2011 ж.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде мынадай жарияланымдар баспаға дайындалды:

1. Қазақстан және мұсылман әлемі: фотоальбом / автор-құрастырушы А. Режапов; жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б.Қайыпова. – Астана, 2011.
      «Қазақстан және мұсылман әлемі» фотоальбомы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдегі сыртқы саяси стратегияның қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
      Фотоальбомда Елбасының Жеке Мұрағатынан алынған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ислам әлемі елдерімен мемлекетаралық дипломатияны нығайтудағы рөлін айқын көрсететін мұрағаттық фотоматериалдар жинақталған.

2. Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – Қазақстандағы тұрақтылықтың негізі.
      Буклет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» ғылыми жобасы бойынша дайындалды.

3. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар: библиографиялық көрсеткіш / Жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2011.
      «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар» аңдатпалы библиографиялық көрсеткіші Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітапхана қорындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қалыптасуындағы оның тарихи рөлін көрсетуге арналған кітаптардың библиографиялық сипаттамасынан тұрады. Библиографиялық көрсеткіш негізгі басылым тілдеріне сәйкес екі бөлімге топтастырылды: І – қазақ тіліндегі басылым; ІІ – орыс тіліндегі басылым. Шет тілдеріндегі кітаптар библиографиялық сипаттамалар стандарттарына сәйкес келтіріліп, бөлек тақырыпта хронологиялық тәртіппен орналасқан.
      Көрсеткіш Қазақстанның жаңа тарихын, саяси үдерістер мен оқиғаларды зерттеушілерге, сонымен қатар отандық тарих пен саясаттанудың өзекті мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.

4. Президент және тәуелсіздік: библиографиялық көрсеткіш/ жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2011.
      «Президент және тәуелсіздік» аңдатпалы библиографиялық көрсеткішіне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі кітапханалық қорындағы тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасу тарихына арналған материалдар енгізілген. Материалдарды іріктеуде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевқа сыйға берілген музейлік мәні бар қолтаңбалы авторлық кітаптарға ерекше көңіл бөлінді.
      Көрсеткіш рет саны бойынша нөмірленіп, авторлар мен кітаптар атауларының әліпби көрсеткіші берілген.
      Басылым көпшілік оқырмандарға арналады.

5. Астана: Елорданы құру кезеңдері. Ақпараттық-анықтамалық басылым / жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; автор-құрастырушы Н.Қ. Мусина. – Астана, 2011.
      Басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Тұңғыш Президент және тәуелсіз мемлекеттіліктің өркендеуі» ғылыми жобасы аясында дайындалды.
      Оқырман назарына хронологиялық тәртіпте баяндалған, Қазақстан елордасы Астананың жаңа тарихының басты оқиғалары ұсынылған.
      Басылым қалың бұқараға арналған.

6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінің 2010 жылы атқарған қызметі туралы БАҚ материалдарының жинағы / жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2011.
      Жинақта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2010 жылы атқарған қызметіне қатысты БАҚ материалдары ұсынылған.

7. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі. Музей Первого Президента Республики Казахстан. Museum of the First President of the Republic of Kazakhstan.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің экспозицияларына арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі буклет.

8. Қазақстан жетістігінің сәулетшісі / жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. М. Қайыпова; құрастырушылар Г.Б. Қарағызова, Д.С. Мақыбаева. – Астана, 2011.
      Басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен басталған «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалды. Кітапшада әлемдік қауымдастық өкілдерінің Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың саяси қайраткер ғана емес, сонымен қатар айрықша тұлға екендігі жайлы айтылған сөздері ұсынылған.

9. «Тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыс тәжірибесінен)» / Ғылыми редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова; автор-құрастырушы Р. Қазбекова. – Астана, 2011.
      Осы кітапша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының қалыптасу және дамуындағы саяси бастамалары» білім бағдарламасы аясында дайындалды.
      Жұмыста тұлғаны әлеуметтендірудің өзекті мәселелері, әлеуметтік-мәдени институттар жүйесіндегі музейдің рөлі ашылып, тұлғаны әлеуметтендірудегі музей педагогикасының мәні көрсетілген, оқушының өз ойын білдіру талаптарын, әлеуметтік дағдылануын жүзеге асыруға көмектесетін музейлік коммуникацияның интерактивтік формасы мен тәсілдері ұсынылған, музейдің білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі қорытындыланған.
      Кітапша материалдары музейлер әлеуетін пайдалана отырып, оқушыларды әлеуметтік тәрбиелеу саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді, музей ісінің қызметкерлеріне, әлеуметтік жұмыс жасайтын мамандарға, әлеуметтік педагогика факультетінде оқитын студенттерге арналған, көпшілік әлеуметтік сала қызметкерлеріне де көмегі болады.

