2015 ж.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі
БАҚ өкілдері жұмысының
Жадынамасы
 
     I. БАҚ бастамасымен түсіру (бейне, фото) жүргізу үшін, сұхбат алу үшін Музей директоры Алма Сағынғалидың атына (тел./факс 75 12 49) нақты нұсқауы бар, мөрмен расталған бағыттаушы мекеме жетекшісінің қолы бар хатты алдын ала жіберу қажет: 
1) сценарлық жоспарымен бірге (Музейді түсіруге қатысы бар бөлім) қарастырылған түсірілімнің нақты мақсаты мен форматы (телесюжет, бағдарлама, деректі фильм және т.с.с.)
2) түсірілімнің нақты датасы және уақыты;
3) сюжет жазбасының тілін көрсету (қазақ, орыс, ағылшын);
4) Музей өкілдерінің қатарынан қарастырылған қатысушыларды көрсету;
5) Музей бойынша экскурсия ұйымдастыру қажеттілігі (алдын ала Музейге келу және түсірілім үшін нақты залдар мен экспозицияларды көрсету);
6) түсірілімдік топ қатысушыларының саны (аты-жөні, лауазымы)
    II. Түсірілімді жүргізу рұқсатын алғаннан кейін барлық ұйымдастырушылық мәселелерді (БӨБ-тен өткізу рұқсатнамасын рәсімдеу, Музей туралы қосымша ақпаратты көрсету және т.с.с.) Музейдің ғалым хатшысының қызметі арқылы шешу керек (тел./факс 75 12 15).
     III. Музей ұйымдастырған шараларды көрсету үшін ғалым хатшының қызметіне немесе баспасөз релизінде көрсетілген телефондар бойынша  аккредитациялауға міндетті түрде өтінім жіберу керек.
     IV. Түсірілімді жүргізу барысында экспонаттар мен жабдықты сақтауды қамтамасыз ету бойынша музей мекемелеріндегі ережелерді сақтау қажет.
    Музейде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты Музейдің ғалым хатшысының қызметінен немесе Музейдің ресми сайты http://www.prezidentsmuseum.kz  арқылы біле ала аласыздар.
      Өзара түсіністік пен тиімді серіктестікке үміттенеміз!

 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 2015 жылғы 26 қарашада Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында  
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған
«Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» конкурсының финалы және жеңімпаздарды марапаттау өткізіледі
   Конкурсты ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы
   Конкурстың ұйымдастырылу мақсаты:
1) ән шығармашылығын ұлттық және жалпыадамзаттық тәжірибені жүзеге асырудың соны құралдарының бірі ретінде өзектендіру,
2) Н.Ә. Назарбаевтың мемлекет Басшысының адам және азамат ретіндегі бірегей қырларын ашатын әндерін насихаттау және жариялау,
3) қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дәстүрлері тұрғысынан оқушы жастар бойында құндылық нысандарын қалыптастыру,
4) музыка өнерінің түрлі жанрларында жас дарынды орындаушыларды анықтау және қолдау.
   Конкурс 2015 жылғы 1 қарашада басталды. Іріктеу турында –  «Бабамнан қалғаң кең дала», «Біздің Президентіміздің сүйікті әндері ырғағымен», «Патриоттық тақырыптағы авторлық шығарма» үш номинациясында – 10-нан – 12 жасқа дейінгі, 13-тен–16 жасқа дейінгі, 17-ден–20 жасқа дейінгі жас санаттарында 45 жалпы білім беретін мектептердің және арнайы орта оқу орындарының ұжымдары қатысты.  
   Ұйымдастырушылар конкурстың финалына қатысушылар үшін сыйлықтар мен жүлделер әзірлеп қойды. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
2015 жылғы 27 қаңтар - 1 сәуір аралығында ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіне келушілер «Шығармашылық шексіздігі» атты балалар жұмыстарының көрмесімен таныса алады.
 
   Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы «ВІ-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткізетін бейнелеу және сәндік қолданбалы өнері бойынша республикалық конкурстың нәтижелерін ұсынып отыр.
   Көрменің мақсаты – оқушылар арасында қазақстандық патриотизм, интернационализм, толеранттылық, достық, сыйластық және Қазақстан Республикасының тарихына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу болып табылады.          
   2015 жылы байқауға Қазақстанның көптеген өңірлері мен қалаларынан: Алматы, Орал, Рудный, Қостанай, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Көкшетау, Павлодар, Қызылорда және т.б. балалар қатысты.
