Мерекелер мен сайыстар

2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасындағы «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты қалалық байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

 

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.


 
  
Тәуелсіздік күні – басты ұлттық мереке. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» дегеніндей, барлық қоғамның шоғырлануы осы міндетті орындауға ықпал етеді. Байқаудың біріктіруші бастауы Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, дамуы мен нығаюындағы рөлін зерттеу болып табылады.
Қоғамдық пәндер мұғалімдері арасындағы қалалық байқауға 27 жұмыс ұсынылса, оның 8-і іріктеу кезеңінен өтіп, 4 қатысушы ұсынған тақырыптары бойынша қазылар алқасының назарына ашық сабақтарын ұсынды.
Қазылар алқасына ережеде жарияланған келесі міндеттерді қай қатысушының орындай алғанын анықтау күтіп тұрды:

–  оқыту мен тәрбиелеудің интерактивті педагогикалық технологиялары мен әдістерін анықтау;

–  білім берудегі жаңашылдықты дамыту;

–  жаңа, шынайы педагогикалық идеяларды іздеу;

–  озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.

Қатысушылар арасындағы жүлделі орындар келесідей бөлінді:

 

Байқаудың Бас жүлдесін № 62 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Н.Б. Исасеитов иеленді.

– І дәрежелі дипломмен  №17 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі А.Е. Салмакова марапатталды;

– ІІ дәрежелі дипломмен  «Голубой парус» «Балабақша-гимназия кешенінің» тарих пәні мұғалімі Н.К. Сакауова марапатталды;

– III дәрежелі дипломмен № 31 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі О.А. Опанасенко марапатталды.


2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында жалпы білім беретін және арнайы ұйымдардың жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасында «ЭКСПО жылнамасы» атты үздік бейнебаянға жарияланған республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


 

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.

Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасындағы республикалық байқаудың іріктеу кезеңіне 32 жұмыс ұсынылды, оның 21 – жалпы білім беретін мектептен, 11 – колледжден.

Байқау мұғалімнің қоғамдағы мәртебесін арттыруға ықпал етіп, кәсіби шеберлігі мен тұлғалық өсуіне ынталандырады. Жаңа фомацияның мұғалімі – мемлекетіміздің қозғаушы идеялары мен реформаларының трансляторы. Мұндай байқаулар Мемлекет басшысының экономика, саясат, Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу, қазақ халқының Қазақстандағы мемлекет құрушы ядросы ретіндегі этникалық табиғатының күші мен маңызды тарихи миссиясын бекіткен «Мәңгілік ел» –  жаңа ұлттық идеологиясы сынды жаңа бастамаларын уақытылы оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге ықпал етеді. 

«ЭКСПО тарихынан»

 

– І дәрежелі дипломмен № 32 мектеп-гимназиясының мұғалімі О.Ю. Михальченко марпатталды;

– ІІ дәрежелі дипломмен № 47 «Балабақша-мектеп-гимназия кешенінің» мұғалімдері С.А.Киселева, Н.В. Глущенко, Б.О. Кобжанова марапатталды;

– ІІІ дәрежелі дипломмен Гуманитарлық колледждің мұғалімі М.З. Мутайхан марапатталды.

 

«ЭКСПО – 2017 мүмкіндіктері: жетістіктері мен келешектері»

 

– І дәрежелі дипломмен № 19 орта мектептің мұғалімдері Т.П. Глухонец, О.С. Пеннер, П.Ф.Сарафанова марапатталды;

– ІІ дәрежелі дипломмен № 70 мектеп-лицейдің мұғалімдері Ж.Ш. Жекебаева, Ж.А. Оракбаева марапатталды;

– ІІІ дәрежелі дипломмен  № 48 мектеп-лицейдің мұғалімі Е.Н. Шетенова  марапатталды.