10. Атамекен – алтын бесік / Жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова; автор-құраст. Л. Омарова. – Астана, 2011.
      Кітапша «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Отбасында, мектепте және әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттерді қалыптастыру» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
      Кітапшада музейде ұйымдастырылған «Атамекен» экспозициясы арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлға болып қалыптасуына, Елбасының бойында лидерлік қасиеттердің пайда болуына ықпал еткен жағдайлар туралы баяндалады. Еңбекке Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қорының экспонаттары, Мемлекет басшысы жеке мұрағатының құжаттары мен фотоматериалдары пайдаланылды.

11. Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси бастамалары: ҚР және ЕҚЫҰ ынтымақтастығы траекториясы / жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б.М. Қайыпова. – Астана, 2011.
      Ғылыми мақалалар жинағы «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдегі сыртқы саяси стратегияның қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
      Жинақ қалың бұқараға арналған және анықтама, оқу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

12. Президент және тәуелсіздік. Ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, К.Қ. Ақтаева. – Астана, 2011.
      Музей жиынтығы экспонаттары мен материалдарын музейтану тұрғысынан зерттеу жинағы «ҚР Тұңғыш Президент Музейі коллекциясынан» сериясын жалғастырады. Басылым Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған. Коллекция құрамы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңдегі Қазақстан Республикасы дамуының негізгі басымдықтарын, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елімізбен ынтымақтастықта жұмыс істейтін мемлекеттердің бірінші басшыларымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерімен өзара қарым-қатынасының сипаты мен стилін мейлінше жан-жақты көрсетуге мүмкіндік береді.
      Жинақ материалдары тарихшылар, этнологтар, саясаттанушылар, тарих мамандықтарының студенттері, музей қызметкерлері үшін қызығушылық тудырады.

13. Елбасы және тәуелсіздік. Ғылыми мақалалар мен құжаттар жинағы / жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б.М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2011.
      «Елбасы және тәуелсіздік» ғылыми мақалалар мен құжаттар жинағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттіліктің жаңғыруы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
      Жинаққа Музей қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу, қор, ағартушылық қызметінің негізгі бағыттарына арналған мақалалары енді. Жұмыста Елбасының Жеке мұрағатынан, Жеке кітапханасынан, сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президентінің Музей қорынан алынған материалдар пайдаланылды.
      Жинақ қалың бұқараға арналған және анықтама, оқу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

14. Елбасы және мәдениет: материалдар мен құжаттар жинағы / жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана, 2011.
      «Елбасы және мәдениет» ғылыми мақалалар мен құжаттар жинағы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттіліктің жаңғыруы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
      Жинақта Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасындағы мәдениет және мәдениет саясаты саласындағы сөйлеген сөздері, заңнамалық базасы және мақалалары жинақталған, сонымен қатар Тұңғыш Президенттің мәдениет саласындағы қызметіне БАҚ-тарда берілген зерттеу бағалары берілген.
      Осы жұмыста Елбасының Жеке мұрағатынан алынған өз қолымен белгілер соғып, қолтаңбасын қалдырған және Тұңғыш Президент Музейі қорынан алынған материалдар тұңғыш рет айналымға енгізілді.
      Жинақ қалың бұқараға арналған және анықтама, оқу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

15. Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету: дөңгелек үстел материалдары, Астана қаласы, 26 қыркүйек 2011 ж. Толерантность в казахстанском обществе: исторические корни, проблемы и пути поддержания диалога конфессий: мат. круглого стола, г. Астана, 26 сентября 2011 г. / ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011 – қазақша, орысша.
      Жинаққа «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілген «Қазақстан қоғамындағы төзімділік: тарихи тамырлары, мәселелері және конфессиялар арасындағы өзара сұхбатқа қолдау қөрсету» тақырыбындағы «дөңгелек үстелдің» материалдары енді.
      Мұнда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының мәдениетаралық және конфессияаралық, ұлтаралық және дінаралық қатынастар саласындағы өзара қарым-қатынасы; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қоғамдағы мәдениетаралық және конфессияаралық үндестікті орнатуға, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған ой-тұжырымдарына байланысты көкейкесті мәселелер қарастырылды.
      «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Астана қаласының діни конфессиялары мен ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер қатысты.