   Экспозицияда орналасқан туындылардың авторлары мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері болып табылады. Әр түрлі техникаларда орындалған 70-тен астам туындылар ерекше сиқыр мен қиялға толы. Олардың арасында аралас техникада орындалған бейнелеу өнерінің туындылары, киізден жасалған паннолар және өзге де сәндік-қолданбалы өнер туындылары бірден көзге түседі.
     Көрмеде ұсынылған жәдігерлер еліміздегі қарапайым адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен сыр шертеді. Осының барлығы біздің еліміздің игілігі болып табылады.
     Ең үздік жұмыстар ҚР ТПМ және «ВІ-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қорының сайтында жарияланады.
    2016 жылы мүмкіндіктері шектеулі балалар арасындағы бейнелеу және сәндік қолданбалы өнердің республикалық байқауы жаңа деңгейге шығып отыр. Биыл байқаудың жұмысына серіктес ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қосылды, жаңа серіктестер мен демеушілер байқауды қолдауға тартылатын болады. Байқаудың басталуы жайлы осы жылдың көктемінде, Музей қабырғасында ұйымдастырылатын баспасөз маслихаты кезінде хабарланады.
«Шығармашылық шексіздігі» көрмесі
2016 жылғы 1 сәуірге дейін жалғасады.
Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11. тел: 75 12 15, 75 12 85, 75 12 14

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
     2015 жылдың 28 қазанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде сағ. 15.00-де актер, әнші әрі сазгер Нұрлан Әлімжанмен
«Лидер болу – қоғам талабы»
атты кездесу сабағы өткізіледі.
      Мерекені ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі.
Музей өзінің Білім беру қызметінің шеңберінде «Отбасында, мектепте және басқа да әлеуметтік институттарда лидерлік қасиетті дамыту» ғылыми жобасымен жұмыс істеп келеді. Жобаның мақсаты        Мемлекет басшысының өмірбаянын тереңдетіп зерттеу мен оның тұлғалық және саяси ұстанымын өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. 
       Жастар еңбек пен қоғамдық өмірге араласа отырып, әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеялық, отбасылық үрдістерге толық кіріге алмайды. Әлеуметтік институттар қалыптастыратын лидерлікке ұмтылыс басқа адамдармен қарым-қатынасында өзін-өзі көрсете алуына, өз пікірін білдіруіне ықпалын тигізеді. Шығармашылық әлеуеті мен мықты мінезі бар лидер-адам қоршаған ортаны қайта жаңғыртатын қызықты істермен тартымды оқиғаларды іздеумен болады.  Лидер болу – уақыт талабы. Лидерлік қасиетті дамытуда қоршаған ортаның әсері зор. Лидерлік тұлғаның инновациялық қызметі – қоғамның дамуына шығармашылық үлесінің негізі болып табылады.
      Осыған орай, ғылыми жоба аясында «Елбасытану», «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары» атты элективті курстары ұйымдастырылып, оған бірқатар белсенді жастар, мектеп оқушылары қатысып келеді. Курс шеңберінде белгілі тұлғалармен кездесу ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. «Елбасы жолы» фильмінде басты рөл – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының тұлғасын сомдаған Нұрлан Әлімжанмен кездесу Елбасымыздың көшбасшылық қасиетін үлгі ете отырып, оқушылардың бойында лидерлік қасиетті дамытуға бағытталған.
        Сонымен қатар, қатысушылар актер, әнші әрі сазгер Нұрлан Әлімжанмен тікелей пікір алмасып, өздерін толғандырған ой-толғамдары және сұрақтарымен бөлісуге мүмкіндік алады.
 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Презиидентінің Музейі
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11
Тел.: 75-12-15, 75-12-12, 75-13-70

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   15 қыркүйек сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінің  салтанаты ашылуы өткізіледі. Көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында, Қазақстандағы Жапония елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылуда.
  Ежелден Күн Шығыс елі деп аталған Жапония мәдениеті өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жапония мәдениеті Шығыс әлемі мен Батыс әлемі мәдениеттерінің тоғысқан жері. Қазіргі уақытта жапон мәдениетінің белгілері: қуыршақтар, икебаналар, желпуіштер және кимонолар   бүкіл әлем тарапынан үлкен қызығушылық тудыруда. 
    «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінде Сіздер жапондықтардың дәстүрлі қуыршақтары, ұлттық киімдері, кимоно, хаори және желпуіштердің көптеген түрлерімен таныса аласыздар.  
