2014 ж.

    2014 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері және қала мектептерінен тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.  
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1.    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2014 жылғы Білім беру бағдарламасының аясында жүргізілген жұмысы туралы есебі.
2.    Музей педагогикасы орталығының 2015 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
    Өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі жанындағы педагогтар Кеңесінің төрайымы,  директордың орынбасары, т.ғ.к. Қайыпова Б.М. қатысушыларды Музей қабырғасында өткен шаралармен таныстыра отырып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен және Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Білім беру бағдарламасының аясында 2014 жылы музейлік сабақтар, шеберлік сыныптары, «Астанатану», «Елбасытану» факультативтік курстары, «Музей педагогикасы негіздері» оқу курсы, дебаттық турнир, балалар мерекесі өткізілді. Музей педагогикасы орталығының Лекторий кестесіне сәйкес «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың бастамалары», «Тарих және мәдениет», «Бала және мәдениет» жобалары бойынша дәрістер өткізілді.
    2014 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция Музейдің 10 жылдығына арналып, мұражайлар мен ғылыми орталықтардың арасындағы байланысты нығайтуға, академиялық және мұражайлық қауымдастықты біріктіруге бағытталды.
    «Өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы мұражайдың рөлі» секциясына қатысушылар жаһандану жағдайында жастарды патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеуде, рухани мәдениетті дамытуда, тарихи мұраны сақтау ісінде мәдени-білім беру және ғылыми-ағартушылық орталық ретінде мұражайдың орны мен рөлінің артқанын атап өтті.

 
   Конференция бағдарламасының аясында секция қатысушыларына «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің білім беру қызметіндегі инновациялық жұмыс формалары» атты шеберлік сыныбы көрсетілді. 
     2014 жылдың қыркүйек айында серіктестік жобаларына құрылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жас Отан» ЖҚ, ҚР Футбол федерациясы, «Астана қ. мүгедек-балалар қоғамы» ҚБ, «Балам-ай» ҚҚ  бірлесе өткізілген «Балаларға бақыт сыйлайық!» әлеуметтік акциясы өтті.
      Сонымен қатар Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуіне байланысты Музей  «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы, Астана қ. Білім басқармасымен бірлесіп, «Болашақ бүгіннен басталады» әдістемелік құралын жарыққа шығарып, қазан айында аталған құралдың тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясын өткізді.
     Қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдерінің аттестациясы бойынша эксперименталды алаң жұмысының аясында 7 ашық сабақ сәтті жүзеге асты. Мамандардың айтуынша, Музейде өткізілген сабақтар педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейінің өсуіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына,қоғамдық пәндер негіздерін оқыту әдістемесін ииновациялық бағыттау саласында бірлескен қызметті нығайтып, дамытуға, озық тәжірибені таратуға, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін және ондағы Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді.
      Музей мен Білім басқармасының бірлескен жұмысының нәтижесінде мектепаралық музейаралық регата Жобасы жүзеге асырылды.
   Сонымен қатар, Музей педагогикасы орталығының қызметкерлері Музейден тыс қалалық және республикалық деңгейде өтетін шараларда әдістемелік көмек көрсетіп отырғанын айтты. Соның ішінде аттестациялық   конкурстық комиссияның мүшесі,  «Знакомьтесь – это мой Казахстан!» атты халықаралық байқауы,  «Үздік тарихшы» қалалық байқауы,  «Ғасырдан ғасырға» қалалық (РҒТО «Астана дарыны») интеллектуалдық байқауларына қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысуда.
       Қорыта айтқанда, 2014 жылы барлығы 79 іс-шара өткізіліп, оған 2 866 адам қатысқан.
 
      Астана қаласы Білім басқармасының әдіскерлері Әмірғалиева Д.Қ., Адинаева Қ.Қ. Музей әкімшілігіне алғыстарын білдіре отырып, әрі қарайғы бірлескен жұмыстың қажеттілігін атап өтті.
№ 65 мектеп-гимназияның  тарих пәні мұғалімі Байташева П.К. «Болашақ бүгіннен басталады» атты әдістемелік жинақта сабағының басылып шығуына алғысын білдіріп,  көмекші құрал мұғалімдердің EXPO-2017 көрмесін туралы оқушыларға қызықты түрде әңгімелеуге көмектесетін атады.
      Мектепаралық музейаралық регата серіктестік Жобасыың Білім басқармасы атынан үйлестірушісі Маканова Т.В. өз сөзінде «Регата бұқаралық сипатқа ие болды. «Белгісіз аралдарға жүздің» қорытындысы туралы 16 мектептің жиналыстарында экипаж мүшелері есеп береді. Жобаның арқасында экипаж-қатысушылар Астана қаласындағы мектеп мұражайларына, «АЛЖИР» баруға мүмкіндік алды, ең бастысы – «Архипелагта» зияткерлік сайысына қатысты. Сайысқа мектеп әкімшілігі мен ата-аналар да қатысты» деп атап өтті.
    Екінші мәселе бойынша сөз алған Музей педагогикасы орталығының жетекшісі  Қазбекова Р.Ұ. Орталықтың 2015 жылғы жұмыс жоспарымен таныстырып, оның ішінде бірқатар шаралардың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналатынын жеткізді.   