 

«Егемен Казахстан – ЭКСПО көрменің толық құқылы қатысушы»

 

– І дәрежелі дипломмен № 76 мектеп-лицейдің мұғалімдері Б.К. Мұқанова, К.Т. Данебекова, Д.Т.Қонақбай марапатталды;

– ІІ дәрежелі дипломмен Энергетика және байланыс колледжінің мұғалімі Сауленбекова Жұлдыз марапатталды;

– ІІІ дәрежелі дипломмен Политехникалық колледждің мұғалімі О. Тлеубаева марапатталды.

 

Байқаудың Бас жүлдесін № 66 мектеп-лицейінің мұғалімі Кымбат Рахат иеленді. 

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан естелік кітаптар мен 30 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін сертификаттар табысталды.


2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан – халықаралық аренада» атты педагогтардың шығармашылық шеберлігінің үздік музейлік сабаққа қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.


 

Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері:

1. Еліміз егемендігінің қалыптасуының негізгі кезеңдерін, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алу мен даму тарихын, әлеуметтік-саяси реформалау үрдістерін, Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуі, экономикалық және мәдени қайта құрулар, тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тарихи рөлін ашу.

2. Музей педагогикасы саласындағы озық технологияларды анықтау және қолдау, музейлік-педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру мен музейлік білім беру саласындағы инновациялық тәжірибелермен алмасуға ықпал ету.

3. Оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін әрі қарай дамыту және музейлік білім кеңістігіндегі қазіргі заманғы музейлік-педагогикалық тәсілдер мен технологияларды зерделеу.

4. Музей педагогы мамандығының мәртебесін көтеру, талантты педагогтарға қолдау жасау.

5. Музейлік білім беру саласындағы әріптестікке, білім мен мәдениеттің кірігуіне ықпал ету.

6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты музей қорын насихаттау.

Байқау 2016 жылдың 1 қазанында басталды. Байқаудың қазылар алқасына Астана қ. мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы білім беретін мектептер және колледждерден 45 сұраныс келіп түсті. Байқаудың ІІ кезеңіне 24 жұмыс іріктеліп алынды. Іріктеу кезеңінен соң финалға 6 үміткер өтіп, 29-30 қарашада қазылар алқасына өздерінің шеберліктерін көрсетті. Бұл күндері екінші кезеңнің қатысушылары өз сабақтарын таныстырып, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.

Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың тақырыптары жаңа Қазақстан тарихындағы парақтарды еліміздің Тұңғыш Президентінің қызметі арқылы бейнелеп берді. Сабақтарда Музей қорынан алынған құнды материалдар қолданылды. 

Қазылар алқасының шешімімен қатысушылар арасындағы жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Байқаудың Бас жүлдесін

№ 63 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі  Ж.О. Жиенбаева иеленді.

– І дәрежелі диплом – Найманбаева Ж.Х., № 65 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі;

– ІІ дәрежелі диплом – Қалқабаева Ш.А., № 63 «Әсем-ай» балалар бақшасының әдіскері;

– ІІІ дәрежелі диплом – М.Х. Мұсатаева, Ғ.С. Ахметова, Сырбай Мауленов атындағы № 37 орта мектебінің мұғалімдері.

         Байқаудың қазылар алқасы арнайы номинацияларды бөлу туралы шешім қабылдап, Музей туралы естелік кітаптар мен демеушілерден сыйлықтар тапсырды:

– «Халықтар достығын насихаттаудағы шеберлігі үшін» номинациясымен «Қаржы Академиясы» АҚ коллеждінің мұғалімі С.Ә. Кенжетаева;

– «Оқушылардың ұшқыр ойлылығы үшін» номинациясымен Көлік және коммуникация колледжінің тарих пәні мұғалімі Б.О. Ахатаева марапатталды.

         Әрбір қатысушыға Сертификат табысталды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен естелік кітаптар, құнды сыйлықтар табысталды. 


2016 жылдың 25 қарашасында Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсының қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді. 


 

Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қ. білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы,  М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы.