Қуыршақтар (жапон тілінен аударғанда – «нингё») Жапонияның мерекелік дәстүрінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жапония қуыршақтары өзінің қайталанбас жасалу үлгісімен және алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірнеше ғасыр бойы қуыршақтар жапондықтардың мерекелік іс-шараларында маңызда орын алды. 
   Сонымен қатар, жапон қуыршақтар - бұл тек өнер туындысы емес, сонымен бірге Күн Шығыс елінің бай мәдениет көрінісі болып табылады. Қуыршақтарға киілген киімдер және желпуіштер жапон халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырады.
   Желпуіш – бұл тек қана жапондықтардың дәстүрлі киімінің бір бөлігі ғана емес сонымен қатар қарапайым тұрмыста қолданылатын қажетті заттардың бірі. Хиоги – деп аталған алғашқы желпуіштерді тек ер адамдар ақпарат алмасу тәсілі ретінде қолданған. Біртіндеп ол сарай ханымдарының киімдерінің бір бөлігіне айналды. Хейан дәуірінде (8-12 ғғ.) қағаздың жаппай таралуынан кейін жазба кітапшасы ретінде қолданылған оуги жиналмалы желпуіші тек сәндік киімнің бөлшегіне айналды. Кейіннен кавахори желпуіші пайда болды, оның ерекшелігі ағаш немесе бамбуктен жасалған бір жағы қағазбен қапталатын болған. Дәл осы желпуіштер кейін күннің ыстығынан қорғайтын , жиналмалы сенсу желпуішінің пайда болуына әсер етті. Камакура дәуірінде (12-14 ғғ.) сенсу – жапон желпуіштері Қытайда кеңінен таралды. Қытай жерінде желпуіш құрылымы өзгеріске ұшарып екі жағы бірдей қағазбен қапталатын болды. Муромати дәуірінде (14-16 ғғ.) желпуіштер бүкіл Жапония жеріне кеңінен таралды. 12 ғасырға дейін сенсу желпуішін ақсүйектер және дін өкілдері ғана қолданды. Тек 13 ғасырдан бастап желпуіштер қарапайым халық арасына тарап, Ноо театрындағы актерлер өздерінің қойылымдарында қолдына бастады. Эдо дәуірінде (17 ғ.) желпуіш қажетті заттардың біріне айналды. 1960 жылдардан бастап желдеткіштердің жаппай қолданысқа енуімен, желпуіштердің қажеттілігі күрт төмендеді. Қазіргі уақытта желпуіштер негізінен дәстүрлі мейрамдарда және мерекелік іс-шараларда ғана қолданылады.  
   «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінің жәдігерлері көрерменге жапон мәдениетінің тарихынан сыр шертіп, мерекелік дәстүрдің жалғастығын  көрсетеді. Көрмеге келушілер жапон мәдениетіндегі қуыршақтардың алатын орнымен танысуға мүмкіндік алады. 
    Көрменің ашылу салтанатында жапондықтардың ұлттық киімі – кимоно дефилесі болады.
    Көрмедегі барлық жәдігерлер Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің жұбайы Камохара ханымның ізгі ниетпен жеке коллекциясынан ұсынылған.  
    Сонымен қатар Астана тұрғындары мен қонақтары үшін, 16-25 қыркүйек аралығында сенбі - дүйсенбіден басқа күндері, күн сайын сағат 14.30-15.30-ға дейін оригами жасаудың шеберлік сыныбы өтеді.
 
  «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінің жұмысы 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   2015 жылдың 3 қыркүйекте сағат 17.00-де Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық  «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі ашылады.  
   Көрме шығармашыл жастарды қолдау мақсатындағы 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен «Үкілі үміт», жастар шығармашылығын қолдау бойынша көрме жобасының аясында өтеді. Бұл жоба Музейдің қазіргі заманғы Қазақстанның мәдени жетістіктерін насихаттауға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады. Сондықтан талантты жастардың өнерін қолдау қазіргі мәдени саладағы қажеттіліктердің бірі.
   Анар Әубәкір 1984 ж. 16-қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол Павлодар қаласындағы көркемсурет колледжін «дизайн бойынша сүретші - шебер» мамандығын тәмамдап (1999-2004ж.ж.),  Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «кескіндеме бакалавры» дәрежесін алған (2004-2009 ж.ж.). «Кескіндеме магистрі» академиялық дәрежеге ие.
