Баспасөз релиздер

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы

(Музей ғимараты)

 

 «Музей жинақтары» музейлік бағдарлама аясында

«Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!» қор көрмелерінің топтамасы

БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

 

           30 мамыр 2017 ж. 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының музейі ғимаратында халықаралық мамандандырылған EXPO-2017  көрмесін өткізуге арналған,  «Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!» қор көрмелері топтамасының ашылуы өтеді.

«Музей жинақтары» музейлік бағдарлама аясында ұйымдастырылған  қор көрмелерінің мақсаты дүниежүзілік тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылатын қазақ мәдениетінің бірегей туындыларын көрсету. Ұсынылған топтамалардың құндылығы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еліміздің заманауи мемлекеттілік тұжырымдамасын қалыптастырудағы әлемдік қауымдастықпен конструктивті серіктестік құруының негізіндегі қызметінің нәтижесін көрсетеді.

 Ауқымдық іс шарада – музей қонақтары үш қабатқа орналасқан қор көрмелерімен танысады:

 (1 қабат. Баспасөз залының холлы)  «Ұлы дала жауһарлары» көрмесінде сәндік-қолданбалы өнер мен қазақстандық шеберлердің көркем шығармашылығының үлгілері және сонымен қатар музей жинақтарының басқа да заттарынан айшықталған Ұлы даланың көшпелілер өркениетінің рухани және эстетикалық мұрасы көрермен назарына ұсынылады. Атап айтқанда, көрме материалдары дәстүрлі мәдениетіміздің ажырамас бөлігі болып табылатын, қазақ зергерлік әшекейлер күмістен, тұрмыс заттары мен ат әбзелдері, теріден, киізден жасалған кәдесыйлық композициялармен таныстырады. Жәдігерлердің арасында ерекше орынды бейнелеу өнерінің отандық шеберлері деп танылған көркем туындылар алады.

   Күміс өзінің әсемдігіне, «сиқырлы» қасиеттеріне және функционалдылығына байланысты көптеген халықтардың мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдарда сыйға тартылған күмістен орындалған дипломатиялық сыйлықтар мазмұны жағынан алуан түрлі және әр туынды Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатының белгісін бейнелейді. (2 қабат) «Күмістің сұлу сыңғыры» көрмесіне ұсынылатын,  күміс  бұйымдар, әлем халықтарына немесе сол елге заттардың шығу тегін, әр түрлі техникада орындалуын, бұйымдардың үлгісін көрсететін, сәндікке тән дәстүрлі тәсілдерді тереңірек түсінуге және зерделеуге мүмкіндік береді.

          (3 қабат)  «Әлем халықтарының музыкалық аспаптары» көрмесі алғаш рет қалың көрермен назарына әрбір елдің және әр түрлі кезеңдердің музыкалық аспаптар топтамасын ұсынады. Музыкалық аспаптар мәдениет пен өркениет түрлерін тануға жол ашады. Атап айтқанда, қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспатары – қобызда және домбырада - қазақ халқының рухани мұрасының мәдени «шарттары», көптеген ойлары шоғырланған.

          4 қабатта, Күмбезді залда, бірден-бір өздігінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетінің басшылары мен архивінен, олимпиада жеңімпаздарының жеке қорларынан тәуелсіз Қазақстанның спорттық жетістіктерін көрсететін «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі жұмыс жалғастыруда.  

         Елбасы кітапханасының музейі астана қонақтары мен тұрғындарына ЭКСПО 2017 жылында өз қорларының байлығы мен бар мүмкіншілігін  паш етеді.

 

«Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!» қор көрмелерінің топтамасы

 2017 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады.

 

Астана қ, Бейбітшілік, 11.

тел: 75 12 85,  75 12 52, 75 12 14  

БАҚ өкілдері үшін: - 75 12 15


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы

(Музей ғимараты)

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылдың 3 сәуірінде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) украин суретшісі, Украинаның Ұлттық суретшілер одағының мүшесі, Морестен қаласының (2013, Франция) заманауи өнер Ассоциациясының мүшесі Галина Алексеевна Назаренконың «Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» атты шеберлік-сыныбы және жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Украинаның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

2013 жылғы 5 желтоқсанда Петриков жазуы ЮНЕСКО-дағы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы бойынша Репрезентативтік тізімге енгізілді.

