Тақырыптық

3-13 сәуір 2017 ж.

«Петриков жазуы – адамзаттың  материалдық емес мәдени мұрасы»

Галины Назаренконың шеберлік-сыныбының топтамасы және жеке көрмесі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Музейінің ғимаратында украин суретшісі, Украинаның Ұлттық суретшілер одағының мүшесі, Морестен қаласының (2013, Франция) заманауи өнер Ассоциациясының мүшесі Назаренко Галина Алексеевнаның «Петриков жазуы – адамзаттың  материалдық емес мәдени мұрасы» атты шеберлік-сыныбының топтамасы және жеке көрмесі өтті.

Көрме музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Украинаның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

2013 жылы 5 желтоқсанында Петриков жазуы ЮНЕСКО-дағы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы бойынша Репрезентативтік тізіміне енгізілді.

Шебелік-сыныптар барысында Галина Назаренко петриков жазуының шығу тарихымен, оның орындалу техникасын және украин халқының мәдени өмірінде алатын орнымен таныстырды: «Петриков жазуы – бұл мен үшін украин халқының ұлттық өнерін насихаттауға бағытталған өмірімнің бір бөлігі. Кез келген халықтың мәдениеті мен тілі ұмытылса ұлт жойылады. Тіл және мәдениет – бұл әр ұлттың болашағын айқындайтын негізгі екі басымдық. Туысқандарымның қолдауының арқасында мен көп саяхаттап, ел аралап әлемнің әр елдерінде украин халқының өнерін насихаттаймын.

Бірегей әрі ерекше петриков жазуы өнері запорожье казактарының ортасынан шыққан, бұл «украин бароккосы». Біздің аймақ ешқашан крепостнойлық құқықты білмеген, адамдар азат әрі ерікті өмір сүрген. Әрқашан өздерін және өздерінің үйлерін көрсетуге тырысқан. «Петриков чапорушкалары» XVΙΙΙ ғасырдан белгілі. «Чапорушки» украиннің «причепурити» сөзінен аударғанда - әсемдеу деген мағынаны білдіреді. Ол бірінші кезекте пешті әсемдеуге арналған. Пасха, Рождество сынды мейрамдарда пешті ақтап, әр түрлі өрнектер салынатын. Кейін өрнектер сандықтарға салына бастады. Уақыт өте келе үйге, киімдерге, ыдыс-аяққа және т.б. өрнектер салынды. Мысалға, ерекше әдіспен нанға арналған ағаш табақшалар безендірілетін - оларда екі крест бейнеленетін. Төрт бұрышты крест ер адамды, ал жартылай домалақ крест әйел адамның қуатын көрсететін. Олар кәдесый ретінде қабырғаға ілінетін және кеңістікті айқыштайтын.

 

Петриков жазуларының ерекшелігі – ашық, таза түстердің қолданылуында. Петриков жазулары – жанұяны, бақытты, сұлулықты, аналық сезімдерді көрсететін позитивті сюжеттерге толы. Петриков жазуларының сюжеттері әр түрлі: табиғи көріністер, олардың қатарында қораздардың, көкектердің, бүргендердің және т.б. суреттері бар. Барлығы суретшінің талғамына байланысты. Петриков жазуларының тағы бір маңызды ерекшелігі, оның саусақтармен немесе мысықтық жүнінен жасалған қылқаламмен салынуында». 


 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы директорының орынбасары Күляйша Ақтаева көрменің ашылуындағы өзінің алғы сөзінде: «Бүгін біз дүниежүзінің мәдени мұрасының үлгісіне арналған көрмемізді ашудамыз. Адамзаттың мәдени мұрасының байлығы мен алуантүрлілігі халықтар арасындағы сұхбаттың негізі болып табылады. Өзге халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрыптарын білу өзара татулықтың және сыйластықтың негізі. ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының «Мәденит арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында ұйымдастырылған іс-шаралар осының айқын белгісі.

Петриков жазуы сынды халықтық сәндік-қолданбалы өнер жайлы айтқанда бірден Украинаның бейнесі елестейді. Өкінішке орай көрме жылжымалы болғандықтан оның экспозицияда орналасу уақыты аз болды. Бізден кейін көрме Австрияға барады. Бірақ біз шеберлік-сыныптарын ұйымдастырамыз». 

Петриков жазуы сынды халықтық сәндік-қолданбалы өнер жайлы айтқанда бірден Украинаның бейнесі елестейді. Өкінішке орай көрме жылжымалы болғандықтан оның экспозицияда орналасу уақыты аз болды. Бізден кейін көрме Австрияға барады. Бірақ біз шеберлік-сыныптарын ұйымдастырамыз».