   Өзінің еңбекқорлығымен бейнелеу өнерінен орындаған әсерлі шығармаларымен танымал болып келе жатқан жас шебер. А. Әубәкір бірнеше мәрте халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Санкт-Петербург қаласында өткізілген «Санкт-Петербург өнері апталығы» конкурсының жеңімпазы. «Қазақстан өнерінің апталығы» конкурсында  ең үздік сурет туындысы аталымының жеңімпазы. Қазақстанның қалалары бойынша алғашқы рет ұйымдастырылған   «Art Sapar Art of Kazak Eli» көшпелі көрме жобасының ұйымдастырушысы. Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі.
   Анар Әубәкір бүкіл ғұмырын қазақ халқының эпикалық символизм және реализм стилінде көрініс тапқан өнерін дамытуға арнады.  Халқымыздың талантты суретшісі, дархан дарын иесі жас қылқалам шебері өз ісіне деген адалдығымен  және еңбекқорлығымен ерекшеленеді.  Анардың бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылығын көз алдымыздан тізбектеп өткізетін болсақ, оның жұмыстарынан кешегі мен бүгінгінің арасын ұтымды ұштастыра білгенін байқауға болады.
«Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» көрмесі
2015 жылдың 5 қазанына дейін жалғасады

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   2015 жылдың 31 наурыз  күні сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Гүлназым және Айнұр Өмірзақтың  «Дәстүр жалғастығы» көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрме Музейдің «Үкілі үміт» атты шығармашыл жастарды қолдауға арналған жобасы аясында ұйымдастырылды.
      Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі кенжелеу қалған тұсы - бұл кескіндеме өнеріндегі бізкесте әдісі. Бүгінде дәстүрлі өнеріміздің заманауи үлгіде дамыта отырып, белгілі бір рамкаға кестеленіп түскен композиция (бұл жерде рамканың өзі әрдайым шығармашылықтың қайталанбас элементі екендігі белгілі) екі жанрдың бір жерде тоғысуын, яғни қондырмалы (кескіндемелі)-декоративті шығарманың туындауына мүмкіндік береді.
    Ағайынды Гүлназым мен Айнұр Өмірзақтар Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқып суретші-кескіндемеші мамандығы бойынша білім алған.  Гүлназым мен Айнұрдың өмірде серік еткен кәсіптері бізкесте әдісін жан-жақты меңгерген шеберлер ретінде елімізге танымал отбасы. Бізкесте техникасында орындалған олардың туындылары,  қазіргі көрермендер үшін тың жаңалық болып саналатының, өзіндік лейтмотиві, символдары бар толыққанды сюжеттен тұрады.             
     Гүлназым Өмірзақ 2009 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясындағы магистратураны бітірген. 1986 жылдың  11 наурызында туылған. Сурет салумен жастайынан айналысқан ол, бірнеше  сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болды.
1996 жылы Жас таланттардың «Айналайын» 1-ші халықаралық фестивалінің лауреаты атанады. 2002 жылы Астана қаласында 5-ші халықаралық мерекелік «Шабыт» шығармашыл Жастар фестивалінің лауреаты болып алтын медалімен марапатталды. 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Бюросының «Рисуют дети мира: Қазақстан» атты халықаралық Альбомдар сериясына енгені үшін сертификатқа ие болды.  2006 жылы Францияда академия атынан мамандығын шындап қайтты. 2010 жылы  Республикалық  «Қанатты Әйел-3» идеялар мен тауарлар жәрмеңкесіне  қатысып дипломмен марапатталған.
      Айнұр Өмірзақ 1982 жылдың 10 мамырында дүниеге келген. 2013 жылдан бері   Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. 2006 жылы   Қазақ  мемлекеттік  Қыздар педагогика институтында оқытушы болып қызмет істеген. 2009 жылдан тікелей шығармашылық жұмыстармен айналысып келеді. Олар 1989 жылдан бастап көптеген республикалық және халықаралық көрмелер мен Қазақстанның шет мемлекеттердегі өткізілген мәдениет күндерінің белсенді қатысушысы болып табылады.
    Бүгінгі таңда өз өнерлерімен елімізге және шетелдерге танымал болған Гүлназым мен Айнұр Өмірзақтың шығармашылық жұмыстары Лондон, Люксембург қалалары және Германия, Франция, Түркия, Ресей елдеріндегі өнер галереяларында сақтаулы, сонымен қатар еліміздегі мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың интерьеріне қойылған. 
 «Дәстүр жалғастығы» көрмесі 2015 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасады

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
    2015 жылы 18 наурызда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Ұлттық игілік» музейаралық серіктестік жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы (Түркістан қ.) қорынан ұйымдастырылған «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрменің ашылуы болады.
