2009 ж.

23 желтоқсан 2009 жыл

Музейдің Күмбезді залында суретші Ералы Оспанұлының Ұлан Жәкеевтің коллекцияларынан алған «Бабалар аманаты» атты көрменің ашылуы мен «Қазақтың салт-дәстүрлері. Нәрестенің дүниеге келуі, балалық шағы және үйленуі» альбомының тұсаукесері өтті.
      Графикалық кескіндемелер сериясының авторы суретші Ералы Оспанұлы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелдерде де танымал. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы тарихи жәдігерлерді өңдеу негізінде көне бедерлер мен фотосуреттер арқылы салт-дәстүрлер мен рәсімдерді қысқа да нұсқа етіп сипаттаған бірқатар кескіндеме жұмыстары жасалған, бірақ олардың көпшілігі қазірде ұмыт болған немесе олардың мән-мағынасы бұрмаланып жеткен.
      Көрмеге қойылған жұмыстар қазақтардың адам өмірінің маңызды кезеңдерін – нәрестенің дүниеге келуі мен үйленуін көрсететін көне дәстүрлері мен салттарын көруге мүмкіндік берді. Бұл – үлкен жобаның бастамасы ғана, ол 2010 жылы наурызда Тұңғыш Президент Музейінде жалғасын таппақ.


10 желтоқсен 2009 жыл – 10 қаңтар 2010 жыл

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасындағы Польша Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында «Ұлы дала бейнесі» атты көрме өтті. Көрмеге ХІХ ғасырдың соңындағы қазақтардың этнографиясы мен материалдық мәдениеті бойынша салынған Константин Николаевич де Лазаридің фотосуреттер коллекциялары мен Б. Залесскийдің графикалық шығармалары қойылды.
      Поляк авторлары жұмыстарының көрмесі еуропалық зерттеушілер көзімен қарағанда Ұлы Дала көріністерін неғұрлым толық көрсетуімен және қазақ халқының тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетінің неғұрлым толық көрсетілуімен таңғалдырды.
      Қазақ халқының ішкі саналуандығы мен бейнелеу тәсілдеріне өте бай, тамыры ғасырлар қойнауына кететін ұлттық мәдениеті бар. Өз жұмыстарда поляк авторлары қазақтардың мәдениеті мен тұрмысын мүмкіндігінше егжей-тегжейлі және шынайылықпен бейнелеуге тырысқан.
      Үлкен көрме залына Жетісу облысы Лепсі уезінің бастығы, поляк зерттеушісі К. Н. де Лазаридің ХІХ ғасырдың соңында түсірілген ең жарқын этнографиялық фотоколлекциялары қойылды. Техникалық күрделілігіне қарамастан, 29 фотосуреттің барлығы да көшпелі тұрмыс жағдайында, ХІХ ғасырдағы жағдайға сәйкес киім үлгілерін көрсете отырып орындалған.
      Еуропа суретшілері арасында тұңғыш рет Бронислав Залесскийдің «Қазақ даласындағы өмір» шығармалар коллекциясында қазақтардың өмірі нағыз шынайы қалпында көрсетілген. Үй жабдықтары, киім-кешектері, этнографиялық детальдардың суреттері аса дәлдікпен салынған, пейзаждар мен өткеннің ескерткіштері тамаша орындалған. Бронислав Залесский материалдары - өте биік талғамның, әсердің, табиғаттың айрықша сипатының, адамдардың және олардың ХІХ ғасырдағы өмірінің коймасы, қайнар көзі. Әлем поляк суретшісінің Маңғышлақта өткізген өмірінің бір үзігінде назары түскен және үнемі серігі болған қарындашымен бейнелеген нәрсенің барлығымен ат үсті болса да таныса алды.