Украина істері жөнінде Қазақстан Республикасындағы Уақытша өкілі Владимир Джиджора  көрменің ашылуындағы сөзінде: «Петриковка ауылы 1772 жылы қазіргі Днепропетровск облысында негізі қаланған болатын. Алғашқы жұмыстар 1860 жылдан бастап белгілі болды. Петриков жазуының алғашқы академиялық көрмесі 1913 жылы Петербургте ашылды. Петриков жазуы өнері христиандық кезеңге дейін көктемде тойланатын жаңа жылмен байланысты болды. Бұл қазіргі уақытқа дейін сақталған ежелгі әрі бірегей техника. Айта кететін бір жайт, Назаренко Галина әр түрлі арт-жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады. Өздерінің өнеріне көпшіліктің назарын аудару мақсатында петриков жазуының шеберлері көлемі 120 метрден асатын кенепке өрнектер салды. Бұл қолмен салынған әлемдегі жалғыз туынды. Сонымен қатар, Назаренко Галина Киевтегі шіркеуді өрнектерін қолмен салған болатын. 

Көрменің және шеберлік-сыныптарын өткізуге бастама болған Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің 3-і хатшысы Ирина Блащук үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізді: «Бұл көрмені ұйымдастыру идеясы былтырғы жылы туындаған болатын. Үйден алыс жүргенде әрқашан Отаның еске түседі. Қазақстандағы достарыңды өз еліңнің мәдениетімен таныстырғың келеді. Галина Алексеевнаға үлкен рахмет. Ол жоспардағы халықаралық көрмелердің тығыз кестесіне қарамастан, Пекин мен Вена арасында көрменің Астанаға келуіне септігін тигізді. Бұл біздің Қазақстандағы соңғы көрмеміз емес деп үміттенеміз.

Менің ойымша шеберлік-сыныптары көркемөнер мектептерінің оқушыларына қызықты болуы тиіс. Олар петриков жазуы өнерін үйреніп қана қоймай сонымен қатар, оны өздерінің шығармашылықтарында пайдаланады деп үміттенемін. Мүмкін осы шеберлік-сыныптары олардың болашақ шығармашылықтарында өшпестей із қалдырып, олардың өнерлері петриков жазулары сында жарқын әрі позитивке толы болуына сенемін.

Ирина блащук экспозицияда орналасқан әр жәдігердің мағынасын түсіндіріп өтті: «Украинада сүлгі үлкен символикалық маңызға ие: бала туу, шоқындыру, той, жерлеу және т.б. адам өміріндегі маңызды оқиғалар сүлгісіз өтпейді. Әр отбасында нақты бір сүлгімен белгілі бір оқиға байланысты. Сүлгілер ұрпақтан ұрпақа беріліп отырады. Сүлгілердің өрнектелуіне үлкен назар аударылады. Тоқылған әр өрнектің өзіндік мағынасы болады. Мысалға бүрген өсімдігі – әйел адамның нәзіктігін, ал емен ағашы ер адамға тән мықтылықты білдіреді, ал иіреленген сызықтар шексіздіктің белгісі.

Петриков жазуы алғашқы рет украиналық үйдің ақ қабырғасына және украин халқының үй жиһаздары мен музыкалық аспаптарының арасында салынды. Үй иесі өсімдіктердің майына жұмыртқаның сарыуызын қосып осы табиғи бояулармен үйдің ішкі және сыртқы бөлігіне сурет салған. Бұл суреттер ұзақ уақытқа есептелмеген болатын. Уақыт өте келе, жылына бір рет барлық бояулар өшіріліп олардың орнына басқа суреттер салынатын. Бұл адамның өзінің ішкі жандүниесін жаңартуға және қоршаған ортасының өзгерту қажеттілігіне сай болатын. Әр әйел  үйінің ішкі бөлігін өз мүмкіндігінше, яғни әлемге өзінің талғамын, ынтызарлығын, руханилығын оның үстіне әрқайсысы мұны өзінің көршісінен ерекше жасауға талаптанатын болған. 

Петриков өнерінің негізінде, туған табиғатты бейне бір қабылдаушылық, украин жеріне деген сүйіспеншілік жатыр. Жазуларда бейнеленген бірде-бір қолданыстағы қайталанбайтын түрлер, суретшіні қоршаған өсімдіктер Петриков кескіндемесінің классикалық элементтері болып табылады. Өрнектердің мотиві, ашық та қанық реңді басымдығын беріп қана қоймайды, оның ғажайып шығармашылық идеялар тұтастығына да назар аудартады. Ал бір қарағанда суреттің қарапайымдылығы соншалық оның астарында, суретшінің қаншалықты өте ұсақ бөлшектерді бейнелеген тынымсыз еңбегі мен ұзақ тер төккен жұмысының шындығы  жатыр. Әлбетте, және дәл солай ғажайып нәрсе дүниеге келуі де тиіс, өйткені ол  көзімен ғана емес, жан-жүрегімен қабылдауы. Көркем жазудың негізгі ерекшелігі, дала гүлдері, шәңгіш бұтақтары, пиондар, ақкекірелер болып табылады.