16. Музей сабақтарының жинағы / Жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова; құраст. Р. Қазбекова, Ә. Оспанова. – Астана, 2011.
      Бұл жинаққа Музей қабырғасында сынақтан өткен сабақтар мен сабақтан тыс шаралардың сценарийлері кірген. Әрбір сценарий тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын, бәсекеге қабілетті, отанын сүйетін ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсат етіп алған.

17. Музей жинақтарын есепке алу мен экспонаттауды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің нормативтік және әдістемелік әзірлемелерінің жинағы/жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, К. Ақтаева. –Астана, 2011.
      Бұл жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Есепке алу және сақтау бөлімі мен Экспозициялар мен экскурсиялық қамтамасыз ету орталығы әзірлеген нормативтік және әдістемелік материалдар кешенінен құралған. Бұл материалдар ақпараттық технологиялар мен мұрағаттық, кітапхана және музей материалдарын есепке алу, сақтау және зерттеуде жүйелілік қағидатын қолдана отырып, музейлік мекемелер қызметінің негізгі бағыттарын регламенттейді.
      Бірінші бөлімде нормативтік құжаттама берілген. Екінші бөлімде музей ісі мен тарихи ескерткіштерді қорғау саласының мамандарының ғылыми сараптамасынан өтіп, пайдаланылған материалдары көрсетілген әдістемелік әзірлемелер берілген.
      Жинақ материалдары республика музейлік мекемелерінің іс-тәжірибесінде «Тарих», «Тарихи ескерткіштерді қорғау және музей ісі» мамандықтары бойынша сабақ өткізу барысында пайдаланылуы мүмкін.

18. Қазақстан астанасының көз тартар көрікті жерлері. Анықтамалық-әдістемелік материал / Жалпы редакциясын басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова; құрастырушы-автор Н. Мусина. – Астана, 2011.
      Бұл кітапша Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттіліктің жаңғыруы» ғылыми жобасы аясында дайындалды.
      Оқырман назарына Қазақстанның жаңа астанасының атауымен байланысты негізгі көз тартар көрікті жерлері туралы материалдар ұсынылған.
      Басылым қалық жұртшылыққа арналған.

19. Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Астана қаласы, 21 қараша 2011 ж. Путь независимости: история, реалии и перспективы: мат. Международной науч.-практ. конф., г. Астана, 21 ноября 2011 г. / Ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011 – қазақша, орысша.
      Жинаққа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы: тарихы, бүгінгі шындығы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары еніп отыр.
      Мұнда тәуелсіздік алу және жаңа мемлекеттілікті құру, Мемлекет басшысы – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық бастамаларының тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлі; елді әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық жаңарту перспективалары мен бағыттары; тарихи бағыттағы музейлердің қазіргі кезеңдегі ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық потенциалының өзекті мәселелері талқыланды.
      Конференция жұмысына мемлекеттік ұйымдар, елшіліктер, ғылыми және музей қоғамдастығы, студенттік қоғамдастығының өкілдері қатысты.

20. Алға ұмтылған Қазақстан. Аймақаралық (Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары) көрмелер каталогі / Жалпы редакциясын басқарған: А. Сағынғали, К. Ақтаева; құрастырушылар Н. Шырымбаева, Б. Хасенова, Ш. Кұнанбаева, Ж. Аубакирова. – Астана: ҚР ТПМ, 2011.
      Каталогта ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі бастамасымен «Алға ұмтылған Қазақстан» жобасының аясында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының «Ұлы тұлғалар бесігі», Оңтүстік Қазақстан облысының «Шырайлы өлкенің шежіресі» және Маңғыстау облысының «Тоқсан жолдың торабында тоғысқан» атты көрмелердің материалдары жинақталған.
      2008–2010 жылдарға арналған аймақаралық көрме жобасының нәтижесінде өткізілген көрмелер бойынша Қазақстан өңірлерінің тарихы мен этнологиясының ерекшеліктерін толық әрі көркем суреттейді. Оқырмандардың назарына Семей қаласындағы республикалық мемориалдық, облыстық тарихи-өлкетану музейлер», Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, Оңтүстік Қазақстан республикалық, облыстық тарихи-өлкетану музейлері және Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан ұйымдастырылып Елордаға әкелінген жәдігерлер ұсынылған.