2011 ж.


       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай Музей тарихында маңызды оқиға болды.
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығына орай мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуына және егемендіктің нығаюына қосқан зор үлесі үшін Музей директоры А.С. Сағынғали «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
    Мемлекеттілік пен қоғамдық қызметіндегі еңбегі үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықтың нығаюына қосқан үлесі үшін директордың орынбасары Б.М. Қайыпова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

      2011жылдың 2-шілдесінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Табыс стратегиясы» атты қор көрмесі орналасқан уақытша тақырыптық экспозициялық жаңа зал ашылды.
      Тәуелсіз Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты тарихи қысқа мерзім ішінде жаһандық өлшемде табыс стратегиясына айналып, таң қаларлық нәтижеге жеткізді.
      Музей қорынан шыққан жәдігерлер, мұрағаттық және кітапханалық материалдар соңғы кезеңдегі маңызды оқиғаларды, әсіресе, халықаралық аренада Қазақстанның беделін нығайтқан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуімен ұйымдастырылған Саммитін, ИЫҰ-на төрағалық, өткен VII қысқы Азия ойындарын жаңғыртады.



      2011 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтті. «Түрлі-түсті мозаика» сайысы - бұл Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Балалар көркемсурет мектебінің бірлескен іс-шарасы.
      Осы жылы сайысқа 6 жастан 14 жасқа дейінгі 90-ға жуық бала қатысты. Бейнелеу өнерінің үш жанрында 50-ден астам бала сайысса, 32 бала – карнавалдық костюм жарысына қатысты. 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар сайыс шарттары бойынша аквагриммен бет татуажын салды. 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар мольбертте еліміздің сүйікті қаласы - Астананы қағаз бетіне түсірді. Ал, бұл жастан жоғары жастағылар үшін пластмасса бұйымдарды (орындықтар) акрилл бояуларымен тақырыптық өрнектеу әдісін қолданды.
      Көмекші құралдардан карнавалдық костюмды дайындау сайысында жарысқа қатысушылар полиэтиленді қапшық, газет, орама қағазды және т.б. қолданып, бірегей де көркем костюмдер топтамасын паш етті. Карнавалды костюм дефилесі фестивалдің көзайымы болды. Музейдің көркемсурет мектебінің оқушысы Салимгерей Айша, екі сайыстың да гран-при жүлдесін иеленді. Басқа сайыстарда гран-при жеңімпаздары - К. Миронец және Ш. Аширбекова атанды. Фестиваль қонақтары мен қатысушылар өздерінің сүйікті мультфильмдерін тамашалай алды, бәріне да естелік сыйлықтар мен балмұздақ сыйланды.
      Сайыстың ұйымдастыруына демеуші болған «Тұлпар-интех» ғылыми-технологиялық инновациялық компаниясы және «Саксэс медиа».

 



      2011 жылдың 28 ақпанында ҚР Тұңғыш Президент Музейінде «Мәдениеттер арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Венгрия елшілігімен бірге ұйымдастырған «Венгерлік рапсодия» музыкалық кеші өткізілді. Музыкалық кеш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік шаралардың бірі болды.
      Музыкалық кештің салтанатты ашылуында құттықтау сөз: Қазақстан Республикасындағы Венгрия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Имре Ласлоцки, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің директоры А.Сағынғалиға берілді.
      Бұл – Еуродақтағы Венгрияның төрағалығына және Ференц Листің 200 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған Астананың мәдени өміріндегі тұңғыш және дара музыкалық оқиға. Кеш қонақтары венгерлік музыканың көптеген жүзжылдықтар бойы ұлы еуропалық мәдениеттің ажырамас бөлшегі екендігіне көз жеткізуге тамаша мүмкіндіктер алды.
      Концерт Ф.Листің фортепианалық шығармалары белгілі венгерлік пианиношы, маэстро Дёрдь Оравецтің (Будапештік симфониялық оркестр) орындауында тыңдалды. Сонымен қатар, қонақтардың назарларына Ф.Листің шығармашылық биографиясы және Венгрия мәдениеті мен тарихы туралы баяндайтын ақпараттық стендтер көрмесі ұсынылды.