2006 ж.

    Музей республиканың басқа музейлерімен бірлескен жобалар бойынша жұмыс істейді. 2006 жылдың 26 тамызында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде осы облыстың 70 жылдығына арналып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа сыйға тартылған тарту-таралғылар көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Қарағанды ел Президентінің өмірінде ерекше орын алады.Дәл осы жерден Н.Назарбаевтың еңбек жолы басталады.Мұнда ол еңбек дағдыларын игерді, саяси өсу жолы басталды.

 

 

 

 

 

 

 


«Бір шаңырақ астында» көрмесі.

     Көрме қала күнінің қарсаңында – 2006 жылдың 30 маусымында ашылды.
    Көрме Шығыс Қазақстан облысытық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафт музей-қорығының ұйымдастыруымен өтті. Ол келушілерді 105 ұлт бір отбасындай ұйыған Шығыс Қазақстан халықтарының материалдық мәдениетімен таныстырды.
      Музейдің бай коллекциясы келушілерді XVIII-ХХ ғасырдың басындағы ұлттық киімдер үлгісімен, тұрмыстық және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен, зергерлік әшекейлермен таныстырды. Көрме экспонаттарының ішінде он тоғызыншы ғасырдағы «тас қалаушы» көне салттық киім, тәжіктің неке тақиясы мен немістің неке киімі, түркіменнің күміс әшекейлері, корей сарай ханымының киімі және т.б. бар.
      Көрме екі ай жұмыс істеді.

 

 

 

 

 

 

 

 


«Қазақстан кескіндемесі. Дәстүрлі және қазіргі заманғы үрдістер» көрмесі.

      Келушілер Қазақстанның жетекші суретшілері А. Дүзелханова,
      А. Қазғұлов, Қ. Әжібеков, А. Смағұловалардың және т.б. 26 жұмысымен танысты.
      Ұсынылған шығармалардың ішінде А. Дүзелханованың Күлтегін, Абылай хан мен Кенесарының кескіндеме портреттері, «Қалыңдықты ұзату», Қ.Әжібековтің «Қыз Жібек», «Көкпар», А.Смағұлованың «Саят» және «Отау» картиналары бар.
      Қыркүйек - қазан. 2006 ж.

 

 

 

 

 

 

 


«Құланшы» тәуелсіз шығармашылық бірлестігімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін әлемнің белгілі суретшілерінің жұмыстары бойынша өткізілген көрме.

     Қазақстандағы тұңғыш мәдени акция, Музейдің, Қазақстанның мәдени мұрасы мен шығармашылық бастауларға қолдау көрсету «Байта» қайырымдылық қоры мен «Құланшы» халықаралық арт-клубының біріккен жобасы. «Құланшы» арт-форумы 79 жұмысты көрсетті. Олардың авторлары – замандастарының кескіндемелерін, монопринтін, мүсіндерін таныстырушы әр елдің тұрғындары, сонымен қатар Орталық Азияда - Пабло Пикассо, Жан Кокто және Марк Шагалдың жұмыстары тұңғыш рет көрсетілді.
      Көрме 2006 жылдың 10 қазанынан 25 қарашаға дейін жұмыс істеді.

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған балалар шығармашылығының көрмесі.

желтоқсан-қаңтар, 2006 ж.
      Көрмеге Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған суреттер мен әңгімелерді жинақтаған Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған «Туған жерім» конкурсы жеңіпаздарының жұмыстары қойылған.