20 қараша – 6 желтоқсан 2009 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысының музейлер қорынан ұйымдастырылған «Тарихи оқиғалар тоғысында» көрмесі Қостанай мен Ақтөбе облыстары өздерінің музейлік артефактілерін ойдағыдай ұсына білген «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасының күзгі циклын аяқтады. Солтүстік Қазақстан облысы экспозициясының басты ерекшелігі Дала өлкесінің археологиясын, жәрмеңке тарихы мен кереуен саудасын және Ресейдің отарлауы нәтижесінде аймақтың дамуын кеңінен көрсету болып табылады. Өзінің табиғи-географиялық орналасуына байланысты бұл аумақ қашан да қазақ халқының тағдырын айқындайтын мәні бар оқиғалар мен деректердің, тарихтың аса маңызды тоғысында тұрды.
      Экспозицияның бірінші бөлімі «Ежелгі мәдениеттің мәйегі» деп аталады және өлкенің Қазақ хандығы кезеңінен бері қарайғы тарихын баяндалды. Өлкені отарлау тарихы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған мұрағат және бұйымдар кешені арқылы көрсетілді. Облыстың көптеген мемориалдық музейлері өз қорларының аз ғана, бірақ неғұрлым иллюстрациялы бөлігін әкелді. Белгілі зерттеуші, этнограф және географ Ш.Уәлиханов, әдебиетшілер және қоғам қайраткерлері М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, И.Шухов, ғарышкер В.Шаталов пен А.Викторенко тұлғалары арқылы өңірдің тарихи-мәдени дамуының кең панорамасы көрсетілген.
      «Ұлттық тарих – ұлы ұғым» деп аталатын екінші бөлім ежелгі дала мәдениетінің тарихи қайта жаңғырған артефактілерін ұсынды. Ботай селосынан табылған археологиялық ескерткіштер адамзат тарихында ғылыми дәлелденген деректердің – уақыт пен жылқыларды қолға үйретудің шынайы мәні туралы ойлануға «барынша жақын келуге» мүмкіндік берді. Бұл оқиғаның адамзат өркениетінің дамуында зор әлеуметтік және экономикалық маңызының болғаны белгілі, ол көліктің, қарым-қатынастың дамуына алап келді, өндірілетін тағам өнімдері мен қару-жарақ санын көбейтті. Британдық археологтар мен антропологтардың Ботай селосынан табылған материалдарды зерттеуі Солтүстік Қазақстанның орманды дала аймақтарында жабайы жылқыларды алғаш қолға үйрету деректерін растады.
      Экспозицияның «Өлкедегі сауда айналымы» деп аталатын үшінші бөлімі бекіністің, кейіннен өлкенің сауда орталығы ретіндегі Петропавл қаласының дамуына арналды. Көпестік сословиенің гүлденуі, демек, қала қазынасының толығуы бекіністің Есіл жағалауының ірі саяси және экономикалық орталығына айналуымен байланысты болды. Мұнда Ресей мен орта Азиядан шығатын сауда жолдары түйісіп, Моңғолиямен, Қытаймен, Ташкентпен, Қоқанмен, Хиуамен арадағы кереуен саудасы қайнап жатты.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі «Тарихи оқиғалар тоғысында» ауқымды көрмесімен әр көрме сайын бастамашыларды да, қонақтарды да республикамыздың тарихы мен мәдениетінің байлығы мен әр алуандығына көзін жеткізе отырып, «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық үш жылдық көрме жобасының екінші жылын аяқтады.



21 қазан – 11 қараша 2009 ж.

Ақтөбе облысының музейлер қорынан ұйымдастырылған «Ақтөбе: ғасырлар биігіне көз салғанда» көрмесі 2008 жылдан бастап ойдағыдай іске асырылып келе жатқан «Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты - қалың жұртшылыққа Қазақстан Республикасы облыстарының материалдық және рухани мәдениетінің үлгілерін, тарихының беттерін таныстыру.
      Экспозицияның «Тарихпен терең үндескен» атты бірінші бөлімінде аймақ өміріндегі неғұрлым жарқын тарихи кезеңдер ақтөбе топырағынан шыққан ұлдар мен қыздардың еңбектегі және жауынгерлік ерліктері арқылы көрсетілді. Ә.Молдағұлова, Ш.Берсиев, Н.Байғанин, А.Досжанова, А.Жұбанов, Ғ. Жұбанова сынды тұлғалар - осы өңірдің тумалары.
      «Өнерді құрметтеу – ұрпақ парызы» деп аталатын екінші бөлімде қазіргі Ақтөбе облысының қазіргі суретшілерініңжұмыстары қойылған. Жас та болса танылып үлшерген талантты мүсінші М. Ғабдырахмановтың жұмыстары үлкен қызығушылық туғызды.