Петриков жазуы алғаш рет украина үйлерінің ақ және халық жиһаздары мен музыкалық аспаптары аясындағы түрлі-түсті қабырғаларында пайда болды. Үй иелері өсімдіктердің майына жұмыртқаның сары уызын қосып, осы табиғи бояулармен үйдің ішкі, кейде тіпті сыртқы қабырғаларына сурет салады. Ол суреттердің ғұмыры ұзақ болмайды. Жылына бір рет үлкен мереке қарсаңында қабырғадағы барлық жазулар өшіріліп, олардың орнына жаңа суреттер салынатын болған. Бұл адамның өмір сүретін ортасын жаңғыртып, айналасын жаңартудағы ішкі қажеттілігі еді. Кез келген әйел өз үйінің ішкі интерьерін өз талғамына, ынтызарлығына, руханилығына қарай жасады, оның үстіне олардың әрқайсысы көршісінен әлдеқайда артығырақ жасауға тырысқан.

Петриков өнерінің негізінде туған табиғатты бейнелі қабылдау мен украин жеріне деген сүйіспеншілік жатыр. Петриков кескіндемесінің классикалық элементтеріне жазулардың ешқандай түрлерінде кездеспейтін суретшінің танымындағы суреттер, өсімдіктер жатады. Ашық та қанық реңді ою-өрнектердің сарыны түстер үйлесімділігінің басымдығымен ғана көз тартып қоймай, сондай-ақ, ғажайып шығармашылық идеялар тұтастығына да назар аудартады. Ал бір қарағанда қарапайым болып көрінетін суреттің астарында, шындығында, суретшінің өте ұсақ бөлшектерді бейнелеудегі ұзақ әрі тынымсыз еңбегі жасырынып жатыр. Әлбетте, сондай ғажайып дүниенің дүниеге келуін көзбен емес, жан-жүрегімен қабылдауы тиіс. Жазулардың негізгі дені дала гүлдері, шәңгіш, құлқайыр, таушымылдық, ақкекіре бұтақтары болып келеді.

XIX ғасырдың басында петриковтықтардың сүйікті ісіне айналған жазулар үй жабдықтарында – ыдыс-аяқта, сандықтарда, көк арбаларда кеңінен қолданылды. Мұндай әшекейге деген қажеттілік бейнелеу ісімен бүтін бір отбасының айналысуына себеп болып, олар өз жұмыстарын базарда ұсынатын болған. Ал сол кезеңде Петриков ірі сауда орталығы болғандықтан ауылдық суретшілердің жұмыстары Украинаның басқа өңірлерінде де танымал болып жатты.

Петриков жазуы көркемдік кәсіп ретінде 50-жылдардың аяғында қалыптасты. Сол кездегі «Вільна селянка» (кейін – «Дружба» фабрикасы) көркем-кәсіпшілік артелі жанынан кестелі бұйымдар жасауға мамандандырылған кәдесыйлар шығаратын цех ұйымдастырылды. Халық кәсібін үздіксіз еңбек көзіне айналдырды, яғни белгілі бір үлгіні бекіткеннен кейін, оны шектеусіз тарата бастады.

1991 жылы халық шеберлерінің меншігіне тиесілі Украинадағы алғашқы кәсіпорын «Петриков» атты халықтық өнер орталығы пайда болды.

Экспозицияға ұсынылған жұмыстардың авторы Галина Назаренко 1968 жылғы 18 қарашада Днепропетровск облысының Петриков ауылында дүниеге келген. Т.Я. Пати атындағы Петриков балалар көкемсурет мектебі мен Миргород керамикалық техникумын бітірген. Бүгінгі күні Галина Алексеевна қазіргі заманғы танымал петриков шеберлерінің бірі болып табылады. Оның қоржынында бірнеше ондаған көрмелер, оның ішінде Украина, Франция, Болгария, АҚШ, Канада, Қытай, Грузия, Беларусия, Кувейт, Өзбекстан, Түркменстан, Испания, Грекия, Нидерланды тәрізді әлемнің көптеген елдерінде өткен 30-дан астам жеке көрмелері бар, сонымен қатар үш шіркеудің интерьерін бейнелеуге қатысқан: Әулие Юрий (Киев, 2011), Шевченково ауылындағы Покров шіркеуі (Киев обл., 2014), Әулие Трапез (2015) және Париждегі Украина мәдени орталығы (Франция, 2012).

