2015 ж.

28 қазан – 22 қараша 2015 ж.

«Ертегілер әлеміне саяхат» Латиф Казбековтің суреттемелер көрмесі.   

   «Ертегілер әлеміне саяхат» Латиф Казбековтің суреттемелер көрмесі өтті. Көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында, «Петербордың еркін суретшілері» жобасының өкілдігімен және Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
    Латиф Кожахметович Казбеков  1954 ж. Қазақстанда (Алматы облысының Ақсу ауылы) дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін және Ленинград қаласындағы Ресей көркемсурет Академиясында (қазіргі уақытта И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және сәулет институты) тәмамдаған.  Латиф Казбеков литография, бейнелеу, офорт және кітап графикасы техникаларында орындалған туындылардың авторы. Қазіргі уақытта Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде кино өнері кафедрасының анимация және мультипликация бөлімінде оқытушылық қызмет атқарады. Ресей, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Финляндия, Италия, Дания, Нидерланды, Бельгия, Польша, Куба, Мексика, Канада, Чехия, Оңтүстік Корея, Греция, Швейцария, Балтық және ТМД мемлекеттерінде ұйымдастырылған 22 жеке көрменің және 300-ден астам көрмелердің авторы болып табылады.
    Көрме қонақтары автордың әлем халықтарының 15 ертегісінің суреттемелерімен танысты. Атап айтқанда, ол Италия, Кения, Америка, Жапония, Ресей ертегілері, ежелгі Греция аңыздары, астарлы әңгімелер мен өлеңдерге арналған суреттемелер қойылды. Олардың ішіндегі ең атақтылары Д.Ч. Харристің «Римус ағайдың ертегілері» топтамасындағы қоянның бейнесі және «Алтын кілт немесе Буратиноның бастан кешкен оқиғалары» ертегісіндегі Буратино бейнесі. Жалпы көрмеде автордың 98 туындысы көрермен назарына ұсынылды.  

15 -27 қыркүйек 2015 ж

«Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесі

       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесі мен жапондық дәстүрлі киім үлгісінен кимоно көрсетілімі өтті. Көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында, Қазақстандағы Жапония Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
        Ежелден Күншығыс елі деп аталған Жапония мәдениеті өзінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жапония мәдениеті Шығыс әлемі мен Батыс әлемі мәдениеттерінің тоғысқан жері. Қазіргі уақытта жапон мәдениетінің белгілері: қуыршақтар, икебаналар, желпуіштер және кимонолар бүкіл әлем тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
      «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінде Сіздер жапондықтардың дәстүрлі қуыршақтары, ұлттық киімдері: кимоно, хаори және желпуіштердің көптеген түрлерімен таныса алды.
     Қуыршақтар (жапон тілінен аударғанда – «нингё») Жапонияның мерекелік дәстүрінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жапония қуыршақтары өзінің қайталанбас бірегейлігі және алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бірнеше ғасыр бойы қуыршақтар жапондықтардың мерекелік іс-шараларында маңызды орын алды.
     Желпуіш – бұл тек қана жапондықтардың дәстүрлі киімінің бір бөлігі ғана емес сонымен қатар қарапайым тұрмыста қолданылатын қажетті заттардың бірі. Хиоги деп аталған алғашқы желпуіштерді тек ер адамдар ақпарат алмасу тәсілі ретінде қолданған. Біртіндеп ол сарай ханымдарының киімдерінің бір бөлігіне айналды.
    «Жапония қуыршақтары, кимоно және бұйымтайлары» көрмесінің жәдігерлері Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің жұбайы Камохара ханымның ізгі ниетімен жеке коллекциясынан ұсынылған. Көрмеге келушілер жапон мәдениетіндегі қуыршақтардың алатын орнымен танысуға және оригами техникасы бойынша шеберлік сыныбына қатысуға мүмкіндік алды.