XIX ғасырдың басында  петриков жазуына деген құштарлық үй жабдықтарында ыдыс-аяқта, сандықтарда, көк арбаларда кеңінен қолданылды. Мұндай әшекейге деген қажеттілік, өздерінің қолынан шыққан осыған ұқсас заттарын базарға шығарып жүрген бүтін бір отбасының айналысуына себеп болған.   Ал ол уақытта Петриков деген ірі сауда орталығы болатын, ауылдық суретшілердің жұмыстары Украинаның басқа өңірлерінде танымалдығымен көңілден шығып жатқан кезі.

Петриков жазуы 50-шы жылдардың аяғында қалай қалыптасты, ол кезде «Вільна селянка» (одан кейін фабрикасы «Достық») көркем-кәсіпшілік артелі жанынан, кестеленген бұйымдар шығарудан маманданған, кәдесыйлар шығаратын цех ұйымдастырылған болатын. Үзбей жұмыс істей бастаған халық кәсіпшілігін белгілі бір үлгіде бекіткеннен кейін, оның шектеусіз таратылымын арттырды.

1991 ж. «Петриков» атты халықтық өнер орталығы пайда болды, ол  халық шеберлерінің меншігіндегі, Украинадағы алғашқы кәсіпорын еді.

Экспозицияға ұсынылған жұмыстардың авторы Галина Назаренко 1968 жылы 18 қарашада Днепропетровск облысының Петриков ауылында дүниеге келген.          Т. Я. Пати атындағы Петриков балалар көркемсурет мектебі мен Миргородтық керамикалық техникумын бітірген. Қазіргі таңда, Галина Алексеевна қазіргі заманғы танымал петриковтық шеберлердің бірі болып табылады.  Қоржынында бірнеше ондаған көрмелер бар: оның ішінде 30 –дан аса жеке, әлемнің көптеген елдерінде – Украинада, Францияда, Болгарияда, АҚШ-та, Канадада, Қытайда, Грузияда, Беларусияда, Кувейтте, Өзбекстанда,  Түркменстанда, Испанияда, Грецияда, Нидерландыда, сонымен қатар үш шіркеудің интерьерін бейнелеуге қатысқан: Қасиетті Юрий (Киев, 2011), Шевченково ауылындағы Покров шіркеуі (Киев обл., 2014), Әулие Трапез (2015) және Париждегі Украин мәдени орталығы (Франция, 2012).
 
Көрме экспозициясында автордың 50-ден астам жұмысы ұсынылды,  олардың әрқайсысы аңызға айналған аға буын шеберлерінің болмысы мен сабақтастығының ең жақсы дәстүр жалғастығын бейнеледі. Галина Назаренконың әрбір туындысы –бұл туған өлкеге деген сұлулық әуенін жеткізу мен мерекені сезіну.


29 наурыз - 10 сәуір 2017 ж.

Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің қорынан ұйымдастырылған «Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында кітапхананың «Ұлттық игілік» музейаралық көрме жобасының аясында Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің 25 жылдығына арналған «Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесі өтті. 

Кезінде, 2008 жылы дәл осы Атырау облысының музейлері (ол кезде ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің) «Алға ұмтылған Қазақстан» ауқымды жобаны бастап берді. 2011 жылы Атырауда Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан көрме ұсынылған болатын. Міне, атыраулық әріптестерге мерейтойлық жылы, жемісті серіктестіктің нәтижесінде Астанада бірегей оқиғалардың біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директорының орынбасары Күляйша Ақтаева көрменің ашылу салтанатындағы сөзінде:

«Алға ұмтылған Қазақстан» жобасы»  елорда тұрғындары мен қала қонақтарын Қазақстанның аймақтарының тарихымен, этнологиясымен және мәдениетімен таныстыруға бағытталды. Жоба аясында 12 облыстың музей жинақтарынан көрмелер өткізілді. Бұл жобаның іске асырылуы облыстық тарихи-өлкетану музейлермен серіктестік қарым-қатынастарды жаңа деңгейге шығарды. Музей қонақтарының тарапынан Атырау облысының музей қорларынан жинақталған, аймақтың тарихи-мәдени мұрасын ұсынған «Жайық жағалауы сыр шертеді» көрмесі үлкен қызығушылық туғызды. Осы ұйымдастырылған көрме де атыраулық суретшілер мен мүсіншілердің мәдени әлемімен таныстырды.  

Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің директоры Төлеген Орынбасарұлы музейдің алдағы жоспарларымен таныстырды: «Біздің музейіміз үшін ағымдағы жыл мерейтойлық болып табылады. Музейіміздің 25-жылдығын және Ш. Сариевтің 80-жылдығын біз бірқатар іс-шаралармен атап өтуді жөн көрдік. Бұл көрме – алғашқы мерейтойлық іс-шара. Сонымен қатар, халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция ұйымдастырылады. және Ш. Сариевтің жеке көрмесі өтті.  