Көрме экспозициясына автордың 50-ден астам жұмысы ұсынылады. Олардың әрқайсысы аты аңызға айналған аға буын шеберлерінің өзіндік ерекшелігі мен ең үздік дәстүр сабақтастығын көрсетеді. Галина Назаренконың әрбір туындысы – бұл туған өлкенің сұлулығын әнге қосу, мерекені сезіну.

 

Бағдарлама:

16.00. – Петриков өнері бойынша шеберлік-сыныптар;

17.00.«Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» көрмесінің ашылуы.

 

«Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» көрмесі 2017 жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасады.

Астана қ, Бейбітшілік көш., 11.

тел.: 75 12 85, 75 12 52, 75 12 14

БАҚ өкілдері үшін – 75 12 15 


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы (Музей ғимараты)

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылдың 29 наурызында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11)  кітапхананың «Ұлттық игілік» көрме жобасының аясында Атырау облысы Ш.Сариев атындағы көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінің 25 жылдығына арналған «Суреттерде бейнеленген тағдырлар» көрмесінің ашылуы өтеді.

Кезінде, 2008 жылы дәл осы Атырау облысының музейлері (ол кезде ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің) «Алға ұмтылған Қазақстан» ауқымды жобаны бастап беген еді. 2011 жылы Атырауда ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан көрме ұсынылды. Міне, атыраулық әріптестер үшін мерейтой жылы Астанада жемісті серіктестіктің нәтижесіне айналған бірегей оқиға болғалы отыр.

Көрмеде Шаймардан Сариев, Жоламан Аралбаев, Қамбарбек Аманов, Рафаэль Слекенов, Исім Арыстанов сынды және басқа да атыраулық суретшілердің жұмыстары көрермен назарына ұсынылады. Көрменің кескіндемелік жұмыстар топтамасы ерекше дарын иелерінің ой ұшқырлықтары мен асқан шеберліктерінен туындаған – портрет, пейзаж, натюрморт сынды кеңінен тараған жанрларда орындалған. Әр жұмыс өз алдына қайталанбайтын дүние және де авторлардың шығармашылық тұлғасын сипаттайды. Барлық авторларға тән ортақ ұқсастық – табиғи және заттық әлемнің әсемдігі мен құпия сырларын ашуға деген қызығушылық.

Қамбарбек Аманов, Қабдол Досниязовтың туындыларында табиғат пен айқын суреттелген жеке авторлық ұстаным мен көңіл-күй арасындағы үндестік ұсынылған. Табиғат көріністері аспан, су, жерден ажырамайтын тұтас және аяқталған дүние ретінде беріледі. Кескіндемелердің барлық бөліктері бір-бірімен біртұтас біте қайнасып, пейзаждың ішкі жан дүниесінен сыр шертеді. Шаймардан Сариевтің қылқаламынан туған портреттеріне қайталанбас сары-қоңыр бояулар реңі тән.

Көрмеде кескіндемелік жұмыстардан басқа танымал шеберлер Нұрсұлтан Қалиев пен Кеңес Айтқалиевтердің теріден және ағаштан жасалған сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылатын болады. Шеберлердің туындыларынан тарихи бейнелерді көркем мәнерлі әдістер арқылы жеткізуге талпыну мен ұлттық ерекшелік айшықталып тұр.

Жалпы алғанда, көрме Атырау облысының қазіргі заманғы суретшілері мен қолөнершілер шығармашылығының өзіндік әлдебір бөлігін ғана көрсетеді. Көрмеге туындылары ұсынылатын барлық авторлар шыңдалған авторлық қолтаңбасы бар күрделі әрі қайталанбас шығармашыл тұлғалар болып табылады.

 

Көрме 2017 жылдың 10 сәуіріне дейін жалғасады.

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел: 75 12 85, 75 12 52, 75 12 14. БАҚ өкілдері үшін: 75 12 15.


Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы

(Музей ғимараты)

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылдың 16 наурызында 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) «Art Sapar of Kazak Eli» жас суретшілердің жылжымалы көрме жобасының бірінші кезеңін аяқтайтын мүсін және бейнелеу өнері бойынша шеберлік-сыныптар топтамасы мен «Art Sapar I/Astana» көрмесінің ашылуы өтеді.