11 қыркүйек - 8 қазан 2009 ж.

Қостанай облысы музей қорларынан ұйымдастырылған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» атты көрме «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылды.
      Қазақ ағартушылық тарихы, ұлттың зиялы қауымының өсіп-қалыптасуы Қостанай өңірімен тікелей байланысты. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, мәдени құрылыстың белсенді қатысушылары мен қазақ мемлекеттілігі мұратының жаңа тұрпатты негізін салушылар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар - осы өңірден шыққан тұлғалар.

Қостанай топырағы Ресей империясының көптеген халықтары мен кеңес өкіметі тұсындағы арнайы жер аударылғандар үшін өздерінің отанына айналды.
      Облыстық музей қорларынан алынған фотоматериалдар, мұрағат құжаттары мен музей құндылықтары Қазақстан аумағын мекендейтін көптеген халықтар мәдениетінің бесігіне айналған Қостанай аймағының тарихы мен мәдениетінің әр алуан қырларын ашады.
      Экспозиция үш залға қойылды. Егер Түскі ас залында жаңа және қазіргі заманғы қазақ зиялыларының ұлы өкілдерінің әдеби шығармашылығы, рухани ізденістері қойылса, Үлкен және Кіші банкет залдарына Қостанай облысы аумағында тұратын ұлттар мен ұлыстардың көркем шығармашылығы мен материалдық мәдениетінің ең жарқын үлгілері қойылды.


2009 жылдың 25 қыркүйегінде

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі мүсінші Серікжан Ишановтың шеберлік сыныбы өтті. Астана қ. ЮНЕСКО клубы - Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары Музейдің Қостанай облысының музейлер қорынан ұйымдастырылған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» көрмесі қойылған экспозициялық залдарының бірінде ағаш ою, ағаштан мүсін жасау шеберлігін үйренуге алғашқы қадамын жасап көрді.
      Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі – әр алуан аймақтық ерекшеліктері бар Қазақстан тарихы мен мәдениетінің бар байлығы мен тереңдігін көрсетуге ұмтылады. Бұл кездейсоқ емес, өйткені көрменің өзі де, экскурсиялар да, шеберлік сыныптары да 2008 жылдан бері ойдағыдай іске асырылып келе жатқан «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақаралық көрме жобасы аясында өтуде.


2009 жылдың 24 тамызында

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтті. Музейге жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауға әріптестер мен серіктестер келді. Осы мерекеге орай әр алуан іс-шаралар орайластырылып, ғылыми-тәжірибелік конференция, тақырыптық конференция, шеберлік сыныптары және т.б. өткізілді.
      «Шығармашылық және жасампаздық дәуірі» көрмесі соңғы бес жыл ішіндегі аз ғана, бірақ мазмұнды тарихпен - Тұңғыш Президент Музейінің қызметімен таныстырды. Экспозицияға Қазақстанның жаңа тарихын зерттеу мен насихаттау жөніндегі жұмысының негізгі бағыттары бойынша Музей ұжымы қызметінің нәтижесі ретіндегі құжаттар, фотоматериалдар, музей коллекциялары зерттеулерінің жинақтары, сонымен қатар Музейдің негізгі қорынан алынған, әдетте қалың көпшілік назарына ұсыныла бермейтін сирек, бірегей экспонаттар қойылды.
      Мерейтойға орай дайындалған деректі фильм Музей дамуындағы негізгі кезеңдерді, жарқын тұлғалар мен айтулы оқиғаларды көрсетіп, қызметкерлер көзімен қарағандағы Музей қызметінің барлық бағыттары туралы жан-жақты әңгімелеп берді.