Тұлғаның өзін-өзі тануы факторларының бірі ретінде ән мұрасының педагогикалық әлеуетінің орыны ерекше. Қазақстан Респубикасы Тұңғыш Президентінің Музейі әзірлеген бұл арнайы жоба Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайымен өзара әріптестік аясында жүзеге асырылып отыр. «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» жобасы – Музейдің ұлттық дәстүрлерді сақтауға және «Мәңгілік ел» патриоттық идеясының негізінде жеке тұлғаны рухани тұрғыдан дамытуға бағытталған мәдени-білім беру қызметі формаларының бірі. Конкурстың негізгі мақсаты: жеке тұлғаны қалыптастырудағы аса бай ресурс ретінде ән шығармашылығының маңыздылығын арттыру, музыка өнерінің түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.   

 


 

Жоба негізінде Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығын және Мемлекет басшысының сүйікті әндерін зерттеу қарастырылған. Ұлт Көшбасшысының ән шығармашылығынан оның адам және азамат ретіндегі жеке тұлғасының бірегей қырларын көруге болады. Оның сүйікті әндері мен авторлық әндері жеке тұлғаның рухани талпыныстарының бейнесі ретінде Отанға, халыққа, ел тарихына және дәстүрлеріне деген ерекше сезімін көрсетеді. 

Бұл Жалпықалалық конкурс астаналықтар арасында барынша танымал болып келеді. Конкурс 2016 жылғы 1 қазанда өз жұмысын бастады. Конкурстық комиссияға 79 білім беру мекемелерінен 164 өтінім түсті. Конкурсқа тұңғыш рет астаналық колледждердің студенттері де қатысты. Сондай-ақ алғаш рет конкурсқа қатысушылардың жеке санаты бойынша білім беру мекемелерінің музыка пәні мұғалімдері аталған номинацияларда өздерінің конкурстық өнерлерін көрсетті.

Конкурс жас ерекшеліктері бойынша 4 санатта: 10-нан 12 жасқа дейін, 13-тен 16 жасқа дейін, 17-ден 20 жасқа дейін, 20 жас және одан әрі қарай үш номинацияда өткізілді:

– «Бабамнан калған кең дала» (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау);

– «Біздің сүйікті Президентіміздің әндері толқынында» (Мемлекет басшысының сүйікті әндерін орындау);

– «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма» (өзі шығарған әндерді орындау).


 

Іріктеу турынан соң конкурстың финалына 33 номинант өтті   (өткен жылы – 18). Жеке орындаушылар, дуэттер және вокалдық топтар әділ қазылар алқасы төрешілігіне өз шеберліктерін ұсынды.

Құзыретті қазылар алқасының шешімі бойынша бір де бір қатысушы назардан тыс қалмады. Мерекеден естелік ретінде ұйымдастырушылар Қазақстан Републикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар әрбір қатысушыға «Белсенді қатысқаны үшін» арнайы дипломы тапсырылды.

«Ең үздік ән» номинациясына «Көк тудың желбірегені» әнімен Астана қ. Кәсіптік-техникалық колледжінің студенті Елтаев Еламан ие болды. «Жоғары орындау шеберлігі» номинациясында № 37 орта мектебінің оқушысы Маратов Айбат «Айнакөл» әнімен жеңімпаз болып танылды. 


 

Орындар келесідей бөлінді:

 «Бабамнан қалгаң кең дала» /  (Н. Ә. Назарбаевтың сөздеріне жазылған әндерді орындау) номинациясы бойынша:

– I дәрежелі диплом – Тактанов Бекзат (№ 64 мектеп-лицейі) «Город мой» әнімен;

– II дәрежелі диплом – Кажыкенов Азамат (№ 67 гимназия) «Жерім менің» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Қанат Жандаулет (Басқару колледжі) «Сарыарқа» әнімен;

 

«Біздің Президенттің сүйікті әндері ырғағымен» номинациясы бойынша марпатталғандар:

 

10-12 жас санаты бойынша:

 

