2014 ж.
2014 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ұлы украин ақыны Тарас Шевченконың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында Украина және Франция елшіліктерінің өкілдері: Қазақстандағы Украина елшілігінің хатшысы – П.В. Токарев және Қазақстандағы Франция елшілігінің атташесі А. Кулаксезияннің қатысуымен музейлік кездесу сабағы өткізілді.
|
|
Т.Г. Шевченко украин әдебиеті мен тілінің дамуына тың жол ашты, ал оның суретші және нақышшы ретіндегі шығармашылығы украин халқының ғана емес, әлемдік өнердің үздік құбылысына айналды.
Жаңа кезең бастауында Т.Г. Шевченконың украин халқы үшін де, дүниежүзілік мәдениет үшін де шығармашылығының маңыздылығы сезіледі.
2014 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Х. Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты және № 31 мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен 2012 жылғы Олимпиадалық ойындардың чемпионы Серік Сәпиевпен кездесу өткізілді.
Серік Сәпиев – Қазақстанның атақты боксшыларының бірі: 2005 және 2007 жж. әлем чемпионы, 2007 және 2009 жж. Азия чемпионы, 2010 ж. Азиялық ойындардың чемпионы, 2012 ж. Олимпиадалық ойындардың чемпионы, 1936 жылдан бері дәстүрлі түрде Олимпиадалық ойындардың техникасы мол боксшысына табыс етілетін Вэл Баркер Кубогінің иегері.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өзінің білім беру қызметінде жоғары өнегелік құндылықтарға бағытталған үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу міндетін қойған. Патриотизмді қалыптастыратын факторлардың бірі қазақстандықтардың спорттық жеңістері болып табылады. Олимпиадалық табыстар адамды жігерлендіріп, олардың жүрегін мақтаныш сезіміне бөлейді. Әрдайым біздің ұлттық туымыз көтерілгенде, мемлекеттік әнұран шырқалғанда Қазақстанның әрбір азаматы өзінің Отаны үшін, отандастарының жетістіктері үшін мақтанышты сезінеді.