30 маусым – 31 шілде 2009 ж.

«Балалар ертегілер әлемінде» атты көрме Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ съезінің өтуіне орайластырылып, «Мәдениет арқылы пікір алысу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды, оның ашылуы Съезд Хатшылығының мәдени бағдарламасына енгізілді.
      ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі көрмені өткізу үшін келушілерге өз залдарының есіктерін үлкен қуанышпен айқара ашты. Экспозицияның негізі – ШЫҰ-ға қатысушы елдер балаларының көрші мемлекеттер ертегілері тақырыптарына салған суреттері. Бұл бастаманы ШЫҰ Хатшылығы балалар арасында басқа халықтардың мәдениетіне төзімділікті қалыптастырып, дамыту, құрмет көрсету мақсатында жарияланды. Балалардың басқа елдердің салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрпымен танысуы маңызды факторлардың бірі болып табылады.
      Бағдарламаны ұйымдастырушылар - Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы, А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайы (Мәскеу қ.), Ш. Марджани атындағы Ғылыми және мәдени бағдарламаларға қолдау көрсету және дамыту қоры (РФ), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақстан халқының рухани даму қоры», Астана қ. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы.
      Қонақтар Музей алдындағы алаңда орналасқан жас суретшінің шеберханасын көру, М.Өтемісов атындағы Оқушылар шығармашылығы сарайының «Бәйтерек» би ансамблінің, Қазақ Ұлттық музыка академиясының, №2 балалар музыкалық мектебінің жас музыканттарының өнерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
      Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Ханаа Сингер ханым, жобаның авторы, А.Пушкин атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері мұражайының аға ғылыми қызметкері И.В. Захарова, Марджани қорының өкілі М.Р. Заргишиев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.С.Сағынғали қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
      Көрмені ұйымдастырушылардың бір ғана мақсаты бар, ол – қоғамдағы ұлтаралық келісім мен төзімділікті нығайту, өскелең ұрпақты барлық халықтарды, олардың мәдениеті мен наным-сенімдерін құрметтеу рухында тәрбиелеу. Көрменің ашылу рәсіміне ІІІ съезд Хатшылығының, ЮНИСЕФ және ШЫҰ өкілдерінің қатысуы осыншалықты беделді халықаралық ұйымдар мен форумдарды біріктіретін мұраттардың ұқсастығы мен барабарлығының куәсі болып табылады.


26 мамыр – 17 маусым 2009 ж.

«Балалық шақтың жұлдызды әлемі» көрмесі Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралардың бастауы болды.
      Экспозицияға Астана қ. М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы жанындағы «Икебана» балалар студиясы мен №31 мектеп-гимназияның «Эксклюзив» үйірмесіне қатысушы балалардың жұмыстары қойылды.
      «Икебана» студиясы алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қабырғасында флористикалық панно, коллаж, қамыр пластикасы, терра, гобелен, жыртылған, умаждалған қағаздармен жұмыс істеу техникасы, жапсырма, әйнекке әшекей салу және т.б. орындау техникасы арқылы жасалған балалар жұмыстарын көрермендер таразысына ұсынды.
      Ұсынылған жұмыстардың авторлары - Алматы қаласында өткен «Бабалар мұрасын сақтап, көбейтеміз» атты республикалық конкурстың бірнеше мәрте лауреаттар мен дипломанттары, Жапониядағы ошибане бойынша (жалпақ флористика) өткен көрменің қатысушылары. 2008 жылдың қазанында «Икебана» студиясы Астана қаласында өткен «Армысың, Жапония!» фестивалінде гран-приді жеңіп алды.
      Көрмеде сонымен қатар Ы.Алтынсарин медалінің иегері, жоғары санатты мұғалім Г.А. Шандыбаның басшылығымен №31 мектеп-гимназия жанында 16 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Эксклюзив» үйірмесіне қатысушылардың да бірнеше жұмыстары қойылған.
      Қатысушыларға арнап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А.Сағынғали, Астана қ. Білім беру басқармасының өкілі А.С. Балташева, «Икебана» студиясының жетекшісі М.Н. Крякушина құттықтау сөз сөйледі.
      Салтанатты іс-шарада «Юность Астаны» эстрадалық балалар студиясының қатысушылары вокалды нөмірлер бойынша өнер көрсетті.

