2015 ж.

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі 2007 жылдан бері қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік «Мирас» журналын шығарады. Журналдың басты мақсаты жас мемлекеттің дәуір өзгерістерін, тағдыршешті шешімдерін және маңызды жетістіктерін көрсету болып табылады. Журналдың тақырыптық бағыты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі (экспонаттар, құжаттар, көрмелер және т.б.). Авторлық ұжым белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, министрлер, Парламент депутаттары, әкімдер, ғалымдар, журналистер, музей қызметкерлері. Журнал беттерінде бұған дейін жарық көрмеген Елбасының Жеке мұрағатынан алынған сирек кездесетін фотолар мен құжаттар жарияланады.
    Басылым тілі: қазақ, орыс. Басылым мерзімі: жылына 4 рет (тоқсан сайын).
    «Мирас» журналының редакциялық алқасы авторларды әріптестікке шақырады. Сіздерді 2015 жылғы «Мирас» журналы нөмірлерінің тақырыптарын және жарияланымды беру үшін өтініш мерзімін ұсынамыз:
 
№ 1 (33) / 2015 – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл»: 2015 жылдың 20 ақпанына дейін;
№ 2 (34) / 2015 – «Ерлік және мәртебе... (Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады)»: 2015 жылдың 5 мамырына дейін;
№ 3 (35) / 2015 – «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы... (Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналады...)»: 2015 жылдың 5 қыркүйегіне дейін;
№ 4 (36) / 2015 – «Тарих және тұлға»:  2015 жылдың 10 қазанына дейін.
 
«Мирас» журналына басылым өтініші miras2007@mail.ru электрондық поштасы бойынша қабылданады.
Өтініште: аты-жөні, жұмыс орны және лауазымы, ғылыми дәрежесі, мақала тақырыбы, байланыс телефондары көрсетілуі қажет.
Міндетті түрде көрсеткіші жоғары авторлық фотоның электрондық нұсқасын жіберу керек. Мақаланың тақырыбына сай фотоларды жіберуге болады.
 
Мақала мәтінінің талаптары: Мақаланың көлемі – 2–6 бет. Мақаланың мәтіні WORD редакторында, 12 қаріппен терілуі тиіс, жоларалық интервалы – жалаң (Times New Roman); жиегі: жоғарғысы мен төменгісі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см.
Фотоның сапасына талаптар – 1-ден 2 MB дейін жоғары көрсеткіш.
 
«Мирас» журналына жазылу мерзімдік басылымдардың негізгі каталогы бойынша «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
Жазылу индексі – 74029, мерзімі – жылына 4 нөмір, 2015 жылға жазылу бағасы – 16 148, 88 теңге, 2015 жылдың жартыжылдығына – 8 074, 44 теңге.
Анықтама телефондары: (7172) 33-31-89, 58-02-96 (ішкі 41-17) («Қазпошта» АҚ жазылу бөлімі).
Редакцияның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Бейбітшілік к-сі, 11, 108 каб.
Тел./факс: 8 (7172) 75-12-13, 75-12-65, 75-28-62.
Е-mail: miras2007@mail.ru.