2010 ж.


      2010 жылдың 29 наурызында конкурс қорытындысы жарияланды. «Сарыарқа-2010» сыйлығана ие болғандарды марапаттау рәсімі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтті.
      103 бастауыш партия ұйымдарының арасынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастауыш партия ұйымы «Адал бастауыш партия ұйымы» номинациясын жеңіп алды.
      Жеңімпаздар туралы конкурс қорытындысы бойынша дайындалған бейне және фотоматериалдар республикалық конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін партияның орталық аппаратына берілді.
      Ашылған күннен бастап Музей «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аймақтық филиалдарымен, сол сияқты оның аймақтық филиалдарымен және «Жас Отан» жастар қанатымен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырып келеді. Өткізілген ірі халықаралық конференциялар, «дөңгелек үстелдер», көрмелер, пікірталас клубтарының отырыстары, музей сабақтары мен кездесулер серіктестік нәтижесіне айналды.



    2010 жылдың 15-26 наурызы аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Сарыарқа аудандық филиалы ауданның бастауыш партия ұйымдарының арасында конкурс өткізді.

     Конкурс бастауыш партия ұйымдары жұмысының тиімділігін және партия Лидерінің тапсырмаларын іске асырудағы олардың рөлін арттыру мақсатында өткізілді.
      Бастауыш партия ұйымдарында екі апта бойында ең қызықты жобаларды атап көрсете отырып, олардың жұмыс тәжірибесімен танысқан көшпелі комиссиялар жұмыс жасады.

 



     2010 жылдың 19–23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасы Туризм мен мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер, Петербор гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалының аға оқытушысы Б.Оразымбетованың қатысуымен экскурсиялық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өтті.
      Әдістемелік семинар жүргізудің басты мақсаты - экскурсиялық қызмет көрсетудің сапасын көтеру, экскурсия жүргізушінің жұмысын жетілдіру. Семинарға қатысушылар Б.Оразымбетованың терең білімі мен тәжірибесімен бөлісіп, мастер-класс топтамасын тыңдады. Өткен семинар Музейдің барлық қызметкерлерінің әрі қарай кәсіби дамуына зор дем берді.

 


      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінде Тәуелсіздік Күні қарсаңында ерекше оқиға болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы «Халықаралық ынтымақтастық және достықты нығайту, елдегі мәдениет пен әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін» Жарлығы бойынша директордың орынбасары К.Ақтаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
      ҚР Мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммедтің бұйрығымен Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Нұржамал Алдиярқызы Шырымбаева мәдениеттің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Мәдениет қайраткері» атағын алды.
      ҚР Мәдениет министрінің бұйрығымен мәдениеттің дамуына зор үлес қосқаны үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды:
      Нағима Бөрібайқызы Есенова – Ақпараттық орталығының жетекші сарапшысы;
      Серік Қазкенұлы Сағымбаев - Музей құндылықтарын (қорларды сақтау) есепке алу және сақтау қызметінің аға сарапшысы.