2009 жылдың 20 мамырында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің бастамашылығымен «Невада-Семей» ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысына 20 жыл толуына арналған мерекелік іс-шаралар өтті.
      Баспасөз залында қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысының негізін салушы және жетекшісі, ақын Олжас Сүлейменовпен баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына сонымен қатар ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысы филиалдарының басшылары Картоев Султан Омарович, Хамиев Марғұлан Хамиевич қатысты.
      Баспасөз конференциясын ұйымдастырушылар сөз сөйлегеннен кейін БАҚ өкілдеріне сұрақ қою үшін уақыт берілді. Масс-медиа өкілдерін, ең алдымен, ядролық мәселелерді шешуге қатысты қазіргі көзқарастар қызықтырды.


20 мамыр – 16 маусым 2009 ж.

«Ғасырлар таңбасы» көрмесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысы (Алматы қ.) қорларынан ұйымдастырылды.
      Көрмеге қойылған материалдар Семей полигонының тарихы, онда жүргізілген сынақтардың зардаптары туралы әңгімелейді, бірақ көрменің ең басты мақсаты - полигонның жабылуында «Невада-Семей» қозғалысының, оған дем беруші және құрушы О.Сүлейменовтің атқарған рөлін көрсету. Мұнда Ю.Куйдиннің фотоальбомынан, Мемлекет басшысының Жеке мұрағаты мен «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысы мұрағатынан алынған құжаттар қойылған. Бұл парламент және халық дипломатиясы дамуының негізгі кезеңдерін қайта жаңғыртуға мүмкіндік берді, оның басты нәтижесі Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы болып табылды. «Жусанның кермек дәмі» атты инсталляция экспозициядағы басты орынға ие.
      Көрменің ашылу салтанатына ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, ҚР аккредитациядан өткен дипломатиялық корпус өкілдері, республиканың мәдени жұртшылығы қатысты.
      Жиналғандарға арнап Астана қ. ЕҚЫҰ Орталығының жетекшісі А. Кельчевски, «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес қозғалысының президенті О. Сүлейменов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры А. Сағынғали құттықтау сөз сөйледі.


22 сәуір – 22 мамыр 2009 ж.

Астана қ. Балалар көркесурет мектебі – ЮНЕСКО клубы «Жаңа көзқарас» фотокөрмесі.
      Фотосурет кез келген басқа өнер секілді адамды қуанта да, қайғырта да алады. Қобалжыта да, күлдіре де, толқыта да алады, сондай-ақ лирикалық күйге де түсіре алады. Балалар шығармашылығының табиғаты балалық шақтың өзі секілді шынайы. Жас фотосуретшілер суретке түсірген сәтте барлығына жаңаша көзқараспен қарайтындықтан, алдыңыздан тұрақты әрі өзгергіш, таныс әрі осы күнге дейін бейтаныс әлем ашылады.
      Балалар көркемөнер мектебі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қабырғасында көрермендер талғамы ме талқысына өзінің бірқатар оқушыларының, сонымен қатар жас әрі талантты оқытушы В.В.Коротичтің авторлық жұмыстарын ұсынады.


14 сәуір – 22 мамыр 2009 ж.

