2012 ж.

28 қараша 2012 ж. – 28 қаңтар 2013 ж

     ҚР Тұңғыш Президентінің Жеке Мұрағаты қорынан ұйымдастырылған «Тарихи таңдау» атты көрмесі.
      Көрме 2012 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет аталып өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналды. Бұл мереке қазақ халқының мемлекеттік бірегейлігінің маңызды кезеңін айқындайды.
      Экспозицияда 1991 жылғы алғашқы президенттік сайлаудың тарихы жайлы баяндайтын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жеке Мұрағаты қорынан бірегей материалдар жинағы ұсынылды. Олардың қатарында аса құнды болып саналатын қолжазбалар, жұмыс блокноттарындағы, күнделіктердегі жазбалары, сөйлеген сөздерінің тезистері болды. Көрмені сонымен қатар ресми құжаттар, фото- және бейнематериалдар толықтырды. Музейге келушілер арнайы жабдықталған залда осы тақырыпқа байланысты мұрағаттық бейнематериалдармен танысуға мүмкіндік алды.
      Көрменің ашылу рәсіміне Қазақстанның танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Астанада тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары қатысты.


31 қазан 2012 ж.-28 қаңтар 2013 ж.

      «Түркі әлемі» көрмесі
      Музейдің Күмбезді залында «Астана – 2012 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы» деген ТҮРКСОЙ-дың ұсынысына арналған «Түркі әлемі» атты көрмесі өтті. Көрме «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
      Экспозициялық жобаның әріптестері «Назарбаев орталығы», Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейлері, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы, Отырар мемлекеттік қорық-мұражайы және танымал ғалым-түркологтар болды. Жобаның ғылыми кеңесшісі «Назарбаев орталығының» бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Досымбаева Айман Медеубайқызы.
      Бірегей құжаттық және археологиялық материалдар түркілердің тарихи-мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді. Экспозицияның көркемдік-графикалық шешімі келушілерді бей-жай қалдырмады. Көрме қонақтары түркі әлемін алуан түрлі қырларынын танып, түркілер мәдениетінің тылсым әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік алды.


2012 жылдың 20 қыркүйегінде

     Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейіндегі Үлкен көрме залында музейаралық серіктестік жобасы аясында Дмитрий Поликарпович Багаевтің Мемориалды үй-мұражайы (Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы) қорынан ұйымдастырылған «Павлодардың Ертіс жағалауы туралы фотожылнама» атты көрме ашылды.
      Д.П. Багаев – өзінің белсенді әлеуметтік ұстанымдары мен зерттеушілік ынтасы арқасында Павлодар өлкесінің жарты ғасырлық шежіресін қалыптастыруға мүмкіндік берген фотосуретші болып саналады. Экспозицияда шеберге тиесілі ХХ ғасырға жататын заттардың түпнұсқалары, өткен ғасыр фотоаппаратурасы және ең бастысы – оның шығармашылық мұрасы – өлкенің жарты ғасыр бұрынғы тарихы жайлы баяндайтын фотосуреттер ұсынылған. Суреттердің басты кейіпкерлері – қарапайым халық және оның өмірі. Фотосуретші өзінің бір мақаласында: «Фотосурет – бос ермек емес – бұл ғылым, өнер және де уақыт куәлары», – деп жазған болатын.


8 маусым – 27 тамыз 2012 ж.

      «Борис Ельцин және оның кезеңі» көрмесі
      «Борис Ельцин және оның кезеңі» атты көрмесі «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры» Қоғамдық Қорының қолдауымен, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі және Б.Н. Ельциннің Президенттік Орталығымен (Ресей Федерациясы) бірлесіп ұйымдастырылды.
      Көрме Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдық мерейтойына арнайы мемлекетаралық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қойылған Күмбезді залда орналасты.
      Фотосуреттердің басым бөлігі «Ельцин дәуірі» деп атауға болатын 1990 – шы ж.ж. жатады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жеке мұрағаты мен Жеке кітапханасы қорларынан алынған материалдар тәуелсіздік қарсаңында жаңа саясаттың бастауында тұрған Қазақстан мен Ресейдің тұңғыш Президенттеріне жүктелген орасан зор жауапкершілікті көрсете отырып, экспозициялық тақырыпты кеңінен ашып, толықтыра түсті.


20 – 30 маусым 2012 ж.

      ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Көркемөнер Академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, танымал қазақстандық суретші-реставратор Қырым Алтынбековтың «Көшпенділер мәдениеті» атты жеке шығармашылық көрмесі.
      Көрме «Астана – түркі әлемінің мәдени орталығы» атты іс-шаралар аясында «Нұр Отан» ХДП Астана қаласындағы бөлімшесімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көрме әсіресе түркі халықтары мәдениетінің қойнауынан сыр шертіп, сырлы әлемнің сырын ашудағы маңызы өте зор.
      Көрме экспозициясында Қырым Алтынбековтың қолынан шыққан тарихи және мәдени ескерткіштер, ежелгі қазбалардың дәл көшірмелері, металда орындалған көркем реконструкциялар, тұтас кешендер ұсынылған. Олардың қатарында: «Алтын адам», Есік қорғаны; «Сармат көсемі», Аралтөбе қорғаны; «Берел» қорғанынан табылған археологиялық қазбалар; сақтардың салттық қазаны (Ақсуат ауылы); ғұндардың зергерлік бұйымдары (салпыншақтар), Берел көсемі атының әсем әшекейленген жабдығы; Түрік империясының байрағы (VII-VIII ғғ.); сақ көсемінің байрағы және толық қалпына келтірілген әйелдердің зергерлік бұйымдары (Аржан қорғаны, Ресей, б.д.д. VIII-VII ғғ.) және т.б.бар.
      Ежелгі тарих пен мифологияны жетік меңгерген дарынды зергер Қырым Алтынбеков көшпенділер дүниетанымын ашып көрсететін асыл металдардан эксклюзивті авторлық жұмыстар жасайды. Олардың арасында скифтердің бауырласу рәсімінде қолданған ритон-жолбарыс грифондардың бірегей ыдыстар жинақтары, айрықша оқиғаларда жағылған салттық шырақ, салттық қазан және скиф-сақ өнерінің дәстүрлеріне негізделген көптеген зергерлік бұйымдар бар.
      Автордың жеке шығармашылық көрмелері әлемнің көптеген қалалары: Прага, Карловы Вары (Чехия), Лондон (Англия), Нью-Йорк, Сан-Диего, Лос-Анджелес, Вашингтон, Беркли (АҚШ), Мәскеу (Ресей), Алматы, Астана (Қазақстан), Гент (Бельгия), Вена (Австрия), Стамбул (Түркия) және т.б. қалаларда табысты өткізілген. Сонымен қатар Қырым Алтынбековтың жұмыстары 2011 жылы Астана қаласында өткен Қысқы Азия ойындарына арналған кешенді көрмеге қатысқан.


24 сәуір – 24 мамыр 2012 ж.

     ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің және ҚР Президенттік стипендиясының иегері, «Мастер-класс Қазақстан 2000» атты халықаралық көркемөнер фестивалінің лауреаты Ғалым Қаржасовтың «Көңіл пернесі» атты жеке көрмесі
      Көрме Музейдің серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның идеясы – еліміздің әр аймақтарынан келген суретшілер, мүсіншілер және қолөнершілердің шығармашылығын насихаттап, көпшілік қауымға таныту болып табылады.
      Экспозицияда суретшінің 45 жұмысы ұсынылды. Ғалым Қаржасов 1954 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. 1980 жылы ол Алматы қаласында Н. В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген.
      Ғалым Қаржасовтың туындылары Нью-Йорк, Варшава, Вроцлав, Берлин, Амстердам, Штутгарт және Мюнхен музейлерінде өткізілген көрмелерде қойылған. Суретшінің жеке көрмелері Павлодар, Қарағанды, Алматы, Омбы, Санкт-Петербург қалаларында өткізілген. Суретшінің жұмыстары Қазақстанның қазіргі мәдени көркем өнеріндегі академиялық нақышты және ұлттық бейнелердің үлесімділігін сипаттайды.
      Суретшінің авторлық мәнеріне ең алдымен кенептің өрнектілігі тән, себебі селдір матаға адам бейнелері, ішкі көрініс, пейзаждар да тең дәрежеде сыйып кетеді. Автор бояулар үндестігін таба білген. Ол бояулар үндестігі арқылы кеңістік пен уақыттың үндестігін жеткізеді.


20 сәуір – 20 тамыз 2012 ж.

