2008 ж.

2008 жылдың 11 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты мереке-сабақ өтті. Сабақта қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздікке қол жеткізудегі басынан кешкен күрделі процестер туралы айтылды.
Мереке-сабаққа С.Мәуленов атындағы №37 орта мектептің, Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» лицейінің, №58 ОМ оқушылары, ата-аналар қатысты.
1991 жылдың 16 желтоқсаны – Қазақстан халқы үшін тарихи оқиға. Дәл осы күні ҚР Президенті қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңы қабылданды. Бірнеше буынның ғасырлардан келе жатқан арманы ақиқатқа айналды. Қазақстанның тәуелсіздік алуы ұлттық сана-сезімнің және оның рухани негіздерінің қайта өрлеуінің бастауына айналды, өзінің мәні бойынша тарихи және ауқымы бойынша жаһандық ел мемлекеттілігін құру басталды.
Сабақта тәуелсіз мемлекеттің - Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін ашатын тарихи құжаттар, мұрағат материалдары көрсетілді.
Мемлекеттік мейрамды мерекелеуде Тұңғыш Президент Музейі әкімшілігі мектеп кітапханаларына Н.Ә. Назарбаев кітаптарын сыйлады, ал мектеп басшыларына Алғыс хаттар табыс етілді.

2008 жылдың 13 желтоқсанында «Туған жерім – 2008» астаналық сурет конкурсы жеңімпаздары жұмыстары көрмесінің ашылуы мен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Конкурсты ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, «Байта» шығармашылық бастаулар мен қазақстан мәдени мұрасына қолдау көрсету қайырымдылық қоры, Астана қ. Білім беру департаменті және Балалар көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО мектебі.
Конкурстың басты мақсаты – балалар шығармашылығының дамуына қолдау көрсету және жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде конкурс алғаш 2006 жылы өткізілді. «Туған жерім – 2008» сурет конкурсына 9-16 жас аралығындағы балалар қатысты. Конкурсқа түрлі тәсілмен орындалған 100-ге жуық жұмыс ұсынылды.
Балалардың барлығына да назар аударылды: барлық қатысушыларға дипломдар, сертификаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Ұйымдастырушылар мерекелік танымдық-ойын-сауық бағдарламасын әзірлеп, оған №3, 14 ОМ оқушылары қатысты. Жас суретшілер үшін конкурстың ашылуына орай шебер-класс өткізілді.
Іс-шараға мынадай демеушілер қолдау көрсетті: "Artrain" сауда маркасы, «Казстройэкспертсервис» компаниясы.

 

 

 

 

 

 

 

В Образовательной программе Музея Первого Президента Республики Казахстан предусмотрено проведение конкурсов городского и республиканского уровней. Музеем Первого Президента Республики Казахстан совместно с Благотворительным фондом «Байта» и Детской художественной школой Департамента образования г. Астаны в рамках реализации проекта «Ребенок и культура», начиная с 2005 г., были организованы выставка детских рисунков, посвященная Дню Республики (октябрь) и республиканский конкурс рисунков «Туған жерім-2005» (декабрь).