2009 ж.

2009 ж.

 «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. «Современный музей: Наука. Традиции. Инновации». Материалы международной научно-практической конференции.
      Жинаққа Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 5 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы музей: Ғылым. Дәстүрлер. Инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары енгізілді.
      Мұнда қазіргі кезеңдегі музейлердің дамуымен, олардың ғылыми және білім беруші әлеуетімен, музей тәжірибесіндегі интерактивті және ақпараттық технологиялармен, музей педагогикасымен, келушілермен жұмыстың жаңа нысандарымен байланысты мәселелер қорытылды.
      Конференцияға жеті елден музей қоғамдастықтарының өкілдері, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.
«Музей экспозицияларындағы тәуелсіздік дәуірі» кітапшасы
      Бұл кітапша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасының «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы» ғылыми жобасын іске асыру аясында дайындалды.
      Кітапшада музейде ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициясы арқылы тәуелсіздік дәуірінің құжаттық-суреттік динамикасы сипатталады.
      Еңбек көпшілік оқырманға арналған.
Музей сабақтарының жинағы. Сборник музейных уроков
      «Музей сабақтарының жинағына» сабақтардың, сыныптан тыс іс-шаралардың әзірлемелері енгізілді. Оқу құралы ұстаз бен оқушы қызметі нәтижесінің тиімділігін қамтамасыз етудің сынақтан өткен және нақты тұжырымдалған тәсілдерінен тұрады. Жинақта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің, мемлекеттік құрылымдардың және білім беру мекемелерінің қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты қалыптастыру, қоғамның тарихи танымы мен мәдениетін тәрбиелеу мәселелері бойынша бірлескен жұмыс тәжірибелері жинақталған.
  «Туған жерім-2007»: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған астаналық сурет конкурсы жеңімпаздары мен қатысушылары суреттерінің жинағы
      Жинақ «Туған жерім-2007» астаналық сурет конкурсының қорытындысы бойынша іріктелген ең үздік жұмыстарды қамтиды.
      Жинақ қалық оқырман қауымға арналған, балалар шығармашылығын дамытуға, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға, қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеуге арналған.
  «ҚР ТПМ коллекцияларындағы Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бұйымдары» ғылыми-қор жинағы
      Жинақта Музей сақтаушыларының Қазақстанның тарихи-мәдени дамуының әр алуан кезеңдерінің ерекшеліктерін бейнелейтін экспонаттар туралы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Жүйелендірілген ғылыми деректер халықтың күнделікті өмірін, тұрмысын, Даладағы билік пен басқару дәстүрлерін, егемен Қазақстанның жетістіктерін қайтадан көз алдыңызға әкелуге мүмкіндік береді.
      Жинақ тарихшылар, этнологтар, мәдениеттанушылар үшін үлкен қызығушылық туғызады, мектептер мен гуманитарлық бейіндегі оқу орындарының оқушылары мен студенттеріне, сонымен қатар Қазақстан тарихымен, этнологиясы мен мәдениетімен айналысатындарға пайдалы болмақ.
  «ҚР ТПМ коллекцияларындағы әлем халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» ғылыми-қор жинағы
      Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің коллекцияларындағы неғұрлым қызықты экспонаттармен таныстыруды жалғастырады. Азия, Еуропа, Америка халықтарының рухани мәдениетінің жарқын үлгілері суретшілердің, мүсіншілердің туындылары мен зергерлік бұйымдарына сыйғызылып, жинақталған. Жер шарының алуан түрлі өңірлерінің материалдық мәдениеті қазіргі заманғы өркениеттің қалыптасуы мен дамуының тарихи, шаруашылық ерекшеліктерін көрсетеді.
      Музей коллекцияларын сақтаушылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері оқушылар мен жастар мәдениеті үшін де, сондай-ақ тарих-этнология және мәдениеттану бейініндегі мамандар үшін де ғылыми әрі танымдық қызығушылық тудырмақ.

Мынадай басылым түрлерін шығаруға дайындық жүргізілуде:

• коллективная монография «ҚР Тұңғыш Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы». – 2-бөлім;
• «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру жағдайлары» семинарының материалдар жинағы.
 «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің еңбектері» каталогы
      Каталогта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітапхана қорында сақтаулы әлемнің алуан тілдерінде жарық көрген еңбектерінің библиографиялық сипаттамалары ұсынылған.
      Барлық ғылыми-педагогикалық кадрларға, студенттер мен оқушы жастарға, қалың оқырман қауымға арналған.