«Art Sapar of Kazak Eli» жылжымалы көрме жобасы 2013 жылы суретші Анар Әубәкір бастаған Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері – жас талантты суретшілер тобының бастамасымен жүзеге асуда. Алғаш рет «Art Sapar» көрмесі өткен және ел ішіне саяхатын бастаған Павлодар қаласы болды. Кейінгі жылдары көрме Семей, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Петропавл, Өскемен және Ақтау қалаларында өтті.

Көрме өткізілген әр қалада картиналар топтамасы, мүсін және қолданбалы өнер туындыларымен толығып отырды. Осылайша жоба тек қалаларға саяхат жасап қана қоймай, сондай-ақ өз авторларының шығармашылық өмірі мен жетістіктерін көрсетіп, түрленіп те отырды. Жоба авторларының ішінде кескіндеме және графиканы: Анар Әубәкір, Ғалия Төремұратова, Алмас Нұрғожаев, Али Закир, Қадыр Мақсұтқан, Мөлдір Сағындықова; мүсінді: Талғат Жұмағұлов, Бағдат Сарсенбиев, Жанна Нүгербек, Данияр Сарбасов; сәндік-қолданбалы өнерді: Наталия Баженова, Бауыржан Досжанов, Гүлмарал Татибаевалар ұсынады. Әр автордың жеке дүниетанымын білдіретін әлемге деген өз көзқарасы бар, алайда барлық жас туындыгерлерді біріктіріп отырған белсенді өмірлік ұстанымы мен ғажайып жасампаздыққа деген ұмтылысы. Олардың көпшілігі Қазақстан тарихындағы көркемдік бейнелер мен бай дәстүріміздің мәдени бастауларынан шабыт алады.

«Art Sapar of Kazak Eli» жобасының бірінші кезеңін дәл осы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі қабырғасында аяқтау бастамасы кездейсоқ пайда болған жоқ. 2008 жылдан бастап Музей алаңында шығармашыл жастарды қолдауға арналған «Үкілі үміт» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, соның арқасында көптеген жас таланттар өздерін кеңінен танытуға мүмкіндік алды. Осының нәтижесінде 2015 және 2016 жылдары суретші Анар Әубәкір және мүсінші Жанна Нугербектің жеке көрмелері өтті.

«Art Sapar I/Astana» көрмесі «Үкілі үміт» жобасының дәйекті жалғасы болып табылады. Көктемнің алғашқы шуақты күндері Наурыз мерекесі қарсаңында жас талантты суретшілердің жұмыстары ұсынылып отырғаны өте орынды деп айтуға болады.

Бағдарлама:

16.00. – Шеберлік-сыныптар: кескіндеме бойынша Анар Әубәкір және мүсін бойынша Данияр Сарбасов;

17.00. – «Art Sapar I/Astana» көрмесінің салтанатты ашылуы.

«Art Sapar» көрмесі 2017 жылдың 29 наурызына дейін жалғасады.

Астана қ, Бейбітшілік, 11.

тел: 75 12 85, 75 12 52, 75 12 14, БАҚ өкілдері үшін 75 12 15


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті

 

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналады

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2017 жылдың 2 наурыз күні 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің 25 жылдығына арналған пошта маркаларын қалыптау рәсімі және «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді. «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасымен серіктестік жобасының аясында ұйымдастырылған ҚР ҰОК 25 жылдығына арналған мерекелік іс шаралар топтамасын ашады.

Спорт және спорттық жетістіктер – мәдениеттің және әлемдік өркениеттің ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасында спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Республикамыз егемендігін алғаннан кейін кәсіби спорт қарқынды дами бастады. 1992 жылы біздің еліміз Халықаралық Олимпиада Комитетінің 192 мүшесі болып қабылданды және осы жылдан бастап өз туы және әнұранымен жарыстарға қатысып, олимпиадалық қозғалыстың дербес субъектісіне айналды. Қазақстандық спортшылардың спорттық жетістіктердегі ерекше еңбегі Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетіне тиесілі.

«Олимпиадалық қозғалыс» көрмесінде Қазақстанның спорттық жетістіктерінің 25 жылдық тарихын көруге мүмкіндік беретін қазақстандық чемпиондардың спорттық олжаларының үлкен коллекциясы, Ұлттық Олимпиада Комитеті президенттерінің жеке коллекцияларының заттары мен мұрағаттық материалдары алғаш рет ұсынылады. ҚР ҰОК барлық президенттері: А.С. Ақпаев (1992–2002 жж.), Т.К. Досымбетов (2002–2006 жж.), Т.М. Досмұхамбетов (2006–2015 жж.), Т.А. Құлыбаевтар (2015 жылдан) сақтап және ұқыпты жинақтаған бірегей заттары арқылы айтулы спорттық жеңістердің хронологиясы дәйекті түрде ұсынылатын болады.