25 жылда біз шағын сурет галереясынан танымал өнер музейі деңгейіне дейін  жеттік. Біздің алғашқы көрмелеріміздің мақсаты музейді таныстыруға, Атырау облысындағы осындай мәдени ошақ бар екендігін түсіндіруге бағытталған болатын. Қазіргі көрме есептік деп айтуымызға болады, себебі, үш жылда атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді». 

Көрменің құрметті қонақтарының қатарында Ш. Сариевтің жұбайы –                     Ш. Сариев атындағы Қор директоры, педагогикалық ғылымдардың докторы, профессор Күлпаш Сариева болды. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында К. Сариева өзінің жұбайының шығармашылық жолы, өмірбаяны және Ш. Сариев атындағы Қордың қызметі жайлы баяндады: «Ш. Сариев өз Отанының нағыз патриоты еді. Және де Қордың қызметі қазақ халқының материалдық және рухани байлығын насихаттауға бағытталған. Біз «Әдіскер», «Елтану», «Суретті қазақ тілі», «Қазақ тілі өлкетану», «Кәсіптік қазақ тілі» және т.б журналдар сериясын шығарамыз.

Ш. Сариев ерекше ойлау қабілетімен ерекшеленетін өте дарында тұлға болатын. Қазір біз оның оның өлеңдер жинағын басылымға дайындау үстіндеміз. Суреттерде ашылмаған тақырыптар оның өлеңдерінде көрініс тапқан. Оның өлеңдері өзінің ерекшелішімен танымал. Суретші өзінің кейбір өлеңдерін өзінің бала кездегі досы Ф. Оңғарсыноваға арнаған.  Сонымен қатар, ол өнер трактаттарын жазған Қазақстандағы жалғыз суретші».

Көрмеде Шаймардан Сариев, Жоламан Аралбаев, Қамбарбек Аманов, Рафаэль Слекенов, Исім Арыстанов сынды және басқа да атыраулық суретшілердің жұмыстары көрермен назарына ұсынылды. Көрменің кескіндемелік жұмыстар топтамасы ерекше дарын иелерінің ой ұшқырлықтары мен асқан шеберліктерінен туындаған: портрет, пейзаж, натюрморт сынды кеңінен тараған жанрларда орындалған. Барлық авторларға тән ортақ ұқсастық –табиғи және заттық әлемнің әсемдігі мен құпия сырларын ашуға деген қызығушылық, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін білдіреді. 

Кескіндемелік жұмыстарында кейбір суретшілер  бейнелеу өнерінің тың бағыттарына құлаш ұрса, өзгелері дәстүрлі бағытты қайта жасауға талпынады. Ал кейбір туындыларда элегиялық мұң басым болса, кейбірінде суретшілер әдеттегі қарапайым зат арқылы өз ойларын көрерменге жеткізеді. Кескіндеген бейнелері арқылы өздерінің ішкі рухани байлығын, көңіл-күйлерін көрсетуге тырысады.

Қамбарбек Аманов, Қабдол Досниязов туындылары табиғат пен адам арасындағы үндестікті, жеке авторлық ұстанымы мен жан дүниесін айқын көрсетеді.  Аспан, су, жер - қолданыстағы оқшау және бөлінбеген, бейнелер тұтас және аяқталған нәрсе ретінде беріледі. Композициялардың барлық компоненттері біріктірілген  және пейзаждың барлық бөліктері өзінің көңіл-күйінен хабар береді. Шаймардан  Сариевтің қылқаламына, өте бірегей және қайталанбас сары-қоңыр бояулар реңі тән.

Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің экскурсиялық бөлім меңгерушісі Зәуреш Нұрпейісова БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Әр музей – бұл бірінші кезекте қор. Сондықтан біз Астанаға өзіміздің қорымыздағы ең жақсы жәдігерлерді әкелдік. Бұл жәдігерлер біздің өнер майталманы, алпысыншы жылдардың шығармашыл толқынының жарқын өкілі Шаймардан Сариевтің туындылары. Шаймардан Сариевтің бейнелеу өнердегі алғашқы қадамдарынан-ақ оның ерекше талант пен дарын иесі екендігі белгілі болды. Әсірісе оның 60-шы жылдардағы ұлттық нақышқа толы кескіндемелік жұмыстары көрермен тарапынан өлкен қызығушылық туғызды. Сол кезеңде суретшінің өзі айтқандай: «Мен суреттерді қазақи тұрғыда пайдаланамын». Сонымен қатар, көрмеде Ш. Сариевтің ізін қуған жас суретшілердің жұмыстары ұсынылды. Осындай көрмелердің өткізілуі – тек музейлер арасындағы серіктестік емес, сонымен қатар білім, әдіснама және тәжрибе алмасу». 

 

Жалпы алғанда, көрме Атырау облысының қазіргі заманғы суретшілері мен қолөнершілер шығармашылығының  өзіндік әлдебір бөлігін ғана көрсетті. Барлық авторлардың, көрмее ұсынылған туындылары, қалыптасқан авторлық жазумен, күрделі және суретшінің өзіне ғана тән қайталанбас қолтаңбасы болып табылады.  