   «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің тұрақты серіктесі болып табылады. Ол Қазақстанның орта ғасырлық тарихының өзіндік нышаны тәріздес болып келетін археологиялық және сәулет өнері ескерткішетірінің тұтас бір кешенін құрайды. 1989 жылы қорық-мұражайды ашуға көптеген жылдар бойы ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының сол өлкенің археологиясы мен сәулет өнерін зерттеулері себеп болды. Олардың ісін қазіргі уақыттың зерттеушілері жалғастыруда. Олардың көбі 1996 жылы мамырда құрылған Түркістан археологиялық экспедициясының құрамында қызмет етеді. Экспедиция қызметінің бірден бір нәтижесі ол – Түркістан алқабының қала мәдениеті ескерткіштерінің Археологиялық картасының жаңадан жасалуы болды. Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығында орналасқан Түркістан өңірі Түркі өркениетінің ежелгі ошақтарының бірі. Бұған дәлел жазба деректер мен Түркістан жазирасында жүргізілген археологиялық зерттеулер.
   Археологтар қазып алып жатқан құнды тарихи артефактілер жыл сайын  «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының қорларын толықтыра түсуде. Археологиялық ескерткіштер мен артефактілерді зерттеу, консервациялау және музей құндылығына айналдыру, мәдени мұраны сақтау мен насихаттау, Қазақстанның археология мен музейтану ғылымының тарихы, рухани құндылықтардың сабақтастығы – міне, көрмеге арқау болған басты тақырыптар.
     Қорық-музей қорларында мерзімдері көлемді болып келетін жәдігерлердің түпнұсқалары сақталған. Экспозицияға қойылған шырағдандардың ең «байырғысы» б.з.д. ІІ мың жылдықты қамтиды, ал ең «кейінгісі» ХІХ  ғ. жатады. Бұл топтамада маңызды орынды Әмір Темірдің бұйрығымен XIV ғасырда арнайы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі үшін шебер Изз ад-дин ибн Тадж ад-дин Исфахани жасаған шырағдандар алады. Шырағдандарды әшекейлеп тұрған аман-саулықты тілейтін бірегей жазбалар (эпиграфика) аса маңызды тарихи құндылықтар болып табылады. Сонымен қатар бүгінде ХІV ғасырға жататын екі шырағдан цилиндрлерінің резервуарлары Санкт-Петербургтегі Эрмитажда және бір шырағданның төменгі және орта бөліктері Париждегі Лувр музейінде сақтаулы.
    Көрме әркезеңді қамтитын археологиялық артефактілер кешені – шырағдандар арқылы келушілерді өлкенің өркениеттік тарихына үңілдіреді. Шырағдан жасау өнері дала өркениетінде ежелгі дәуірден басталады. Алғашқы кезеңде шеберлер шырақтарды күнделікті тұрмысқа қажетті бұйым ретінде жасаған.
   Экспозицияда көпшілік қауымның назарына ғылыми зерттеудің археологиялық кезеңінен бастап музейтану кезеңінен өткен 60 астам археологиялық және этнографиялық артефактер қойылады. Кешенде: әр дәуірге жататын бірегей шырағыдандар үлгілері; отты өшуден сақтаған кірпіштер; далалық зерттеулер нәтижелері; ғылыми мүліктеу мен реконструкциялардың мәліметтері.
    Астана тұрғындары мен қонақтары түркі әлемінің рухани орталығы – ұлы Түркістанның көп қырлы мұрасының бір бөлігімен жақынырақ таныса алады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   2015 жылдың 12 наурызында, сағ. 10.30-да БАҚ өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жаңа экспозициялық залдары бойынша таныстырылым туры өтеді.
   2015 жыл айрықша даталарға толы. Осыған байланысты Тұңғыш Президентінің Музейі ауқымды іс-шаралар кешенін өткізуде: бірегей көрмелер, қызықты сабақтар, тұрақты және көшпелі экскурсиялар.
Келушілердің кең ауқымын қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ экспозициялармен танысуға қолайлы жағдай жасау үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі 2015 жылдың 1 наурызынан бастап жаңа тәртіпте: сағ. 10-нан 18.00-ге дейін (үзіліссіз) жұмыс істейді. Экспозицияларға кіру уақыты 17.15-ке дейін.
  Тұрақты және жаңа келушілер, елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін  «Астана қ. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші резиденциясы» бойынша жаңа экскурсиялық тур ұсынады. Сәрсенбі және жұма күндері, сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін барлық залдар мен бұрында жабық болған: Алауошақ залы, Қысқы бақ және демалыс бөлмесі бойынша экскурсиялар өткізіледі.