Көрменің ашылу салтанатына біздің еліміздің атақты спортшылары Жақсылық Үшкемпіров, Гузель Манюрова, Василий Левит және т.б. қатысады. Көрме материалдары қазақстандықтардың спорттың биік шыңындағы даңқты жеңістерінің тарихымен егжей-тегжейлі таныстырып қана қоймай, сонымен қатар жаңа жетістіктерге шабыттандырады.

 

«Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі 2017 жылдың 2 мамырына дейін жалғасады.

 

Астана қ, Бейбітшілі к, 11.

тел: 75 12 85, 75 12 52, 75 12 14

БАҚ өкілдері үшін – 75 12 15 


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы

(музей ғимараты)

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2017 жылдың 17 ақпанында сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуінің 20 жылдығына арналған «Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» атты жаңа тұрақты экспозицияның ашылуы өтеді. Бұл экспозицияның Астанадағы алғашқы Президент резиденциясының «Алтын» залында орналасуының ерекше мәні бар. Осы жерде 1998 жылы Астана құрылысының эскиз-идеясына жарияланған ашық халықаралық конкурстың жеңімпазы Кисё Курокава өзінің жобасын ұсынған еді. Дәл осы залда қала құрылысының бас жоспары қабылданған болатын.

«Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» экспозициясы музей жинағының материалдарын талдау және қызметкерлердің іздену жұмыстарының негізінде елордамыздың қалыптасуы мен даму тарихын кешенді түрде зерттеуінің нәтижесі болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында қажетті дереккөздер қоры шоғырланған: музей жинақтары Н. Ә. Назарбаев бастамасымен және тікелей қатысуымен жүзеге асырылған тәуелсіздік кезеңіндегі оқиғалар мен үдерістерден көрініс беретін заттық-бұйымдық жәдігерлер кешенін қамтиды; мұрағат Мемлекет басшысының саяси бағытын айқындайтын бірегей құжаттарды құрайды.

Құжаттық дереккөздердің ішінен Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаевтың Астананың тұсаукесері мен Қала күніне арналған салтанатты кеште, жаңа елорданың ғимараттарын таныстыру және ашу рәсімінде, Астана құрылысы мен оның даму мәселелері жөнінде кеңестерде сөйлеген сөздерінің мәтіні, елордамызды көшіру мәселелеріне қатысты кездесулердің жұмыс жазбалары бар блокноттар, БАҚ өкілдеріне сұхбаттар, баспасөз мәжілістерінің стенограммалары тәрізді фото және дәстүрлі құжаттарды бөліп қарастыруға болады. Қазақстанның жаңа елордасы – Астана қаласының тұсаукесеріне орай өзге мемлекет басшыларынан келген құттықтау хаттары үлкен қызығушылық тудырады. Музей жинағында Н. Ә. Назарбаевтың өз қолымен салған Астананың айтулы ғимараттарының эскиздері, Президенттің жаңа елордамыздың негізін қалауға қосқан үлесін айқындайтын қоғамдық марапаттары, Астананың өсу қарқынын баяндайтын кәдесыйлық композициялар сақталуда.

Жаңа экспозиция төрт тақырыптық бөлімнен тұрады: «Қазақстан астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілуі – Қазақстанды жаңғыртудағы жүйелі реформалардың маңызды бөлігі»; «Астананың қалыптасуы мен дамуындағы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі»; «Астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы»; «Қазақстан астанасының халықаралық имиджі». Негізгі экспозицияны Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы ақпараттар топтамасы ашады. Бірегей архивтік кұжаттар және жәдігерлермен таныса келе, келушілер 20 жыл ішіндегі Астананың таңғажайып   тарихымен, айрықша оқиғаларымен рет-ретімен танысуға мүмкіндік алады.     

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың астанамызды Алматыдан Ақмолаға көшіру стратегиялық бастамасы еліміздің жаңа тарихындағы тағдыр шешті оқиға болды. Тарихи өлшеммен алғанда қысқа уақыт ішінде өте күрделі жұмыстар атқарылды: елордамыз республиканың ірі саяси, экономикалық, мәдени және ғылыми орталығына айналды. Астана жаңа әлемдегі Қазақстанның мақтанышына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік жетістігіне және саяси көрегендігіне, сондай-ақ ұлттық идеяны бекіту және елдерді біріктіру нышанына айналды.

