2013 ж.

       2013 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – ұраным!» қалалық байқауының финалы өткізілді.
Байқауды өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттің егемендігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін зерттеу мен жүйелеу.
 


      Финалға Астана қ. мектептері тарих пәні ұстаздарының келесідей көріністері өтті:
– Ж.К. Жұмаділова –№ 56 мектеп-лицейі;
– Л.Р. Байкушикова, Б.О. Махметова –№ 67 гимназия;
– Ж.Е. Байтажикова, Б.К. Нұртазина –№ 66 мектеп-лицейі.
      Мектеп оқушылары өз педагогтарымен бірге театрландырылған көріністер арқылы Қазақ хандығы кезеңіндегі XV–XIII ғғ. оқиғалардан бастап, кеңес мемлекетінің қалыптасу жүйесі, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы жайында Қазақстан тарихынан сыр шертетін оқиғаларды көрсетті. Театрландырылған көріністердің шарықтауы тәуелсіздіктің жариялануы және жаңа елорда –Астана қ. қалыптасу тарихы болды. Үш көрініс те біртұтас композициямен құрылып, конкурс қатысушылары – елордалық ұстаздардың музей педагогикасы саласындағы әдістемелік жұмысының дағдысын және өз қызметінде музейлік-педагогикалық тәсілдерді қолдану ерекшелігін көрсетті.
 

 
      Байқау мұражай мен мектеп арасындағы әріптестіктің жетекші технологияларын анықтау мен жетілдіруге көмектесті, мұражайлық білім саласында инновациялық тәжірибе алмасуға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бірегей қорын насихаттауға мүмкіндік берді.
      Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

      2013 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде  «Әке көрген оқ жонар» байқауы өткізілді.
      Байқаудың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі және «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігі.
     Өз сөздерінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев тәрбие рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталу қажет екендігін бірнеше рет атап өткен болатын. Патриотизмнің асқақ сезімі мен ұлттық қасиеттердің негізінде ғана Отанға деген махаббат нығая түседі, оның құдіреттілігі мен тәуелсіздігі үшін жауапкершілік сезімі қалыптасады, тұлғаның адамгершілігі мен қадір-қасиеті дамиды.
 

      Музейдің Білім бағдарламасында өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттыруға қолдау көрсететін іс-шараларға ерекше назар аударылады. Отбасы, отбасылық тәрбие дәстүрі қоғамның интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жан-жақты анықтауға бағытталған жас қазақстандықтардың рухани, мәдени, өнегелік жағынан қалыптасуы мен дамуында басты рөл атқарады.

 
      № 59 мектеп-лицейінің базасында құрылған «Әкелер Одағы» қазірде Астана қ. барлық білім мекемелерінің ата-аналар бірлестігін біріктіріп отыр. «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігінің миссиясы – әкенің мәртебесін арттыру, азаматтардың белсенділігі мен қызметін дамыту, ұлтаралық және азаматтық келісімге ықпал ету.
      Қоғамдық бірлестіктің негізгі міндеттері – қайырымдылық қызметіне атсалысу, мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, патриоттық пен адамгершілікке тәрбиелеу. Бірлестіктің іс-шаралары әкелерді балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу процесіне тарту, оларды білім мекемелерінің іс-шараларына қатыстыруға бағытталған.
 


      Байқауға іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған топтар қатысты, сайыс  6 кезеңнен тұрды. Байқау барысында отбасылық топтар өз шежіресі туралы, тәрбие берудегі ұлттық салт-дәстүрге байланысты өз білімдерін көрсетті. Қатысушылар әртістік, өз қолдарымен жасау секілді өз таланттарын паш етті. Әкелер әділқазылар алқасын халықтық педагогика туралы білімдерімен ғана емес, балаларын тәрбиелеудегі қолданатын тәсілдерімен де тәнті етті.
      Байқаудың қорытындысы бойынша 1 орынды Нұрланбек Бақытжанның отбасы (№ 52 мектеп-гимназия), ІІ орынды Диас Камаловтың отбасы (№ 38 мектеп-лицейі), ІІІ орынды Мағжан Өзбекбайдың отбасы (№ 51 мектеп-гимназия) иеленді.
      «Ынтымақты отбасы» номинациясы бойынша Дайырбековтар отбасы (№ 61 орта мектеп), «Әкеге қарап ұл өсер» номинациясы бойынша Әбіловтар отбасы (№ 64 мектеп-лицейі), «Ата-баба тегін білу – ұрпаққа аманат» номинациясы бойынша Мысырғажы Мадиярдың отбасы (№ 68 орта мектеп) жеңімпаз атанды.
      «Әкелер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұматаев Қуаныш «Әке көрген оқ жонар» іс-шарасын өткізгені үшін Музей әкімшілігіне алғыс білдіре отырып, «Әкелер мен балалардың біртұтастығы – іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі. Баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі маңызды, аталмыш шараларға әкелерді белсенді қатыстыру керек» деп атап көрсеткен болатын.
Ұйымдастырушылар байқау қатысушыларына естелік сыйлықтарын табыс етті.

