2010 ж.

2010 ж.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде мынадай жарияланымдар баспаға дайындалды:
Құрмет пен сыйластық белгісі... (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тарту етілген дипломатиялық сыйлықтар): альбом / жалпы редакциясын басқарған Б. Ғ. Мұхамеджанов, А.С. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева). – Астана, Алматы, 2010.
      Альбом Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының, саясаткерлердің, ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерінің тарту еткен сыйлықтары көрініс тапқан алғашқы иллюстративті басылым болып табылады.
      Альбом беттерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының коллекциялары және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі жинағынан алынған экспонаттардың шағын бөлімі ұсынылған.
Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары. Ғылыми-тәжірибелік семинар материалдары. Условия формирования лидерских качеств в семье, школе и других социальных институтах: материалы научно-практического семинара / ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2010. – Қазақша, орысша.
      Жинаққа «Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» ғылыми-тәжірибелік семинарының материалдары енгізілген. Тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен адам бойында лидерлік қасиеттерді дамыту жолдарын зерттеуге бағытталған Елбасының кіші Отанында ғылыми-іздестіру жұмыстарын, балалар конкурсын өткізуге байланысты мәселелер тәжірибелері жинақталған. Семинарға мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындары, Астана қаласы білім мекемелерінің өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорындағы еңбектері: каталог. Труды Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева в фондах Музея Первого Президента Республики Казахстан: каталог/жалпы редакциясын басқарған А.С. Сағынғали, Б.Ғ. Мұхамеджанов, К.Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2010.
      Каталогта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітапханалық қорында сақталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев еңбектерінің әлемнің 32 тілінде жарық көрген 141 басылымының библиографиялық сипаттамасы алғаш рет ұсынылған.
      Ғылыми-педагогикалық кадрлар, студенттер мен оқушы жастардың барлық санаттарына, көпшілік оқырманға арналған.
«Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдері бойынша көпшілік кітапханалар үшін кітапханалық-библиографиялық топтастырылым кестелеріне толықтырулар/жалпы редакциясын басқарған А.С. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана, 2010.
      Көпшілік кітапханалар үшін КБТ кестелеріне ұсынылған толықтырулар «Тарих. Тарихи ғылымдар» және «Көркем әдебиет (шығармалар)» бөлімдерінің мазмұны мен құрылымына орай, кітапханалық қордың сапалы ұйымдастырылуына (рубрикация) арналған.
      Толықтырулар дәуірге бөлу және отандық тарихтың ішкі мазмұны мен көркем әдебиетті баяндауда қазіргі ғылыми білім деңгейіне сәйкес келеді, зерттейтін материалды тиімді іздестіру, сонымен бірге «АС-Музей» ақпараттар базасында іздеу және іріктеу үшін қолданылады.