Қазақстанның астанасы әлемнің саяси картасынан нық орын тепті. Бүгінде Астананың халықаралық маңызы айтарлықтай өсті. Тіпті қазір Астананы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бас қосатын, адамзат алдында тұрған бүгінгі заманның жаһандық мәселелерін шешуде саяси әрекет ету бастамаларын ұсынатын орны, ХХІ ғасырдың сәулет  және қала құрылысын жаңалау аймағы деп атайды. Астана Қазақстан жайлы қалыптасқан пікірді өзгертетін заманауи ірі геосаяси жобаға айналды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Музейі ғимаратының қонақтары Қазақстан Республикасы астанасының қалыптасу тарихын аса күрделі шешімдер мен маңызды құжаттарға қол қойылған тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Президент Резиденциясының орынымен тікелей байланыстыруға бірегей мүмкіндік алады.

 

 

 

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел: 75 12 85,  75 12 52, 75 12 14  

БАҚ өкілдері үшін - 75 28 62

E-mail: museum _08@mail.ru


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы (Музей ғимараты)

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

2017 жылдың 3 ақпанында сағат 17.00-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясының академигі, кескіндемеші Марат Тоқсейітовтің «Туған жер» атты мерейтойлық жеке көрмесінің ашылуы өтеді.

Тоқсейітов Марат Төлегенұлы 1947 жылы 4 қаңтарда Қостанай облысы Қарабалық ауданының Ново-Троицк ауылында дүниеге келген. 1968 жылы
Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесін аяқтағаннан кейін көптеген қалалық, аймақтық, республикалық өнер туындыларының көрмелеріне белсенді қатыса отырып, Целиноградтық көркемөнер шеберханаларында қызмет етті. 1977 жылдан бастап Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 2000–2004 жылдар аралығында Астана қаласының Суретшілер одағының төрағасы, қазіргі уақытта – Астана Суретшілер одағы төрғасының орынбасары.

Марат Төлегенұлы өз мамандығының қыр-сырын әбден меңгерген, ол жайында оның шығармашылық еңбектерінің көпке танылуы дәлел болады. 2005 жылы М. Тоқсейітовке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2006 жылы ол Қазақстан Республикасының Көркемөнер академиясының академигі атанды. 2011 жылы Марат Тоқсейітов ҚР-ның Суретшілер одағының ең жоғары марапаты – алтын омырау белгісімен марапатталды. 2015 жылы суретші «Құрмет» орденімен марапатталды.

Марат Төлегенұлы негізінен портрет және пейзаж жанрларында жұмыс жасайды. Шебердің туындыларынан оның туған өлкеге деген ыстық ықыласы, ауыл өмірінің күнделікті тыныс-тіршілігінің әдемілігін көре білетіндігі сезіледі. Автор туып-өскен үйінің жылуын ешқашан естен шығармайтын әрбір жанға етене таныс көріністерді дәлме-дәл жеткізеді. Суретшінің басты сапалық қасиеті – бейнелерді, көңіл-күйді, уақыт пен орынның ахуалын айқын жеткізуі. Суретшінің бұл қабілеті, әсіресе, көрерменді өз кеңістігіне еріксіз жетелейтін жылдың әр мезгілін бейнелеген пейзаждарда анық көрінеді. Суретшінің барлық жұмыстары тек қана туған жерге деген ерекше махаббат, сағыныш пен жанашырлық сезімдеріне тұнып тұр. Шебердің 40-қа жуық туындысы ұсынылатын «Туған жер» көрмесінің қонақтары осының куәсі бола алады.

 

«Туған жер» көрмесі 2017 жылдың 10 ақпанына дейін жалғасады.