– I дәрежелі диплом – Жекей Жанна (№ 23 орта мектебі) «Бүлдірген» әнімен;

– II дәрежелі диплом – Инербаева Азеля (№ 66 мектеп-лицейі) «Атамекен» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Төкенов Ильяс (№ 72 мектеп-лицейі) «Беу айдай» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Ержанова Салтанат (№ 12 орта мектебі) «Жұлдызым» әнімен;

 

13-16 жас санаты бойынша:

– II дәрежелі диплом  – Скнарина Полина (№ 22 орта мектебі) «Анаға сәлем» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Маккаби Фариза (№ 24 орта мектебі) «Көзімнің қарасы» әнімен;

 «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма»

номинациясы бойынша марапатталғандар:

10-12 жас санаты бойынша:

– I дәрежелі диплом –  Садуакасова Айнұр (№ 44 орта мектебі) «Дархан Қазақстан» әнімен;

– II дәрежелі диплом – Ғазизов Рустем (№ 70 мектеп-гимназиясы) «Бейбіт өмір болсын әлемде» әнімен;

 

17-20 жас санаты бойынша:

– III дәрежелі диплом – Гуманитарлық колледждің триосы «Город нашей мечты» әнімен.

 

Конкурстың Бас жүлдесін

«Астана махаббатым менің» әнін орындаған Кәсіптік-техникалық колледждің триосы иеленді.

 

Мұғалімдер арасындағы орындар келесідей бөлінді:

– I дәрежелі диплом – № 67 гимназияның мұғалімдер триосы «Шилі өзен» халық әнімен;

– II дәрежелі диплом – Ысқақ Солдатхан (№ 30 мектеп-гимназиясы) «Жерім менің» әнімен;

– III дәрежелі диплом – Ахажанова Жансая (№ 37 орта мектебі) «Жұлдызым» әнімен;

 

Музыка пәні мұғалімдері арасында Бас жүлдені

«Сәулем-ай» әнін орындаған Ереханова Клара Жұмаханқызы (№ 72 мектеп-гимназиясы) иеленді.

 

Конкурстың қазылар алқасы сонымен бірге «Патриоттық тақырыптағы әндердің үздік авторларын» марапаттады:

– К. Едресов «Бейбіт өмір болсын әлемде» әнімен (№ 70 мектеп-гимназиясы);

– З. Оразбекова және Т. Разина «Город нашей мечты» әнімен (Гуманитарлық колледж).

 

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан басты сыйлықтар – «Алтын микрофон» және 30 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейінгі сертификаттар табысталды.


2016 жылдың 29 тамызында Білім күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде № 64 мектеп-лицейдің бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Ата Заңы Күніне және Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ата Заң – елдігімнің еңсесі» мерекелік сабағы өтті. 

Сабақ Президент Резиденциясы кезінде Құрметті қарауыл қойылған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» музейлік экспозициясының жанында өткізілді. Экспозицияда Мемлекеттік Әнұранның мәтіні, Елтаңба, Ту және еліміздің Конституциясы қойылған.

1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Конституциясы адам, оның өмірі, құқығы мен міндеттері жоғары құндылық болып табылатын республиканың демократиялық құқықтық мемлекет ретінде дамуының жаңа қадамы болды. Мемлекеттің Негізгі заңы – егеменді мемлекеттің дамуының іргетасына айналған ерекше тарихи маңызды құжат.

Бүлдіршіндерге арналған мереке өзін-өзі тану элементтерімен «Менің Отаным – Қазақстан» ойын-викторина форматында өтті. Еліміздің ең жас азаматтары – № 64 мектеп-лицейдің бірінші сынып оқушылары патриотизм, республика тәуелсіздігі және Қазақстан халқының бірлігі туралы тақпақтар айтып берді. Сабақ барысында балалар Қазақстанның картасын салып, өмір барысында басшылыққа алатын «алтын ережелерді» құрастырды.