«Қылқаламдағы сырлы сезім» көрмесі Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Сәдір Кәрібайдың жұмыстарын көрермендер талғамы мен талқысына ұсынады.
      Көрме қазақ мәдениетінің бірегейлігі, қайталанбастығы тақырыбын одан әрі жалғастыра, толықтыра түсті. С. Кәрібайдың бірқатар жұмыстары Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде 2008 жылдың сәуірінде «Алға ұмтылған Қазақстан» аймақаралық жоба аясында Атырау облысы музейлері қорынан ұйымдастырылған көрмеге қойылған болатын.
      Суретші 1956 жылы Арал қаласында туған. Бүгінде суретшінің жұмыстары облыстық, республикалық галереяларға қойылған, еліміздегі және шетелдердегі жеке коллекциялар құрамында.
      Көрмеге суретшінің 37 полотносы қойылған. Шебер абстракционизм, импрессионизм, постимпрессионизм, символизм әдістерін пайдалана отырып, белсенді түрде сынақ жүргізеді. Оның барлық жұмыстары туған жердің ұлттық бояуы мен мәңгілік әрі өзгеріп отыратын айналадағы әлемнің рухани мәнін танып, жеткізе білуге деген ұмтылысты көрсетеді. Сюжеттер өң мен түс шегіндегі адам жаны мен ақылының нәзік көңіл-күйі мен философиялық ғибратты көркем оқуға деген талпынысқа толы.


5 – 31 наурыз 2009 ж.

«Көктем бейнесі» көрмесі көктем мерекелеріне арналды. Қазақстан Республикасы Президенті сыйлықтарының коллекцияларындағы отандық және шетелдік гобелен, кескіндеме, мүсін шеберлерінің туындылары табиғаттың оянуының тылсым сырларын табиғат көріністері мен әйелдер бейнелері арқылы көрсеткен.
      Әйел – әр алуан әрі әсем – ана, даланың ерке сұлуы, жауынгер. Бұл бейнелер Дала мен Табиғат бояуына толы иіс аңқиды. Е.Төлепбаевтың «Уақыт иірімі. Әлем» картинасындағы әйелдің жаратылыстан берілген міндетін философиялық тұрғыдан оқу Е.Айтуаровтың «Дала мадоннасы» картинасының табиғи әдемілігі арқылы жалғасын тауып, ашыла түседі. Жастық пен әсемдік бейнелері Б.Ақанаеваның «1001 түн» сериясынан салынған «Астананың жастығы» жұмысынан көрінеді.
      Ақындар әйелді қай заманда да жырлаған, суретшілер өздерінің туындыларында барлық әдемілік пен ізгіліктің, тіршіліктің, өмірдің мәні ретінде бейнелеген.


12 – 25 ақпан 2009 ж.

«Жапонияның сәндік-қолданбалы өнері» көрмесі Жапония Елшілігімен және Жапония қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.
      Бұл – «Мәдениет арқылы үнқатысу» атты халықаралық жоба аясында ұйымдастырылған кезекті мәдени шара. Жоба Жапонияның сәндік-қолданбалы өнері үлгілерінің көрмесімен жалғасуда. Экспозицияға ең үздік жапон дәстүрлерінде орындалған 2008 жәдігер қойылды. Көрмеде қыш, тоқыма, лак, металл, шыны бұйымдар, сондай-ақ бамбук пен ағаштан жасалған бұйымдар ұсынылған. Тостағандар, қыш құмыралар, табақтар, гүл сауыттары тек тұрмыс бұйымдары ғана емес, олар Жапонияның материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін салт-жоралардың элементтері болып табылады.
      Барлық ұсынылған бұйымдар материалының, орындалу техникасы мен көркемдік тәсілдерінің әр алуандығына қарамастан жапон мәдени дәстүріне тән бірыңғай, қайталанбас стильдерді біріктіреді.
      Көрменің ашылу салтанатына К.Байсейітова атындағы Опера және балет театрының әртістері қатысты. Қонақтар жапондардың ұлттық киімі комононы киіндіру рәсімін көріп, тамашалады.