 

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел: 75 12 85, 75 12 52, 75 12 14

БАҚ өкілдері үшін 75 28 62

E-mail: museum _08@mail.ru


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы

(Музей ғимараты)

 

БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

 

2017 жылдың 25 қаңтарында, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) сәндік-қолданбалы өнер шебері Гүлдана Жұрқабаеваның «Өзіңе жол табу» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме «Үкілі үміт» жастар шығармашылығын қолдау бойынша көрме жобасының шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

2009 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Алға ұмтылған Қазақстан» атты аймақтық көрме жобасының шеңберінде Қостанай облысының музейлері қорынан «Ұлттық мәдениет бесігі» атты көрме ұйымдастырылған еді. Қостанай облысының мүсіншілері, суретшілері мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынды, олардың қатарында Гүлдана Жұрқабаева да болды. Гүлдананың жұмыстары тартымдылығымен ерекшеленіп, жұртшылықтың назарын аударды. Содан бері суретшінің 150-ге жуық шығармашылық туындысы дүниеге келіп, алыс-жақын шет мемлекеттерге танымал бола бастады. 

Гүлдана Жұрқабаева 1979 жылы 25 қаңтарда Қостанай облысының Жангелді ауылында дүниеге келген. Торғай гуманитарлық колледжін аяқтап, содан соң 2003 жылы Қостанай гуманитарлық институтын «дизайнер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Гүлдана Астана қаласының Суретшілер одағының мүшесі, Қостанай меценаттары клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты. Г. Жұрқабаеваның жұмыстары көптеген республикалық және шетелдік көрмелерге қатысты. 2016 жылдың 16 желтоқсанында суретші Сан-Марино Республикасында өткен Халықаралық өнер конкурс-фестивалінде бірінші орынды иеленді.

«Өзіңе жол табу» көрмесінде суретшінің былғары матаға акрил бояуларымен бейнеленген 40-тан аса жұмыстары ұсынылады. Тотемизм және шаманизм тақырыптары көптеген суретшілерге жақын әрі етене таныс. Суретші тарихтағы ежелгі нышандардың мағынасын өзінше ұғына келе өз шығармашылығына кеңінен қолданады. «Скиф сарындары», «Дала әуені», «Өткен өмір дыбыстары», «Зодиак циклі» атты былғары мен кенепке салынған және басқа да көптеген жұмыстарын автор адамзаттың ежелгі суреттерінің әсерімен орындаған. Шебер былғары мен акрилден басқа әртүрлі сәндік элементтерді, олардың ішінде янтарь тасын, тиындарды, табиғи тастарды, моншақты, түймелерді, құс қауырсынын, жануарлардың сүйектерін кеңінен пайдаланады.

Суретшінің алғашқы жұмыстары орындалу техникасы бойынша сәндік-қолданбалы өнер түріне жатады. Мұнда ежелгі тастарға салынған бейнелер мен нышандар, сюжеттер мен сәйкестіктер табиғи, «жабайы» материалдармен үндестік тапқан. Әртүрлі жануарлар терісінің бөлшектері, ежелгі дүниенің бейнесі ретінде жалпы көріністің бір бөлшегі болып табылатын өңделмеген аң терісі кеңінен қолданылады.

Гүлдана Жұрқабаева – көп жылдық шығармашылығы барысында өзінің ауқымды әрі қайталанбас дарындылығының жаңа қырларын шыңдап келе жатқан өзіндік ерекшелігі бар суретші. Ол алға қойған мақсаттарына жетудегі үлкен табандылығымен, еңбекқорлығымен және де өз ісіне деген адалдығымен ерекшеленеді. Шебердің жұмыстарында өткен мен бүгіннің арасындағы ғажайып ұқсастықтар қатары ұтымды ұштасқанын аңғарамыз.

 

«Өзіңе жол табу» көрмесі 2017 жылдың 20 ақпанына дейін жалғасады.

Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.

тел: 75 12 85,  75 12 52, 75 12 14  

БАҚ өкілдері үшін 75 28 62

E-mail: museum _08@mail.ru


Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11,

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Музейі

Баспа және жұртшылықпен байланыс қызметі

Тел.: 8 (7172) 75 28 62, 75 12 85,  75 12 14,

69-30-56, 69-30-53

E-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.comkaragizova@mail.ru

 

            Астана қ.                                                                  13 қаңтар 2017 ж.

«Қаралы қаңтар» – Тәуелсіздікке апарар жол» атты

фотосуреттер көрмесі ашылады

 

2017 жылғы 13 қаңтарда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музейінде (Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11) Бакудегі 1990 жылғы 20 қаңтардағы оқиғаларға арналған «Қаралы қаңтар» – Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесі ашылады. Шара Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының елшілігімен бірлесе ұйымдастырылады.

