Құрылым туралы мәліметтер
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Музейі
Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметі
Функциялары:
– Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы тарихы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тарихи рөлі жөнінде ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
– ғылыми-іздестіру, деректемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
– қолданбалы музейтанушылық зерттеулерді жүргізу;
– тәуелсіздік пен Елбасы бастамаларының жетістіктерін көпшілікке таныстыруға бағытталған ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыру;
– әдістемелік кеңес беру жұмысын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Музейінің жанындағы Педагогтар кеңесі қызметін ұйымдастыру.
– қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін көпшілікке жария ету және насихаттау.
Қызмет басшысы – Мусина Назира Қасымжанқызы
Тел.: 8 (7172) 75 12 13
Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметі
Функциялары:
– музейлік қордың мемлекеттік есебін, музей құндылықтарын заңды және жеке қорғауды қамтамасыз ету;
– музей жинағын топтастыруды (кешендеуді) жүзеге асыру;
– музейлік заттарды бұзылудан, бүлінуден, ұрланудан қорғауға кепілдік беретін, яғни, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.
– есепке алу-сақтау және ғылыми-қор жұмысын ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету;
– музей жинақтарын музейлік тұрғыда зерттеу, ғылыми-қор зерттеулер нәтижелерін қоғамдық пайдалану үшін жағдай жасау;
– музей жинақтарын көпшілікке жария ету.
Қызмет басшысы – Молдағаринова Зульфия Имансарықызы
Тел.: 8 (7172) 75 12 86
Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметі
Функциялары:
– Кітапхананың экспозиция және көрме қызметінің ғылыми-әдістемелік және әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстарын қамтамасыз ету;
– экспозиция және көрме қызметінің нәтижелері бойынша еңбектерді жариялау;
– экспозиция және көрме қызметінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
– тұрақты және уақытша көрмелерге қойылатын музейлік маңызы бар заттардың сақталуын қамтамасыз ету;
– экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Қызмет басшысы – Шырымбаева Нұржамал Алдиярқызы
Тел.: 8 (7172) 75 12 14
Экскурсия қызметі
Функциялары:
– Музей және Кітапхана ғимараты бойынша барлық келушілерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жалпылама, тақырыптық, авторлық экскурсия дайындау және жүргізу;
– ғылыми-экспозициялық жобалардың тақырыптары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жылжымалы және тұрақты экскурсияларды жүргізу;
– экскурсия қызметінің бағыттары бойынша (тақырыптық бағдар, технологиялық карталар, глоссарий және басқалар) әдістемелік талдамаларды құрастыру;
– экскурсия мәтіндерін қоғамдық-саяси және тақырыптық өзектендіру;
– экскурсия жүргізушілер мен гид-аудармашыларды (тысқары кәсіптік мекемелердің сұранысы бойынша) дайындау курстарының тыңдаушылары үшін экскурсия жүргізу бойынша сараптамалық әдістемелік көмек көрсету.
Қызмет басшысы – Шоткина Әсел Қанатқызы
Тел.: 8 (7172) 75 12 76