   Астанадағы Мемлекет Басшысының бірінші резиденциясы жас астананың тарихи орталығында орналасқан. Ғимаратты сөзсіз Астананың сәулеттік көркіне жатқызуға болады. Оның  көркемдік-сәулеттік безендірілуі бұрынғы интерьері мен стилін сақтап тұр: жарқыраған көп белдеулі хрустальді шамдар, мәрмәр үстелшелер, зерлі жиһаздар, ұлттық нақышта орындалған декор. Резиденцияның әр залының қолданылу аясына қарай өз атауы бар. Мысалы, жоғары мемлекетаралық деңгейдегі  салтанатты қабылдаулар мен ресми кездесулер залдары, еліміздің Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу залы, сондай-ақ шағын құрамдағы келіссөздерді өткізуге арналған Алауошақ залы, Қысқы бақ және демалыс бөлмесі. 
   Музей бойынша жүргізілетін жаңа экскурсиялық маршрут Президенттің жұмыс кабинетін, үшінші және төртінші қабатта орналасқан барлық ресми рәсімдер залдарымен қоса, көпшілікке енді ашылып отырған үш шағын залды да қамтиды. Сақталған алғашқы көрінісі мен қалпы Резиденцияның ерекше ауасын сезінуге толықтай мүмкіндік беріп, осы қабырғаларда өткен тарихи оқиғалардың мән-мағынасын түсінуге жетелейді.   
«Астана қ. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің
бірінші Резиденциясы» жаңа экскурсиялық туры
үш тілде сәрсенбі және жұма күндері
сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін
 алдын-ала тапсырыс бойынша өткізіледі. 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   2015 жылдың 25 ақпанында, сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше музейлік жинақтарды ұсынып отыр.
   Көрменің мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған, Қазақ хандығы тарихындағы айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету.
   Қазақ хандығының кең-байтақ кескіндемелі бейнесін танымал қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, зергерлер, реконструкция жасаушылардың туындылары көз алдымызға елестетеді.
   Экспозицияда бірқатар тарихи артефактілерді: Ресей патшайымы І Елизаветаның атынан Абылай ханға тарту етілген атақты қылыштың бөлігі, Бөлек батырдың дулығасы, сонымен қатар Қ. Алтынбековтың тарихи дәлдікпен орындаған қазақ хандарының мөр-жүзіктері мен А. Абдубаиттің алтын зерлі жіппен кестеленген көркем паннолары маңызды орын алған.
Көптеген жәдігерлер көпшілік қауымға алғаш рет ұсынылып отыр. Осылардың қатарында Қытайлық Цин династиясының кезеңіне жататын бірегей паннолар маңызды орын алады. Оларда қытай императорлардың әртүрлі мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алмасу рәсімі бейнеленген. Осы дипломаттар қатарында Қазақ хандығының да өкілдері бар. Осындай бірегей, мұрағаттық-бейнелеу дереккөздері ҚХР мұрағаттарынан табылған, ал олардың дәл көшірмелері ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің бастамасымен жасалған болатын.
 
    «…Қазақ мемлекеттілігінің тарихының деңгеіжиегі өмір сүру кезеңі жиырмасыншы ғасырдың шегінен асып түседі…», - деп атап өткен болатын Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде. Қазақ хандығының тарихы мен мұрасын зерттеу тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болды. Қазақ хандығының мерейтойын атап өтудегі басты назар ұлттық бірегейлік, тарихи бастауларды іздеуге арналып отыр. Экспозиция Музейдің Күмбезді залында орналасуы символ мәнді: себебі дәл осы жерде 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қазақстанның жаңа астанасын жария етекен болатын. Күмбезді залдың ахуал –жағдайыидық өзі де Қазақстан халқының еркіндігі, бірлігі және оның сабақтастығының рухына тұнып тұр.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   2015 ж. 04 ақпанда сағат 17.00 ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде шығармашыл жастардың XV Республикалық «Жігер»  фестивалі сыйлығының иегері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттің «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты жеке көрмесі ашылады.
   Көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерінің көне дәстүрлері мен тарихи артефактілерғе жаңа өмір беретін автордың шығармашылығын ауқымды көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тек жылнамалар мен аңыздарда ғана емес, сонымен бірге, шебер зергерлердің жасаған алтын өрнектерінде де сақталып қалған.
   Айжан Әбдубаит шығармашылығы бірегей. Ол тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын қалпына келтіреді және қайта жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.
   «Зерлеу» – алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл – ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.