 

24 қараша 2016 ж. 29 қаңтар 2017 ж.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тарихи таңдау. Стратегиялар» қор көрмесі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Музейінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы болып табылатын «Тарихи таңдау. Стратегиялар» тақырыптық қор көрмесі өтті. Аталмыш көрме маңыздылығы жағынан мерейтойлық күндерді атап өтуге арналған ең басты іс-шаралар топтамасы болып табылады. Ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралардың Республикалық жоспар-кестесіне енгізілген.

Көрменің негізгі мақсаты – мұрағаттық және музейлік материалдар негізінде тәуелсіздік идеясын және оның мемлекеттік егемендік жағдайындағы жүзеге асуын жүйелі түрде ашып көрсету.

Экспозиция Қазақстанның жаңа астанасын жариялаған орын ретінде Астана тарихына енген Күмбезді залда орналасқан. Көрме келесідей негізгі бөлімдерден тұрады: «Тәуелсіздік жаршылары», «Тарихи таңдау», «Табыс стратегиясы» және «Болашақ энергиясы».

Әр бөлім Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің негізгі кезеңдерін, оның қалыптасуы мен нығаюын, сондай-ақ, Қазақстанның әлемдік аренадағы жетістіктерін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының, ҚР Президенті Мұрағатының, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының, Қызылорда тарихи-өлкетану музейінің, Солтүстік Қазақстан облыстық музейлер бірлестігінің кітапхана және мұрағат қорларынан алынған тарихи құжаттар, мұрағаттық фото- және бейнематериалдар, газеттік жарияланымдар мен жәдігерлер арқылы кезең-кезеңімен ашып көрсетеді.

«Тарихи таңдау. Стратегиялар» көрмесі Н. Ә. Назарбаевтың мазмұны жағынан әлемдік қауымдастықтар тарапынан мойындалған және бүкіл әлем үшін бүгінгі күні елеулі нәтижелер көрсеткен алғашқы саяси бастамаларымен танысуға мүмкіндік береді.


13-20 қаңтар 2017 ж.

«Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» атты көрме

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музей ғимаратында  «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Әзербайжан елшілігімен  бірлесіп ұйымдастырылған «Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесі өтті.
 
Әзербайжанда  жыл сайын  20 қаңтар қаралы күн ретінде аталып өтіледі. Осыдан 27 жыл бұрын  1990 жылы 19-нан 20-на қараған түнінде КСРО басшылығының нұсқауы бойынша Бакуге әскерлер енгізіліп қарапайым халыққа оқ жаудырды.  Бакуге әскер кіргізер алдында Арменияның  Әзербайжанға қарсы ашық қарулы  агрессиясына,  әзірбайжан жерінде яғни Таулы-Қарабах автономиялы облысында (ТКАО)  заңсыз армян қарулы құрамалардың жүгенсіздігіне байланысты республикалық және орталық кеңес басшылығының әрекетсіздігіне наразылық шерулер өтті. 
 
19 қаңтарда кешке КСРО МҚК  «Альфа» арнайы бөлімшесі  Әзербайжан телеарналарының энергетикалық блогын жарып жіберіп, содан соң халық маңызды  ақпарат алу мүмкіндігінен айырылды. Халық төтенше жағдайдың еңгізілуі жөнінде тек таңертең 20 қаңтарда қаланы Кеңес әскері бөлімдер басып алып, әскери тікұшақтардан лақтырған парақшаларынан хабардар болды.
 
Нәтижесінде, 134 бейбіт тұрғын қаза тапты,  700-ден астам адам жарақат алды. Әскери техника  қарусыз адамдарға қарсы шықпайтынына сеңген бакуліктердің  «жанды бөгеттер» үстімен басып өтті.
Әскер енгізгеннен кейін оппозицияның белсенді мүшелеріне қатысты қуғын басталды. Алайда, бұған қарамастан, 22 қаңтар күні әскери құрбандармен қоштасуға шамамен 1 миллион адам қатысты. Қаза тапқандардың денелері сол күннен бастап  Батырлар аллеясы ретінде белгілі болған Таулы саябағына жаяу жеткізілді. Бұл оқиғалар Әзербайжан тарихына «Қаралы қаңтар» болып енді.
 
Сол қанды оқиғалардың  болғанына көп жыл өтсе де, әзербайжан халқы жантүршігерлік сол бір түнді әрдайым еске алады.  Осылайша 20 қаңтар жалпыхалықтық Аза тұту күні ретінде күнтізбеде мәңгілікке қалды.
 
Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Елшілігі «Қаралы қаңтардың» кезекті жылдығына байланысты 1990 жылы 20 қаңтардағы зардаптарының қоғамдық  фотоиллюстрацияларын ұсынды. Оларда қарусыз халыққа қарсы әскер күшін пайдаланған сәттің қайғылы жағдайы бейнеленген. Сонымен қатар, бұл суреттер - көптеген құрбандардың құнымен ар-намыс пен қадiр-қасиет, бостандық пен Отан ұғымдары  жай ғана сөз емес, әзербайжан халқы рухының жанды куәсі екендігін дәлелдейді.
 
