2015 ж.

     2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде 16924 адам болды. Келушілердің басым бөлігін қала тұрғындары, мектеп оқушылары, колледждер және ЖОО студенттері, еңбек ардагерлері мен зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай астанамызға еліміздің әр аймақтары мен алыс және таяу шетелдерден келген қонақтар құрады.
        Астана қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттеріне, Мемлекеттік Басқару Академиясының магистранттарына, сонымен қатар қала қонақтарына «Тарихи таңдау. Ұмтылыс» және «Уақыт құдыреті» уақытша көрмелері бойынша тақырыптық экскурсиялар өткізілді.
      Музей экспозицияларымен Фаберже мұражайы (Санкт-Петрбург қ.) директорының бірінші орынбасары М. Овчинников, Қазақстан Республикасындағы Чили Елшілігінің қызметкерлері, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясының қорытынды іс-шарасына қатысушылар мен РФ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Үндістаннан келген туристер танысты. «Асыл арна» және «Қазақстан» телеарналарына Музей залдары, «Уақыт құдыреті» көрмесі бойынша сұхбат-экскурсиялар өткізілді.