1990 жылғы 20 қаңтарда Баку қаласындағы қайғылы оқиғалардың салдарынан жүзден астам бейбіт халық қаза тапты. Қазақстандағы Әзербайжан Республикасының елшілігі Әзербайжанның тарихында халықтың тәуелсіздік үшін күресінің парағы ретінде есте қалған оқиғаға байланысты фотосуреттерді көпшіліктің назарына ұсынады. Фотоматериалдар тәуелсіздікке қол жеткізген Әзербайжан халқы рухының жанды куәсіне айналып отыр.

«Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» фотосуреттер көрмесі 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін жалғасады.

Кіру тегін.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11. 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Музейі

 

БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

         2017 жылы  13 қаңтарда, сағат 17.00 де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Музей ғимаратында  Бакудегі  1990 жылғы 20 қаңтардағы қайғылы оқиғаларға арналған «Қаралы қаңтар» - Тәуелсіздікке апарар жол» атты фотосуреттер көрмесінің ашылуы өтеді.  Фотосуреттер көрмесі музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Әзербайжан елшілігімен  бірлесіп ұйымдастырылды.

         Әзербайжанда  жыл сайын  20 қаңтар қаралы күн ретінде аталып өтіледі. Осыдан 27 жыл бұрын  1990 жылы 19-нан 20-на қараған түнінде КСРО басшылығының нұсқауы бойынша Бакуге әскерлер енгізілді және қарапайым халыққа оқ жаудырды.  Бакуге әскер кіргізер алдында Арменияның  Әзербайжанға қарсы ашық қарулы  агрессиясына,  әзірбайжан жерінде яғни Таулы-Қарабах автономиялы облысында (ТКАО)  заңсыз армян қарулы құрамалардың жүгенсіздігіне байланысты республикалық және орталық кеңес басшылығының әрекетсіздігіне наразылық шерулер өтті. 

      19 қаңтарда кешке КСРО МҚК  «Альфа» арнайы бөлімшесі  Әзербайжан телеарналарының энергетикалық блогын жарып жібердіп, содан соң халық маңызды  ақпарат алу мүмкіндігінен айырылды. Халық төтенше жағдайдың еңгізілуі жөнінде тек таңертең 20 қаңтарда қаланы Кеңес әскері бөлімдер басып алып, әскери тікұшақтардан лақтырған парақшаларынан хабардар болды.

     Нәтижесінде, 134 бейбіт тұрғын қаза тапты,  700-ден астам адам жарақат алды. Әскери техника  қарусыз адамдарға қарсы шықпайтынына сеңген бакуліктердің  «жанды бөгеттер» үстімен басып өтті.

      Әскер енгізгеннен кейін оппозицияның белсенді мүшелеріне қатысты қуғын басталды. Алайда, бұған қарамастан, 22 қаңтар күні әскери құрбандармен қоштасуға шамамен 1 миллион адам қатысты. Қаза тапқандардың денелері сол күннен бастап  Батырлар аллеясы ретінде белгілі болған Таулы саябағына жаяу жеткізілді. Бұл оқиғалар Әзербайжан тарихына «Қаралы қаңтар» болып енді.

      Сол қанды оқиғалардың  болғанына көп жыл өтсе де, әзербайжан халқы жантүршігерлік сол бір түнді әрдайым еске алады.  Осылайша 20 қаңтар жалпыхалықтық Аза тұту күні ретінде күнтізбеде мәңгілікке қалды.

      Қазақстан Республикасындағы Әзербайжан Елшілігі «Қаралы қаңтардың» кезекті жылдығына байланысты 1990 жылы 20 қаңтардағы зардаптарының қоғамдық  фотоиллюстрацияларын ұсынады. Оларда қарусыз халыққа қарсы әскер күшін пайдаланған сәттің қайғылы жағдайы бейнеленген. Сонымен қатар, бұл суреттер - көптеген құрбандардың құнымен ар-намыс пен қадiр-қасиет, бостандық пен Отан ұғымдары  жай ғана сөз емес, әзербайжан халқы рухының жанды күәсі екендігін дәлелдейді,

       1990 жылғы 20 қаңтардағы қайғылы оқиға КСРО-ның ыдырауына әсер етіп, нәтижесінде Әзербайжан мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізуді қайтымсыз етті.  

 

Фотосуреттер көрмесі  2017 жылдың 20 қаңтарына дейін жалғасады.

 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Музейі

Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.

тел: 75 12 15, 75 12 85,  75 12 14