1990 жылғы 20 қаңтардағы қайғылы оқиға КСРО-ның ыдырауына әсер етіп, нәтижесінде Әзербайжан мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізуді қайтымсыз етті.      
 
 
 

 

25 қаңтар – 20 ақпан 2017 ж

Суретші Гүлдана Журкабаеваның «Өзіңе жол табу» атты жеке көрмесі.

Суретші сәндік-қолданбалы өнер шебері Гүлдана Жұрқабаеваның «Өзіңе жол табу» атты жеке көрмесі, «Үкілі үміт» жастар шығармашылығын қолдау бойынша көрме жобасының шеңберінде өтті.

2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақтық көрме жобасының шеңберінде Қостанай облысының музейлері қорынан «Ұлттық мәдениет бесігі» атты көрме ұйымдастырылған еді. Қостанай облысының мүсіншілері, суретшілері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынды, олардың қатарында Гүлдана Жұрқабаева да болды. Гүлдананың жұмыстары тартымдылығымен ерекшеленіп, жұртшылықтың назарын аударды. Содан бері суретшінің 150-ге жуық шығармашылық туындысы дүниеге келіп, алыс-жақын шет мемлекеттерге танымал бола бастады.

Гүлдана Жұрқабаева 1979 жылы 25 қаңтарда Қостанай облысының Жангелді ауылында дүниеге келген. Торғай гуманитарлық колледжін аяқтап, содан соң 2003 жылы Қостанай гуманитарлық институтын «дизайнер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Гүлдана Астана қаласының Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай меценаттары клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты. Г. Жұрқабаеваның жұмыстары көптеген республикалық және шетелдік көрмелерге қатысты. 2016 жылдың 16 желтоқсанында суретші Сан-Марино Республикасында өткен Халықаралық өнер конкурс-фестивалінде бірінші орынды иеленді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ақтаева Күләйша Қабдуәлиқызы көрмені ашқан алғы сөзінде: «Гүлдана Жұрқабаеваның шығармашылық қолтаңбасы өзіндік авторлық ұстанымын үздіксіз іздену үстінде қалыптасқан. Ұлы дала номадтарының нышандар қатарын таңдауы – бояу, тері, былғары секілді бір-біріне сәйкес келмейтін бұйымдарды үйлестіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Гүлдана өз сөзінде: «Өзіңе жол табу» көрмесі бұрынғы көрмелерімнен өзгеше, себебі бұл жолғы жұмысымның көпшілігі майлы бояумен бейнеленген. Осы күнге дейінгі шығармашылық қызметімде алғаш рет ішкі жан-дүниемнің бар алуандығын кенепке салуды ұйғардым. Шындығында, тек қана кенепке бар сырыңды ақтарып, ішкі сезіміңнің бар бояуын толықтай түсіруге болады. Әрбір жұмысым өзім туралы сыр шертеді, жоқ ақиқатты іздеумен өткіземін. Көзделген мақсатқа қарағанда оған апарар жол бәрінен де маңыздырақ. Шығармашылыққа жетелер жасампаз ойлар, таусылмайтын тіршілік, адами қарым-қатынастың арасындағы сезімдердің тұрақсыздығы – осының бәрі менің жұмыстарымда көрініс тауып, автордың монологына айналған.

Қоршаған әлемді басқа жандар секілді көре алмауым (көз ауруына шалдыққанмын) жан-жағыма басқаша қарауыма мүмкіндік береді. Көру шегі мен түстер бейнелерді басқаша жеткізіп, жұмыстарыма бір ерекшелік қосады. Мен үшін өз кемшілігім (күрделі диагноз) әлдеқашан менің өзгелерден артықшылығыма айналып үлгерді», – деді.

«Өзіңе жол табу» көрмесінде суретшінің былғары матаға акрил бояуларымен бейнеленген 40-тан аса жұмыстары ұсынылды. Тотемизм және шаманизм тақырыптары көптеген суретшілерге жақын әрі етене таныс. Суретші тарихтағы ежелгі нышандардың мағынасын өзінше ұғына келе өз шығармашылығына кеңінен қолданады. «Скиф сарындары», «Дала әуені», «Өткен өмір дыбыстары», «Зодиак циклі» атты былғары мен кенепке салынған және басқа да көптеген жұмыстарын автор адамзаттың ежелгі суреттерінің әсерімен орындаған. Шебер былғары мен акрилден басқа әртүрлі сәндік элементтерді, олардың ішінде янтарь тасын, тиындарды, табиғи тастарды, моншақты, түймелерді, құс қауырсынын, жануарлардың сүйектерін кеңінен пайдаланады.

