2009 ж.

     2009 жылдың 6 қарашасында Музейде ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес отырысында Музейдің жаңа 2010 жылға арналған Білім беру бағдарламасының тұсаукесері және «Білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін дамытуға жаңа көзқарас» республикалық семинары аясында өткізілген «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтаудағы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлі» тақырыбындағы шеберлік-сыныбының қорытындысы талқыланды.

      Музейде ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің төрайымы, директордың орынбасары, т.ғ.к. Б.М. Қайыпова өзінің сөйлеген сөзінде ПК мүшелерін Музей педагогикасы орталығының 2010 жылға арналған жұмысының бағыттарымен таныстырып, ПК белсенді мүшелеріне алғысын білдірді. Сонымен қатар Астана қаласы Білім беру басқармасы келесі жылдан бастап Музей базасын астаналық мұғалімдерді аттестациялау алаңына айналдыру туралы ұсыныс енгізгеніне тоқталды.
    «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысқан мұғалімдерге форум материалдары енген жинақтар тапсырды.

     Шеберлік-сыныбын талқылауға ҚР ТПМ жанындағы Педагогтар кеңесінің мүшелері: Білім беру басқармасының әдіскері Д.Қ. Әмірғалиева, Астана қаласы ББҚ ҚДБАИ ОӘК меңгерушісі Ә.Ә. Оспанова, № 31 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Т.В. Горлова және басқалар қатысты. Ортақ пікір бойынша, ҚР ТПМ Лекторийі Қазақстанның жаңа тарихы бойынша мектеп мұғалімдеріне пәрменді әдістемелік, теориялық көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі музей сабақтары Астана қаласы тарих пәні мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерінің өсуіне ықпал етеді, мамандардың тәжірибе алмасуына қызмет етеді және өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге жәрдемдеседі. Шеберлік-сыныптары Музейдің білім беру жүйесіне ықпалдасуының көрсеткіші болып табылады. А.С. Хамитованың сабағының мықты тұстары – таңдаулы нысан. Жоба технологиясы бойынша құрылған зерттеу сабақ оқушылардың тарихи-археологиялық ескерткіштер туралы білімдерінің тереңдігін көрсетті, мұрағат құжаттарын өз бетінше талдап, басты деректі іріктей алатындарын, ғалымдардың зерттеулерімен салыстыра отырып, өз болжамдарын жасай алатындарын анықтап берді. Мұндай сабақтар Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, археолог, этнограф және антрополог мамандықтарына деген қызығушылықты қалыптастырады, тарихи және мәдени ескерткіштерге деген қамқорлық көзқарасты оятады.