      Н.Ә. Назарбаевтың Жеке кітапханасы қорынан «Ғасырлар бейнесі» атты көрмесі
      Алғаш рет көпшіліктің назарына коллекция иесінің шынайы өмірбаянының әртүрлі кезеңдері мен жеке эпизодтары, мемлекеттік қызметі мен еңбек жолдарын баяндайтын кітап қорының шағын бөлігі ұсынылды.
      Көрме материалдары нақты тарихи кезеңдерде туындаған және оның ерекшелігі мен заңдылықтарын сақтаған кітап жинақтарының түпнұсқа ескерткіштерімен таныстырды. Көптеген кітаптарда кездескен танымал авторлардың қолтаңбалары бар еңбектер келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Соңғы онжылдықта Мемлекет басшысының Жеке кітапхана қорын толықтырған сирек кездесетін кітаптардың бірегей топтамасы да библиографиялық, полиграфиялық және тарихи құндылығымен көпшілікті таңқалдырды.


12 – 20 сәуір 2012 ж.

      «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылған «Қызметтестік пен өзара түсіністік жолында» атты көрмесі.
      Көрме Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына арналған. Бұл біздің Музей мен Польша Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылып отырған төртінші жобасы.
      Экспозиция материалдары XIX ғасырдың соңынан бастау алатын Қазақстан мен Польша арасындағы өзара қарым-қатынастардың тарихы мен халықаралық қатынастардың қазіргі таңдағы даму деңгейі жайлы баяндайды. Польша Елшілігі ұсынған құжаттар мен фотоматериалдар Қазақстан аумағына қоныстанған алғашқы поляктардың тағдырымен таныстырады.
      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорларынан алынған бірегей жәдігерлер: Константин Николаевич де Лазари диапозитивтерінің жинағы мен Бронислав Залесскийдің графикалық шығармалары, Польша басшыларының сыйлықтары мен кітаптары Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке мұрағаты және Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты (Алматы) қорларынан ұсынылған құжаттар кешенінің өзіндік иллюстрациясы болды.


15 наурыз – 15 сәуір 2012 ж.

     «Балалық шақтан көзқарас» атты жас шеберлердің өнерін қолдау мақсатындағы серіктестік жоба аясында өткізілген М. Өтемісов атындағы балалар сарайының оқушылары мен арнайы түзету мектеп-интернатының оқушыларымен бірге ұйымдастырылған көрме.
      Оқушылардың жұмыстарын дипломдармен марапаттаудың құрметті тапсырмасын орындауға Қазақстан Республикасындағы Беларусия, Украина, Жапония, Чехия және Ресей Федерациясының Төтенше және Өкiлеттi елшiлердiң жұбайлары шақырылды.
      Көрме «Бейнелеу өнері және мүсін», «Икебана», «Сиқырлы ине», «Бисермен тоқу (Фантазия)», «Құрақ құрау», «Қазақ ою-өрнектері», «Қағаз қиялдары», «Жұмсақ ойыншық» үйірмелеріне қатысушылардың үздік жұмыстарының тұсаукесері болып саналады. Көрермендер назарына жас шеберлердің нағыз біртума жұмыстары ұсынылды.
      Арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы Татьяна Козлованың шығармашылығы арқылы балалардың оқу барысында алатын дағдылары, тамаша икемділіктері мен өнерді танудың өзіндік шеберліктері көрсетілді.
      Көрменің ашылу салтанатына «Жұлдызды сағат» атты эстрадалық вокалдың оқушысы А. Манарбаеваның орындауындағы «Астана» әні көрменің ашылу салтанатына тамаша көңіл-күй сыйлады.


5 – 25 наурыз 2012 ж.

    Жастар шығармашылығын қолдау мақсатымен «Үкілі үміт» жобасы аясында ұйымдастырылған суретші Анара Абжанованың «Әлем – арман қанатында» атты жеке көрмесі.
      Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры және Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Суретшінің 50 жұмысы Музейдің екі көрме залында қойылды.
      Анара Абжанова Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті. Жасы 26-да болғанымен, Анара мыңнан астам туындылардың авторы, өзіндік қолтаңбасы қалыптасып үлгерген суретші болып саналады. Жас суретшінің сүйікті жанры – пейзаж. 2001 жылдан бастап республикалық және халықаралық көрмелерге қатысып, көптеген байқаулар мен фестивальдердің лауреаты мен дипломанты болып атанды.
      Асқан шеберлікпен орындалған пейзаждар ең талғампаз көрерменді де бей-жай қалдырмады. Экспозиция көрме қонақтарына көктемгі көңіл-күй сыйлап, айналамыздағы күнделікті өмір суретші қылқаламы арқылы арманға ұқсаған әлемге, ғажайып түстер әлеміне айналатынындай сезім қалдырды.