Суретшінің алғашқы жұмыстары орындалу техникасы бойынша сәндік-қолданбалы өнер түріне жатады. Мұнда ежелгі тастарға салынған бейнелер мен нышандар, сюжеттер мен сәйкестіктер табиғи, «жабайы» материалдармен үндестік тапқан. Әртүрлі жануарлар терісінің бөлшектері, ежелгі дүниенің бейнесі ретінде жалпы көріністің бір бөлшегі болып табылатын өңделмеген аң терісі кеңінен қолданылады.

Гүлдана Жұрқабаева – көп жылдық шығармашылығы барысында өзінің ауқымды әрі қайталанбас дарындылығының жаңа қырларын шыңдап келе жатқан өзіндік ерекшелігі бар суретші. Ол алға қойған мақсаттарына жетудегі үлкен табандылығымен, еңбекқорлығымен және де өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленеді. Шебердің жұмыстарында өткен мен бүгіннің арасындағы ғажайып ұқсастықтар қатары ұтымды ұштасқанын аңғарамыз.

 
 

 

3 – 10  ақпан 2017 ж.

Кескіндемеші Марат Тоқсейітовтің «Туған жер» атты мерейтолық жеке көрмесі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясының академигі, кескіндемеші Марат Тоқсейітовтің «Туған жер» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Тоқсейітов Марат Төлегенұлы 1947 жылы 4 қаңтарда Қостанай облысы Қарабалық ауданының Ново-Троицк ауылында дүниеге келген. 1968 жылы                Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін аяқтағаннан кейін көптеген қалалық, аймақтық, республикалық өнер туындыларының көрмелеріне белсенді қатыса отырып, Целиноградтық көркемөнер шеберханаларында қызмет етті. 1977 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 2000–2004 жылдар аралығында Астана қаласының Суретшілер одағының төрағасы, қазіргі уақытта – Астана Суретшілер одағы төрағасының орынбасары.

Марат Төлегенұлы өз мамандығының қыр-сырын әбден меңгерген, ол жайында оның шығармашылық еңбектерінің көпке танылуы дәлел болады. 2005 жылы М. Тоқсейітовке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2006 жылы ол Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясының академигі атанды. 2011 жылы Марат Тоқсейітов ҚР-ның Суретшілер одағының ең жоғары марапаты – алтын омырау белгісімен марапатталды. 2015 жылы суретші «Құрмет» орденімен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Күляйша Қабдуәліқызы Ақтаева көрмені ашқан сөзінде: «Бірнеше жылдардың жұмысын қамтыған бұл экспозиция Марат Төлегенұлының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Суретшінің жартығасыр бойы кескіндеген көркемдік әлемі адамды еріксіз сиқырлап, өзіне тартады. Марат Тоқсейітовтің шығармашылығында өзінің туған өлкесін шексіз сүйетін суретшінің лирикалық қыры ашылады», – деп атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған Марат Төлегенұлы: «Менің көрмем кіші Отаным – Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы ауылыма арналады. Мен өзімнің еңбектерімді туып-өскен, алғаш қадам жасаған, тұңғыш қолыма қалам ұстаған жеріме, суретші болуыма үлкен үлес қосқан алғашқы ұстазыма арнаймын.

Көптеген қазақстандықтар, оның ішінде танымалы немесе таныс еместері бар, ауылда туып-өскен. Өз отандастарыма «Туып-өскен жерлеріңді әрқашан естеріңнен шығармаңдар, туған жерге өз мүмкіндіктеріңше қамқор болыңдар» дегім келеді. Бұл – менің көрмемнің басты мақсаты әрі негізгі тақырыбы», – деді.

Марат Төлегенұлы негізінен портрет және пейзаж жанрларында жұмыс жасайды. Шебердің туындыларынан оның туған өлкеге деген ыстық ықыласы, ауыл өмірінің күнделікті тыныс-тіршілігінің әдемілігін көре білетіндігі сезіледі. Автор туып-өскен үйінің жылуын ешқашан естен шығармайтын әрбір жанға етене таныс көріністерді дәлме-дәл жеткізеді. Суретшінің басты сапалық қасиеті – бейнелерді, көңіл-күйді, уақыт пен орынның ахуалын айқын жеткізуі. Суретшінің бұл қабілеті, әсіресе, көрерменді өз кеңістігіне еріксіз жетелейтін жылдың әр мезгілін бейнелеген пейзаждарда анық көрінеді. Суретшінің барлық жұмыстары тек қана туған жерге деген ерекше махаббат, сағыныш пен жанашырлық сезімдеріне тұнып тұр. Шебердің 40-қа жуық туындысы ұсынылатын «Туған жер» көрмесінің қонақтары осының куәсі болды.


16 – 29  наурыз 2017 ж.

 «Art SaparI/Astana» көрмесі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында  «Art Sapar of Kazak Eli» жас суретшілердің жылжымалы көрме жобасының алғашқы кезеңін аяқтайтын «Art Sapar I/Astana» көрмесі өтті.