        2013 жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» РММ Орталық филиалы және Астана қ. Білім басқармасының қолдауымен ұлттық валютаның 20 жылдығына арналған «Ұлттық валюта – мемлекеттіліктің нышандарының бірі» үздік эссе қалалық конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімі өткізілді.
Конкурс оқушылардың Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен нығаю тарихына қызығушылығының жоғарылығын анықтауға, олардың шығармашылық әлеуеті мен қоғамдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
       2013 жылдың 7 және 10 қарашасы аралығында конкурстық комиссия үздік жұмыстарға іріктеу жүргізді. Сараптамалық комиссия төрайымы – Музей директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты  Б.М. Қайыпова және мүшелері – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Орталық филиалының директоры М.Х. Сейфуллин, Астана қ. Білім басқармасының әдіскерлері Д.Қ. Әмірғалиева, Қ.Қ. Адинаева, жауапты Музей қызметкерлері Г.Б. Карагизова, Р.Ұ. Қазбекова, Н.Қ. Мусина, Ә.Ә. Оспанова, Д.С. Кушуноваға қиын әрі жауапты жұмысты жүзеге асыру міндеті қойылды.
          2013 жылдың 1 қазаны мен 7 қарашасы аралығында Астана қ. жалпы білім беру мекемелерінен конкурсқа 112 эссе ұсынылды. Конкурстық комиссияның шешімімен Ереженің критерийлеріне сәйкес конкурсқа 91 эссе таңдап алынды. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі оқу бағыттары бойынша 6 номинация мен 3 жүлделі орын бөлінді.
 
I. Конкурсқа белсенді қатысқандары үшін Алғыс хаттар табыс етілді:
1. № 50  мектеп-лицейінің директоры Сексенова Әлия Серғазықызына (15 жұмыс жіберілді);
2. № 15 мектеп-лицейінің директоры Жаркенов Бауыржан Қапарұлына (11 жұмыс жіберілді).
 

II. Дипломдар мен естелік сыйлықтар келесідей номинациялар бойынша табыс етілді:

1. «Баяндау шынайылығы үшін» – № 44 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жұбанышева Аяжанға;
– «За оригинальность изложения» – № 53 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Жаркынай Әділханға;
2. «Еркін азаматтық көзқарасы үшін» – № 65 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Ілиясова Гүлімге;
– «Активная гражданская позиция» –  «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 8 сынып оқушысы Қожаханов Талапқа;
3. «Зерттеушілік қабілеті үшін» – № 67 гимназияның 9 сынып оқушысы Қуандықова Жанайымға;
– «Научный подход в освещении темы» – № 28 орта мектебінің 10 сынып оқушысы  Савицкая Нинаға;
4. «Жас зерттеуші» – № 14 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Усабекова Мадинаға;
5. «Тарихқа құрмет білдіргені үшін» – «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің 8 сынып оқушысы Болгова Янаға;
– «За уважительное отношение к истории» – № 66 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Бахтиярқызы Жәмилаға;
6. «Батылдығы үшін» – № 2 мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы № 2 Матиенко Аннаға.    
 

ІІІ. Жеңімпаздар таңдалып, естелік сыйлықтар мен Дипломдар табыс етілді:
 
мемлекеттік тілде оқытатын білім беру мекемелері арасында:
 
– І дәрежелі Диплом № 55 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қадырбекова Нұрсұлу;
                –  ІІ дәрежелі Диплом № 62 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Нұрсұлтан Назым;
                – ІІІ дәрежелі Диплом № 2 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Жұмабаева Мадина.
 
орыс тілінде оқытатын білім беру мекемелері арасында:
 
– І дәрежелі Диплом «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия» кешенінің 9 сынып оқушысы Панфиленко Татьяна;
– ІІ дәрежелі Диплом № 60 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Магауова Айғаным;
                – ІІІ дәрежелі Диплом № 1 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Горин Владислав.
Жеңімпаздар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіре отырып, барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

      2013 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Білім күні қарсаңында  Конституция күніне арналған «Білім әлеміне саяхат» мерекелік сабағы өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі және «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты қоғамдық бірлестігі. Білім күнін елордада алғашқы болып Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бірінші сыныпқа баратын оқушылары мерекеледі.
 


       2013 жылдың 30 тамызында республикамыз тарихтағы ең маңызды оқиға, егемен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік даму іргетасы болып табылатын тарихи маңызы зор құжат, мемлекеттің Негізгі Заңының 18 жылдығын атап өтті. Болашақ бірінші сынып оқушылары – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтары Конституцияда көрсетілген өздерінің құқықтары мен бостандықтары туралы мәлімет алды.

       Балалар үшін мереке 40 минуттық сабақ түрінде өткізілді, тек оқушылар математика мен әдебиет орнына Білім әлеміне таңғажайып саяхатқа аттанды, Негізгі Заңның қалыптасу тарихымен, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Конституция жобасын жасаудағы рөлі туралы ақпараттармен танысты. Музей әлеміне саяхатта балалар Отанымыздың тәуелсіздік тарихының жарқын беттерімен танысуға мүмкіндік алды. 

      Конституция күніне орай балалардың орындауында мереке қонақтары вокалдық-хореографиялық композицияны тамашалады.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі алғашқы сабақтан естелік ретінде оқушыларға ұйымдастырушылардан сыйлықтар мен кәдесыйлар тапсырылды.