2009 ж.

   2009 жылдың 26 қарашасында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Алматы облысы әкімінің «Бейнелеу өнері галереясында» (Талдықорған қаласы) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (Астана қаласы) қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.
      Көрме мазмұнының негізін АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан, Еуропалық Одақ елдері, Азия-Тынық мұхит өңірлері, мұсылман елдері және ТМД республикалары секілді әлемдік державалардың басшылары сыйға тартқан тартулар құрайды.
      Көрмеге шетелдік сапарлар мен форумдар кезінде әлемнің 32 елінен еліміздің Президентіне сыйға тартылған 224 экспонат қойылған. Олардың арасында күміс және фарфордан жасалған сәндік табақтар, сыйға берілетін коллекциялық монеталар мен маркалар жиынтығы, ұсақ пластика бұйымдары және басқалар бар. Бұл экспонаттар келушілердің басқа халықтардың мәдениетімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
      Бұл күні музейде шығармашылық және ғылыми қауым өкілдері, музей достары жиналды. Барлық қатысушыларды көрменің ашылуымен Алматы облыстық Қазақстан Халқы Кіші Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабитолла Жүрсінбай құттықтады. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, О. Г. Дымов пен ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты рәсімге Алматы облысы филармониясының әртістері көрік берді.
      Тұңғыш Президент Музейінің қорынан ұйымдастырылған көрме 2009 жылдың 26 қарашасынан 19 желтоқсанына дейін жұмыс істейді.


      2009 жылдың 30 қазанында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
      Көрменің мақсаты Қазақстанның қазіргі әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін, егемендік алған кезеңнің жетістіктерін Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызметі арқылы көрсету көрсету болып табылады.
      Ғасырлар тоғысында Қазақстан өзін көп ғасырлық тарихы, бай және әр алуан мәдени мұрасы бар қарқынды дасушы қазіргі заманғы мемлекет ретінде көрсете білді. «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» көрмесінің ашылуы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аймақтың мәдени өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болды.
      Көрмеге шетелге барған сапарлары мен форумдарда әлемнің 32 елінен еліміздің Президентіне сыйға тартылған 266 экспонат қойылды. Олардың арасында қыштан жасалған сәндік табақтар, коллекциялық монеталар мен маркалардың кәдесый жинақтары, ұсақ пластикадан жасалған бұйымдар және т.б. бар. Бұл бұйымдар көрермендердің өзге халықтардың мәдениетімен жақынырақ танысуына мүмкіндік береді.
      Бұл күні музейге шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері, музейге тұрақты көрермендері мен достары келді. Барлық қатысушыларды Қостанай облысы әкімінің орынбасары С.Ч. Бектұрғанов көрменің ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.С. Сағынғали құттықтау сөз сөйледі. Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншілері көрік берді.
      Тұңғыш Президенті Музейі қорынан ұйымдастырылған көрме 2009 жылдың 18 қарашасына дейін жалғасады.


     2009 жылдың 19 қаңтар - 1 наурыз. «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының бастамасы бойынша партияның құрылғанына 10 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар аясында Бұхар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер мұражайы ұйымдастырған «Нұр Отан» - жасампаздық партиясы» атты көрме өтті.
      кспозицияның орталық бөлігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан жасақталды, ол еліміздің аймақтық және жаһандық ауқымдағы беделі мен ықпалын арттыруда мемлекет және партия лидері Н.Ә. Назарбаевтың рөлін ашып көрсетеді.
      Көрменің ашылуына «Нұр Отан» ХДП облыстық және қалалық филиалдарының басшылары, «Жас Отан» партиясы жастар қанатының белсенділері, облыстық Ардагерлер кеңесінің өкілдері мен Павлодар қаласының жұртшылығы қатысты.


     2009 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11.00-де Теміртау қаласының тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан әлемдік қоғамдастықта» атты көрме ашылды.
      Көрменің мақсаты еліміз ұстанып отырған көп векторлы сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында әлемдік қоғамдастықтағы орны мен рөлін көрсету болып табылады.
      Бұл тақырып Н.Ә. Назарбаевтың Жеке мұрағатынан алынған материалдар мен музей жинақтары коллекциясынан алынған жәдігерлер арқылы алуан қырынан ашылған. Экспозициядан әлемнің 22 елінен сыйға тартылған 130 жәдігерді көруге болады, олардың басым бөлігін Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, қоғамдық ұйымдар мен ірі компаниялардың жетекшілері тарту еткен. Олардың арасында қазіргі саяси және мемлекеттік қайраткерлер сыйжазбаларын қалдырған кітаптар, құттықтау жолдаулар, құжаттар мен фотосуреттер бар. «Оралдың жарқырауық асыл тастары», «Аққұтандар» атты айналмалы панносы, «Самурай» қуыршағы секілді кәдесый композициялары келушілердің айрықша қызығушылығын тудырса, нумизматикамен әуестенушілерді Сингапур маркілері, АҚШ Президенті Б.Обаманың суреті салынған монета және т.б. қызықтырады.
      Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.Сағынғали, Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы Г.Ш. Тұяқов құттықтау сөз сөйледі.
      Көрме 2009 жылдың 25 қазанына дейін жұмыс істейді.