13 желтоқсан 2011 ж. - 13 ақпан 2012 ж.

      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасы аясында ұйымдастырылған «Мәдени мұра – балаларға. Ұрпақтар сабақтастығы» атты көрме.
      Көрменің бастамашылары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі және Астана қаласының Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубы. Көрмеге «Жас шебер» республикалық байқауына қатысқан балалардың жұмыстары қойылды.
      Көрмеде Астана, Павлодар, Орал, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Шымкент, Тараз, Ақсу, Шахтинск, Степногорск, Сәтпаев және Рудный қалаларының көркемсурет және өнер мектептері балаларының 200-ден астам сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды. Жұмыстардың авторлары 11-ден 16 жасқа дейінгі балалар. Көрмеге қатысушы жас шеберлер дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.


21 қараша 2011 ж. - 21 қаңтар 2012 ж.

      «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрмесі.
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрмеге Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы жайлы баяндайтын мұрағаттық, музейлік және кітапханалық материалдардың бірегей жинағы қойылды. Экспозицияның ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің Күмбезді залында орналасуы кездейсоқ емес еді, дәл осы залда 1997 ж. 10 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа астанасын салтанатты түрде жариялаған болатын.
      Көрме: «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы бар!», «Тәуелсіздік символдары», «Ұлттық идея», «Мықты экономика – мықты мемлекет», «Саяси-партиялық жүйе», «Қазақстан – президенттік республика», «Азаматтардың қоғамдық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Бейбітшілік және келісім бастамалары», «Жасампаздық және табыс рухы» деп аталған бөлімдерден тұрды.
      Көрменің әрбір бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу, құру және нығайтудың негізгі кезеңдерін, сонымен бірге Қазақстанның әлемдік аренадағы қол жеткізген табыстарын ҚР Президентінің Мұрағаты мен ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіндегі кітапханалық және мұрағаттық қорларының бірегей тарихи құжаттары, фото және бейнемұрағаттық материалдары, газеттік жарияланымдар мен жәдігерлер арқылы ашып көрсетті.
      Көрме қонақтары көрменің басты бөлімдері бойынша әртүрлі дереккөздерін: газеттер, қолжазбалар, ресми құжаттар, фото-бейне материалдарды бірлестіруге мүмкіндік берген жаңа экспозициялық шешімдермен танысты.
      «Тәуелсіздік шежіресі» көрмесі Қазақстанның жуырдағы тарихы мен қазіргі окиғаларына әділ көзқарас қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы тарихи рөлін ашып көрсетті.


 


21 қараша 2011 ж. - 21 қаңтар 2012 ж.


      «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы және Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатымен бірлесіп ұйымдастырылған «Тәуелсіздік шежіресі» атты көрмесі.
      Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған көрмеге Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы жайлы баяндайтын мұрағаттық, музейлік және кітапханалық материалдардың бірегей жинағы қойылды. Экспозицияның ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің Күмбезді залында орналасуы кездейсоқ емес еді, дәл осы залда 1997 ж. 10 желтоқсанда Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа астанасын салтанатты түрде жариялаған болатын.
      Көрме: «Қазақстанның өз жолы, өз болашағы бар!», «Тәуелсіздік символдары», «Ұлттық идея», «Мықты экономика – мықты мемлекет», «Саяси-партиялық жүйе», «Қазақстан – президенттік республика», «Азаматтардың қоғамдық тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету», «Бейбітшілік және келісім бастамалары», «Жасампаздық және табыс рухы» деп аталған бөлімдерден тұрды.
      Көрменің әрбір бөлімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу, құру және нығайтудың негізгі кезеңдерін, сонымен бірге Қазақстанның әлемдік аренадағы қол жеткізген табыстарын ҚР Президентінің Мұрағаты мен ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіндегі кітапханалық және мұрағаттық қорларының бірегей тарихи құжаттары, фото және бейнемұрағаттық материалдары, газеттік жарияланымдар мен жәдігерлер арқылы ашып көрсетті.
      Көрме қонақтары көрменің басты бөлімдері бойынша әртүрлі дереккөздерін: газеттер, қолжазбалар, ресми құжаттар, фото-бейне материалдарды бірлестіруге мүмкіндік берген жаңа экспозициялық шешімдермен танысты.
      «Тәуелсіздік шежіресі» көрмесі Қазақстанның жуырдағы тарихы мен қазіргі окиғаларына әділ көзқарас қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы тарихи рөлін ашып көрсетті.