2007 ж.

      2007 жылғы 10 сәуірде заманымыздың аңызға айналған тұлғасы, Қазақстанның Тұңғыш ғарышкері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің қатысуымен «Қазақстан – ғарыш айлағы» атты музей сабағы өткізілді. Кездесу Т.Айбергенов атындағы № 16 мектептің кадет сыныптарының оқушыларына, «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушыларына, Қ.Мұңайтпасов атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларына, С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің студенттеріне арналып ұйымдастырылды. ҚР ТПМ қабырғасында өткізілген Қазақстанның Тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің астананың балғын тұрғындарымен болған мұндай кездесулері дәстүрге айналды. (2005 жылғы қараша; 2006 жылғы сәуір). Кездесуде балалар ҚР Президенті бекіткен Қазақстанның ғарыш саласының даму бағдарламасымен танысуға, оның жарқын келешегіне көз жеткізуге, Тоқтар Әубәкіровтің өмірінің қызықты жайттарынан хабардар болуға мүмкіндік алды.


       2007 жылғы 17 мамырда Музейдің Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің құрылуына 15 жыл толуына орай «Қазақстан Республикасы шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабаққа ҚР ҰҚК ШҚ Бас штабы басшысының бірінші орынбасары генерал-майор М.А.Мәжитов қатысты. Қонақ болашақ офицерлердің қазақстандық әскердің қалыптасуындағы Жоғарғы қолбасшының рөлі туралы, ҚР ҰҚК шекаралық қауіпсіздікті қамтамсыз ету жүйесінде Шекара қызметінің орны туралы, болашақ кәсіби әскердің біліктілігі жоғары әскери мамандарын дайындау қажеттігі туралы сұрақтарға жауап берді.


        2007 ж. 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Парасат» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының профессоры Зинаида Леонтьевна Федотованың қатысуымен «Н.Ә.Назарбаевтың саяси реформалары – Қазақстанның тәуелсіздігі мен гүлденуіне апаратын жол» тақырыбында музей сабағы өтті. Кездесуді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Музей педагогикасы орталығы Астана қ. Балалар үйінің оқушыларына, №1 ӘЭЛ оқушыларына, №9 ГЭЛ оқушыларына, қала мұғалімдеріне арнап ұйымдастырды. Кездесуде балалар Мемлекет басшысының Кездесуде балалар еліміздің Негізгі Заңының қабылдануы мен бекуіндегі, ұлттық бірлікті сақтаудағы Президенттің рөлі туралы білу мүмкіндігіне ие болды.