 «Art Sapar of Kazak Eli» жылжымалы көрме жобасы  2013 жылы суретші Анар Әубәкір бастаған Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері - жас талантты суретшілер тобының бастамасымен жүзеге асты. Алғаш рет «Art Sapar» көрмесі өткен және ел ішіне сапар шегуге бастау алған Павлодар қаласы болатын. Кейінгі жылдары көрме Семей, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Петропавл, Өскемен және Ақтау қалаларында болды.

16 наурызда көрменің ашылу рәсімі алдында БКМ-ЮНЕСКО клубының оқушылары үшін шеберлік-сыныптары өткізілді: кескіндеме бойынша – Анар Әубакір және мүсін бойынша - Данияр Сарбасов.

Шеберлік сыныбы барысында Данияр Сарбасов өзінің тәжрибесін оқушылармен бөлісті: «Мен үшін шеберлік сыныбын өткізу үлкен құрмет әрі өте жауапты іс. Мен сіздерге өзімнің биыл жасалған жұмысымды таныстырып, өзімнің тәжрибеммен бөліскім келеді. Менің жұмыстарым өскелең жас ұрпаққа, болашақ мүсіншілерге үлгі болып, шабыт беруін қалар еді.  Көрме өткізілген әрбір қалада болсын, кескіндемелер, мүсін және қолөнер туындыларының көрме жинақтары жаңа туындыларымен толығып отырды. Осылайша жоба, тек қалаларға саяхат жасап өз авторларының шығармашылық өмірі мен жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, түрленіп те отырды.

Өкінішке орай Қазақстанда мүсіншілер саны санаулы, ал олардың қатарында үздіксіз шығармашылықпен айналысатындары одан да аз. Менің жұмысымдағы ең қажеті шығармашылық шабыт. Шебердің шабыты, музасы болмасы жұмысқа деген құлшынысы болмайды. Сонымен қатар, мүсін жасау өте көп уақытты және қаражатты қажет етеді. Бір жұмысты дайындау үшін балшықтан пішін жасап оны балауызбен өңдеп қоладан құю керек, кейіннен мүсінді тегістеп ажарлайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары өзінің алғы сөзінде:

2008 жылдан бастап Кітапхана музейінде «Үкілі үміт» атты жастар шығармашылығын қолдау бойынша жоба сәтті іске асуда. Бұл жобаның арқасында көптеген жас таланттар өздерінің жұмыстарын көпшілікке таныта білді. Жобаның негізгі мақсаты – республикамыздың, алыс және жақын шетел мемлекеттерінің талантты суретшілерінің, мүсіншілерінің, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жарқын жетістіктерін елордамыздың тұрғындарына және қала қонақтарына паш ету.

Осы біздің музейімізде Анар Әубәкір, Ренат Елубай, Бейбіт Әсемқұл, Жанна Нүгербек сынды жас суретшілер мен мүсіншілердің алғашқы жеке көрмелері қткен болатын. Жақында жас әрі талантты суретші Гүлдана Жұрқабаеваның жеке көрмесі ашылды.  «Art Sapar I/Astana» көрмесі «Үкілі үміт» жобасының лайықты жалғасы болып табылады.

Анар Әубәкір өзінің сөзінде «Art Sapar» жобасы жайлы айтып өтті: «Art Sapar» - бұл ерекше жоба, себебі жобаның авторларының барлығы әртүрлі жанрларда  және техникаларды жұмыс жасайды, әрқайсысы өзіндік шығармашылық тәжрибеге ие. Көрме өткізілген әрбір қалада болсын, кескіндемелер, мүсін және қолөнер туындыларының көрме жинақтары жаңа туындыларымен толығып отырды. Осылайша жоба, тек қалаларға саяхат жасап өз авторларының шығармашылық өмірі мен жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, түрленіп те отырды.

Көрмеде 70 аса жұмыс ұсынылған. Бұл жоба аясындағы Астана қаласындағы алғашқы көрме. Мен үшін бұл өзімнің шығармашылығымдағы жаңа кезең және соңғы 5 жылда атқарылған жұмысты көрсететін есептік көрме. Жоба авторларының ішінде кескіндеме және графикадан ұсынған: Анар Әубәкір, Ғалия Төремұратова, Алмас Нұрғожаев, Али Закир, Қадыр Мақсұтқан, Мөлдір Сағындықова; мүсіннен: Талғат Жұмағұлов, Бағдат Сарсенбиев, Жанна Нүгербек, Данияр Сарбасов; сәндік-қолданбалы өнерден: Наталия Баженова, Бауыржан Досжанов, Гүлмарал Татибаева. Әрбір автордың даралығын білдіретін, әлемге деген өз көзқарасы бар, бірақ барлық жас туындыгерлерді біріктіретін белсенді өмірлік ұстанымы, олардың жасампаздыққа ұмтылысы. Олардың көпшілігі Қазақстан тарихындағы көркемдік бейнелер мен бай дәстүріміздің мәдени бастауларынан шабыт алады.