Отан, туған тіл, мемлекеттік рәміздер сынды ұғымдар жайлы өз білімдерімен бөлісе отырып, балалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Негізгі Заңды әзірлеудегі рөлі туралы білді.

Сабақ барысында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің электронды қорынан алынған бейне және фотоматериалдар қолданылды.

Бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі бірінші сабақтан естелік ретінде сыйлықтар берілді.


       2016 жылдың 12 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде оқушылардың «Әлемді өзгертетін идеялар» қалалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

       Ел тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған конкурсты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

      Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында қоғамдағы өзекті мәселелерді танып білуге және шешу жолдарына бағытталған  оқушылардың ғылыми-зерттеушілік және оқу-танымдық  қызығушылығын ынталандыру;

– Қазақстан   Республикасы   Тұңғыш     Президенті –  Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын кеңінен насихаттау және іске асыруға бағытталған оқушылардың ғылыми жұмыстарының  деңгейі мен негізгі тенденцияларын   зерттеу;

– дарынды және талантты жас зерттеушілерді анықтау  мен қолдау;

– Қазақстан Республикасының  интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

      Конкурстың І кезеңі 10 сәуірге дейін Астана қаласы білім беру мекемелерінде өткізілді. Сәуір айының 29 күні № 62 мектеп-лицейінде өткен конкурстың ақтық кезеңіне 36 жобамен 46 оқушы қатысып, өздерінің ғылыми жобаларын қорғады.

     Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі негізінде  жаратылыстану және гуманитарлық  бағыттар бойынша  анықталды.

      Ғылыми жобалардың басым көпшілігі  инновациялық технологиялар арқылы қазақстандықтардың өмір  сүру сапасын жақсартуға  арналған. Осы жұмыстардың ішінде келесі тақырыптардағы жұмыстарды атап өтуге болады: «Күн сәулесі арқылы жарықтандыру құрылғысы», «Ел экономикасының баламалы түрге – «Жасыл экономика» форматына ауқымды бетбұрысы», «Освещение ночной стороны земли», «Дыбыс – болашақ энергия» және т.б.

      Гуманитарлық бағыттағы жұмыстардың  ішінде қазылар алқасының ерекше назарына  адами капиталдың және «Мәңгілік ел» идеясының дамуына, қазақстандықтардың  ынтымақтастығы мен  бірлігін нығайтуға арналған келесі ғылыми жұмыстар  алынды: «Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулар»,  «Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ұлттық бірлік»,  «Жастар үшін қазақстандық әлеуметтік желі».

      І дәрежелі дипломмен:

- Орынбекова Әсел – № 15 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы;

-  Әбубәкіров Асхат –  № 82 «Дарын» кәсіптік лицейінің оқушысы.

      ІІ дәрежелі дипломмен:

- Асылханов Нұрлан – № 82 «Дарын» кәсіптік лицейінің 10-сынып оқушысы;

- Теміртас Абзал, Нукенов Елжан – № 69 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары;

- Сейітмұрат Аида – № 52 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

- Әбуова Дәрия – № 65 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;

- Кудабаева Әмина – № 73 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы.

      ІІІ дәрежелі дипломмен:

- Букатов Бекзат – № 71 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы;

- Қалыбек Айдана, Алдаберген Ерасыл – № 72 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушылары;

- Тұрғанов Еркебұлан, Темірғалиева Лаура – № 82 «Дарын» кәсіптік лицейінің 10-сынып оқушылары;

- Ислямова Улжан, Исаков Каримжан – № 36 орта мектебінің 10-сынып оқушылары;

- Остапчук Вадим, Андреев Дмитрий  – № 3 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары;

- Айткожин Ақсұлтан  – № 3 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы;

- Бисембайұлы Мирас  –  № 73 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

- Бекайдар Байғали – №78 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы.

          «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі: Тәуелсіздік шежіресі» ғылыми жобасы үшін № 67 гимназияның 8-сынып оқушысы Сұраншиева Данаға Музей атынан естелік кітап ұсынылды.