуылынан полк байланысы бұзылғандықтан, ол өзінің басына төнген қауіпке қарамастан, жаңа желіні іске қосады және өзінің майдандас жолдастарының өмірін қорғап қалады. Байланысты қалпына келтіру мен қолдау бойынша епті іс-қимылы үшін қаһарман-ардагер алғашқы әскери наградасы – «Ерлігі үшін» медалімен, кейінірек 2-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған.
      Ардагердің бойынан майданнан шыныққаны сезіліп тұр. Анатолий Никифорович қартайған жасына қарамастан, әлі күнге дейін белсенділердің қатарында. Оның білімі мен біліктілігі жастар үшін үлгі болып табылады.
      Бейбіт жылдардағы өзінің жеке табыстарын айта келе, құрметті қонақ қол жеткізген жетістіктері үздіксіз алған білімнің нәтижесі екендігін атап өтті. Кездесудің оқушы-қатысушылары өз сөздерінде елдің даңқты тарихы үшін өздерін мақтан сезінетіндіктерін білдірді.
      Кездесуден естелік ретінде қонаққа сыйлықтар табыс етілді.


      2013 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде елордалық мектептердің қоғамдық пәндер ұстаздарына «EXPO-2017 көрмесін дайындау мен өткізу жөніндегі дирекция» директорының орынбасары Б.Б. Жансейітовпен кездесу ұйымдастырылды.
      Музей қызметкерлерінің «EXPO-2017 Астанада» көрме тақырыбын таңдауы қазірде өзектірек. Жаһандық көрмені өзіміздің елімізде қабылдау құқығына ие болу Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың отандастарына жолдаған бейнеүндеуінде: «Астананың күшті бәсеке күресінде жеңіске жетуі кездейсоқтық емес. Біріншіден, біздің елорданы халықаралық деңгейдегі оқиғаны лайықты қабылдау орталығы ретінде мойындау. Қазақстанды таңдау еліміздің табыстылығына жоғары баға беру», – деп атап өтті.

      Кездесу барысында Б.Б. Жансейітов EXPO-ның тарихы мен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік көрмелерге қатысуы туралы әңгімелеп берді. Қазақстанның туы алғашқы рет Лиссабонда өткен «EXPO-1998» көтерілді. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Сарагостағы EXPO павильонының ішкі және сыртқы рәсімделуі үшін Қола наградаға ие болды.
     Ресми бөлімнен кейін кездесу белсенді диалогқа ұласты. Кездесу қатысушылары қызықтыратын сұрақтарына жауап алды: «EXPO-2017» мақсаты қандай, «EXPO-2017» өткізу барысында республика үшін негізгі басымдықтары мен салдары қандай болмақ, «EXPO-2017» жай қазақстандық үшін нені білдіреді, елдің арнайы көрмені өткізуге дайындығы қалай, «EXPO-2017» көрме орталығының инфраструктурасы және т.б.
    Республиканың «Болашақ энергиясы» тақырыбы отандық экономиканың дамуында баламалы энергетика, жаңа технологиялардың трансферты саласында жаңа белестерді ашуға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушылар өндірістегі қайта жаңарған энергияны тәжірибеде қолдану туралы ғылыми жобалардың байқауын өткізді. Кездесу барысында үздік деп танылған жобалар тыңдалды және «Трамвай-2017: мен оны қалай елестетемін» тақырыбы бойынша суреттерге байқаудың қорытындысы шығарылды.

      Кездесу қатысушылары – Астана қ. Білім басқарамасының қызметкерлері, тарих мұғалімдері, Астана қ. жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары, «Болашақ энергиясы» ғылыми жобаларының оқушы-авторлары ерекше оқиғаны дайындау мен өткізу бойынша мәселелеріне қатысты өздерін толғандыратын сауалдарға білікті жауап алғандары үшін қонаққа зор алғыстарын білдірді.