   «Өз қолыңмен бірегей зат жасау үшін, оған дейін жасалғанның шыңына жету керек» - деген сөздермен А. Әбдубаит өзінің шығармашылығын сипаттап берді. Айжан қазақтың ұмыт болған ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері мен жанрларын тырнақтап жинайтын  зерттеушіге айналды.
   ХVIII-XIX ғасырлардағы белгілі қазақ зергерлерінің (кестелі алтынмен тігілген заттар («зер»)  тек қана ақсүйек адамдарға дайындалған: хандар, билер, сұлтандар үшін) технологиясын қалпына келтіру ұзақ, ықтиятты еңбектің нәтижесі болды. Әдеттегідей, археологиялық қазба жұмыстары барысында ерте дүниедегі шеберлердің құпияларын сақтап, сырын ашпаған сәнді киім-кешектердің аздаған ғана фрагменттері табылады. Қазақтың тұрмысы мен дәстүрлі киім-кешектерін этнографиялық және тарихи тұрғыда зерттеу А. Әбдубаитқа тарихи артефактілердің біртұтас қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Олардың қатарында: хан киімдерінің жинағы, Жәнгір ханның әскери мундирі, Фатима ханшайымның бешметі және қазақ ақсүектерінің күнделікті қолданудағы қайта жаңғыртылған заттар жоғары деңгейдегі көркемдік орындалуымен қатар күмәнсіз ғылыми мағынаға ие.
   А. Әбдубаит жұмыстары ҚР Мемлекеттік Орталық музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі, Қазақстанның облыстық музейлері жинақтарында сақталған.
  «Зерлеу» әдісімен жұмыс жасайтын шеберлер дәстүрі – ол ғасырлар қойнауынан жеткен таңдаулылардың қайта туған дегдар өнері, қазақ халқының мәдени мұрасы. Бұған «Ғасырлардың алтын өрнегі» көрмесінің экспозициясындағы алтын кестемен тігілген салтанатты және той киімдерін тамашалауға келген қонақтар көз жеткізе алады.
 
«Ғасырлардың алтын өрнегі» көрмесі
 
2015 жылдың 2 наурызына дейін жалғасады

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
 
   2013 жылдың 13 қараша күні сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің енгізілуінің 20 жылдығына арналған «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» атты қор көрмесінің ашылу рәсімі өтеді. Көрме ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
     Экспозицияда Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің қалыптасуы мен нығаюының 20 жылдық тарихын көз алдымызға елестетуге мүмкіндік беретін кең ауқымды мұрағаттық құжаттар, фото- және бейне материалдар ұсынылады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы   Н.Ә. Назарбаевтың жеке мұрағатынан алынған бірегей жұмыс жазбалары да бар. 
      Көрменің қызықты және бірегей болуының себебі, мұнда алғаш рет теңге мен тиындардың алғашқы үлгілерінен бастап, қазақстандық валютаға дүниежүзілік даңқ пен халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын берген инвестициялық және коллекциялық монеталарға дейінгі қазақстандық нумизматиканың толық топтамасын көруге болатындығында.
     Қазақстан теңгесі – бұл полиграфиялық және монеталық-медальерлік өнердің ең жарқын және есте қаларлық жауһарлары екендігіне көрме қонақтары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы мен Қазақстандық теңге сарайының өнім жинақтарын тамашалай отырып тағы бір мәрте көз жеткізе алады.
      Атап айтқанда, көрме экспонаттарының арасында «Жібек жолы», «Әлемнің ең кішкентай монеталары», «Хайуандар», «Әлемнің әйгілі мешіттері», «Шығыс күнтізбесі», «Спорт», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар», «Қазақстанның Қызыл Кітабы», «Архитектуралық және тарихи ескерткіштер», «Қазақстан халқының ертегілері», «Республика игілігі» және басқа да сериялардан алтын және күмістен дайындалған сирек инвестициялық және естелік монеталарды көруге мүмкіндік болады.  
     Қазақстан теңгесі, басқа да нышандармен қатар мемлекет егемендігінің шынайы атрибуты болып саналады және пайда болған сәтінен бастап, еліміздің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі барлық сынақтардан өтіп келеді. Ұлттық валютаның енгізілуі - дербес ұлттық экономика қалыптасуының бастамасы және республикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды тетігі болып саналады. 
