2013 ж.

25.02.2013 ж. Н.Ә. Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Иран Ислам Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалилиді қабылдады. Кездесу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше бес мемлекеттің, Германия мен Иранның өкілдерінің қатысуымен Алматыда өткен ирандық ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды қарсаңында өтті.

Сәндік тәрелке. Иран Ислам Республикасы ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалилиден.

06.04.2013 ж. Елбасы ресми сапармен Бежінде болды. Сапар кезінде Елбасы «CNPC» компаниясының басшылығымен кездесті. Кездесуде мұнай-газ саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды. Нұрсұлтан Назарбаев осы саладағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанушылық білдірді.

Сәндік тәрелке. Фарфор, ағаш. «CNPC» корпорациясының президенті Чжоу Цзипиннен.

Сәндік ваза. Румыния Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы В. Згонядан.

03.07.2013 ж. Ақордада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшесі, ҚКП ОК Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзимен кездесті. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық мәселесі және Қазақстан-Қытай өзара іс-қимылын әртүрлі салаларда одан әрі жандандыру перспективасы қаралды.

Сәндік ваза. Шыны. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бюро мүшесі, ҚКП ОК Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Чжао Лэцзинен.

16.07.2013 ж. Н.Ә. Назарбаев № 1 «За рыцарство» орденімен марапатталды. Бұл шешім запастағы және резервтегі офицерлер ұйымдарының халықаралық консультативтік комитетінің Астанада өткен «Бейбітшілік пен достық миссиясы» форумында қабылдады. Марапат қорғаныс министрі    Ә. Жақсыбеков арқылы табыс етілді.

Орден № 1 «За рыцарство» (For Chivalry). Запастағы және резервтегі офицерлер ұйымдарының халықаралық консультативтік Комитетінен. Астана. 17.07.2013 ж.

Орден № 1 «За рыцарство» (For Chivalry). Запастағы және резервтегі офицерлер ұйымдарының халықаралық консультативтік Комитетінен. Астана. 17.07.2013 ж.

26.08.2013 ж. Мемлекет басшысы Габала (Әзірбайжан) қ-ғы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Үшінші саммитінің жұмысына қатысты. Елбасы Әзірбайжанның Президенті И. Әлиевпен, Қырғызстанның Президенті А. Атамбаевпен кездесіп, екіжақты кездесулер өткізді.

Мүсін. Тас. Әзірбайжан Президенті И.Г. Әлиевтен.

02.09.2013 ж. ресми сапармен Казахстанға Индонезия Президенті Сусило Юдойоно келді. Кездесу барысында екі Елбасшылары бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен брифинг өткізді.

Кәдесый. Мүйіз. Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойонодан.

28.11.2013 ж. Музей қорына сот білігі өкілеттілігінің нышаны болып келетін сыйлық келіп түсті.

Фото 2. Үстелге қоятын құрал. Сот балғасы. Ағаш, алтын, никель, күміс, фианиттер, су тас. Металды көркемдеп оймыштау. ҚР Жоғары сотынан. 28.11.2013 ж.

10.12.1203 ж. Н.Ә. Назарбаев Түркияның Қорғаныс министрі И. Йылмазбен кездесті. Кездесу кезінде әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Фото 1. Кәдесый. «Махаббат дәнекері» Түрік Әлемінің наградасы. 925 сынамалы күміс, ағаш. Түркия Ұлттық қауіпсіздік Министрі И. Йылмаздың ресми сапары. Астана, 10.12.2013 ж.