    2014 жылдың 20 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына Педагогтар кеңесінің мүшелері, Астана қ. Білім басқармасының өкілдері, сонымен қатар елордалық мектептердің тарих пәні ұстаздары қатысты.
       Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2014 жылдың I жартыжылдығы бойынша жұмысын қорытындылау.
2. «2013-2014 оқу жылдары Музей сабақтарының жинағына» ұсынылған сабақ сценарийлерін бекіту.
3. 2014 жылдың  II жартыжылдығына арналған жоспар туралы.
4. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «дөңгелек үстел» өткізу туралы.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары, Педагогтар кеңесінің төрайымы, тарих ғылымдарының кандидаты Б.М. Қайыпова 2014 жылдың I жартыжылдығы бойынша Музей мен Білім басқармасының бірлескен жұмысын қорыта келе, келесі цифрларды атап өтті: «Білім беру бағдарламасының аясында 1242 адам қатысқан 46 іс-шара өткізілді. Жартыжыл бойы Музей педагогикасы орталығы қызметкерлерінің бастамасы бойынша мазмұны мен түрі жағынан әртүрлі музейлік сабақтар, шеберлік-сыныптар, экскурсия-сабақтар, «Аттестация учителей – составная часть повышения мастерства педагогов» қалалық семинары, дәрістер, кездесулер, қалалық дебаттық турнир өткізілді».
    Модератор өз сөзінде Музейдің бастамасымен құрылған және Музей мен Педагогтар кеңесінің мүшелері, «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің тарих пәні ұстаздары Т.В. Маканова, Л.Э. Литвинованың шығармашылық тандеміндегі Мектепаралық «Үлкен регата» музейлік жобасының табысты түрде жүзеге асып жатқандығы туралы айтып берді. Осы ойын аясында 16 елордалық білім мекемесі экипаждарының мүшелері Астана қ. 11 мектебінің мұражайларын аралауға, қазақстандық қоғамның дамуына елеулі үлес қосқан атақты адамдардың өмірі мен қызметі туралы, туған жері туралы мәлімет алуға мүмкіндік алды.
№ 4 мектеп-гимназияның бастауыш сыныбының ұстазы А.Қ. Сейдахметова Музей әкімшілігіне және қызметкерлеріне тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен даму тарихы туралы бірегей Музей әлеуетін пайдалану мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Музейдегі әрбір өткізілетін сабақ ұстазға зор жауапкершілікті сездіртетіндігін айта келе, Білім күні қарсаңында № 4 мектеп-гимназияның бірінші сыныпқа баратын оқушылары үшін «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата Заң» сабағын өткізу құрметіне ие болғандығын атап өтті.
Екінші мәселе бойынша Музей педагогикасы орталығының аға оқытушысы А.Ә. Оспанова «2013-2014 оқу жылдары Музей сабақтарының жинағына» ұсынылған үздік музейлік сабақ сценарийлері авторларының тізімін жариялады.
    Қорытындылай келе, модератор Музейдің Білім беру бағдарламасының аясында 2014 жылдың II жартыжылдыққа жоспарланған іс-шаралар туралы қысқаша мәлімет берді: дәрістер, музейлік сабақтар, «Музей педагогикасының негіздері» және «Астанатану» оқу курстары, «Елбасытану» элективтік курсы. Б.М. Қайыпова Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шараларды айта келе, «дөңгелек үстелге» қатысуға шақырды.
  Білім басқармасының әдіскері Д.Қ. Әмірғалиева өз сөзінде Музей базасында тарих пәні ұстаздарын аттестациялау бойынша эксперименталды алаңының қатысушыларының кәсіби тұрғыда сапалы өсіп жатқандығын айта келе, ҚР ТПМ Музей педагогикасы орталығы қызметкерлерінің музейлік сабақтарды дайындауға әдістемелік көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.