Көрме 2014 жылдың 20 қаңтарына дейін жалғасады

Оқиға
      18 қыркүйек күні сағ. 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Музейдің  «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында ұйымдастырылған «XX-XXI ғғ. Ресейдің бірінші ханымдары» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
    Бұл шын мәнінде Астана өміріндегі ең айтулы оқиғалардың бірі.  Мәдени маусымды экспозициялық материалдың құрамы бойынша, тақырыптық айдарлары мен хронологияларында тікелей немесе жанама көрініс тапқан оқиғалар мен үдерістердің ауқымына сәйкес  бірегей көрме ашып отыр. Дәл осы көрменің 2010-2013 жж. арналған Қазақстан мен Ресей арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың қатарына енуі де кездейсоқ емес.
Көрменің мазмұны
    Көрменің басты мақсаты – мұражайлық әдістер арқылы XX-XXI ғғ. Ресейдің бірінші ханымдарының елдің қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі рөлін ашып көрсету болып табылады.
     Көрме Ресей орталық мемлекеттік қазіргі заманғы тарихы мұражайының  «Ресей әйелінің келбеті» жобасы аясында әзірленіп, отбасылық жинақтар, мұражайлар мен мұрағаттардан алынған мемориалдық кешендердің таныстырылымына негізделген. Бірінші ханымдарға арналған көрменің бөлімдерінде көрме кейіпкерлерінің жеке заттары, фотосуреттері, құжаттары, қолтаңбалары, кескіндемелері, графикасы, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, олардың өмірі мен қызметі жайлы баяндайтын сирек кездесетін деректі хроникалар мен фильмдер ұсынылған. Көрме 2007 жылы Мәскеуде, ал 2010 жылы Екатеринбургте табысты өтті.   
      Көрменің басты кейіпкер-тұлғалары: патшайым Александра Федоровна Романова, Надежда Константиновна Крупская, Надежда Сергеевна Аллилуева, Нина Петровна Кухарчук-Хрущёва, Виктория Петровна Брежнева, Татьяна Филипповна Андропова, Анна Дмитриевна Черненко, Раиса Максимовна Горбачёва, Наина Иосифовна Ельцина, Людмила Александровна Путина және Светлана Владимировна Медведева.
Тең ұйымдастырушылар:
      Ресей орталық мемлекеттік қазіргі заманғы тарихы мұражайы   ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазіргі заманға дейінгі ресейлік өркениетті зерттеумен айналысатын ірі, федералды маңызы бар мұражай болып табылады. Мұражай Ресейдің әлеуметтік, саяси және экономикалық тарихын құжаттандыратын тарихи дереккөздерді жинақтап, зерттеп, көпшілік назарына ұсынады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры
   Қор 2000 жылдың желтоқсан айында құрылды. Қор қызметінің негізгі мақсаты қазақстандық мемлекеттілікті, ұлтжандылықты нығайтуға, қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыруға, Қазақстан Республикасының мәдени, экономикалық және саяси салалардағы халықаралық байланыстарын дамытуға қолдау көрсету болып табылады. 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
   2004 жылы құрылған, жаңа елорда – Астанадағы ҚР Президентінің алғашқы резиденциясының ғимаратында (1997 - 2004 жж.) орналасқан. Музей өз қызметінде тәуелсіз демократиялық мемлекеттің құрылысындағы негізгі үдерістер мен оқиғаларды жан-жақты зерттеп, музейлік құндылықтар арқылы көрсетуге ұмтылады, «әралуандық арқылы бірлесу» әмбебап формуласын жетекшілікке ала отырып, мақсатты түрде Қазақстан мен оған іргелес жатқан мемлекеттердің мәдени мұрасын көпшілікке дәріптеумен айналысады. «XX-XXI ғғ. Ресейдің бірінші ханымдары» көрмесі Ресей жұртшылығына ұсынылған алғашқы сәттерден бастап-ақ ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қызығушылығын тудырды. Көрменің Астана қаласында өткізілуіне 2008 жылы мәскеулік әріптестерге өте күрделі, сонымен қатар өте қызықты көшпелі жобаны ұйымдастыру мүмкіндігі туралы ұсыныс жасаудан басталған ұзақ дайындық жұмыстары алдын-ала атқарылды.
     Мемлекеттік тарихи мұражай, «Горки Ленинские» мемлекеттік тарихи мұражай-қорығы, Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты, Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихы мұрағаты, Қарулы күштердің орталық мұражайы қорлары жинақтары және жеке жинақтардың бірегей мемориалдық кешені Қазақстан астанасының тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.
Көрме 2013 жылдың 27 қазанына дейін жалғасады.
Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11.
тел: 75 12  15, 75 12 92, 75 13 72