Көрмелер

      Музей қызметінің негізгі бағыттарының бірі адамзаттың мәдени мұрасының алуан түрлілігін танытатын, түрлі елдер мен халықтардың материалдық және рухани мәдениеті ескерткіштерінің түрлері мен коллекцияларын көрсететін көрмелер ұйымдастыру болып табылады. Тақырыптық және көшпелі көрмелер көпшілік қауымның музей жинақтарының үлгілерін, бейнелеу өнері мен фотосуреттің отандық және шетелдік шеберлерінің туындыларын, балалар көркемөнер мектептері оқушыларының жұмыстарын тамашалауына мүмкіндік береді.