25 ақпан – 27 қыркүйек 2015 жыл

Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы дала перзенттері» атты көрме

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы дала перзенттері» атты қор көрмесі ұйымдастырылды. Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше музейлік жинақтарды ұсынды.
Көрменің мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған, Қазақ хандығы тарихындағы айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету.
      Қазақ хандығының кең-байтақ кескіндемелі бейнесін танымал қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, зергерлер, реконструкция жасаушылардың туындылары сомдады. Экспозицияда бірқатар тарихи артефактілер: Ресей патшайымы І Елизаветаның атынан Абылай ханға тарту етілген атақты қылыштың бөлігі, Бөлек батырдың дулығасы, сонымен қатар Қ. Алтынбековтың тарихи шынайылықпен орындалған қазақ хандарының мөр-жүзіктері мен А. Абдубаиттің қайта қалпына келтірілген алтын зерлі жіппен кестеленген көркем паннолары ерекше маңызға ие болды.
    Көптеген жәдігерлер көпшілік қауымға алғаш рет ұсынылды. Олардың қатарында Қытайлық Цин әулетінің кезеңіне жататын бірегей паннолар маңызды орын алды. Онда қытайлық императорлардың әртүрлі мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алмасу рәсімі бейнеленген. Сол дипломаттар қатарында Қазақ хандығының да өкілдері бар. ҚХР мұрағаттарынан табылған мұндай бірегей, мұрағаттық-бейнелеу дереккөздері мен  олардың дәл көшірмелері өз кезегінде ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Б. Ермекбаевтың бастамасымен жасалған еді.
 

3 қыркүйек – 5 қазан 2015 ж.

Суретші  Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі.

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке көрмесі өтті.
    Көрме шығармашыл жастарды қолдау мақсатындағы 2011 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен «Үкілі үміт» көрме жобасының аясында ұйымдастырылған болатын. Бұл жоба Музейдің қазіргі заманғы Қазақстанның мәдени жетістіктерін насихаттауға бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесі. Сондықтан талантты жастардың өнерін қолдау қазіргі мәдени саладағы қажеттіліктердің бірі.
    Анар Әубәкір 1984 ж. 16 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол Павлодар қаласындағы «дизайн бойынша суретші-шебер» мамандығы бойынша көркемсурет колледжін бітірген (1999–2004жж.), Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «кескіндеме бакалавры» дәрежесін (2004–2009 жж.) және «кескіндеме магистрі» академиялық дәрежесін алған.
   Өзінің еңбекқорлығымен бейнелеу өнерінен орындаған әсерлі шығармаларымен танымал болып келе жатқан жас шебер А. Әубәкір – бірнеше мәрте халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Санкт-Петербург қаласында өткізілген «Санкт-Петербург өнері апталығы» байқауының жеңімпазы, «Қазақстан өнерінің апталығы» байқауында ең үздік сурет туындысы аталымының жеңімпазы. Қазақстанның қалалары бойынша алғашқы рет өткізілген «Art Sapar Art of Kazak Eli» көшпелі көрме жобасының ұйымдастырушысы. Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі.
   Анар Әубәкір бүкіл ғұмырын қазақ халқының эпикалық символизм және реализм стилінде көрініс тапқан өнерін дамытуға арнады. Халқымыздың талантты суретшісі, дархан дарын иесі жас қылқалам шебері өз ісіне деген адалдығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Анардың бейнелеу өнеріндегі көркем шығармашылығын көз алдымыздан тізбектеп өткізетін болсақ, оның жұмыстарынан кешегі мен бүгінгінің арасындағы таңқаларлық байланыс қатары елестенеді.

8 маусым - 20 тамыз 2015 жыл

«Мәртебесі биік марапаттар» қор көрмесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейінде «Мәртебесі биік марапаттар» атты Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасының қоғамдық марапаттарының көрмесі өтті. Алғаш рет қалың көрермен назарына Мемлекет Басшысының 200-ден астам қоғамдық марапаттары көрсетілді. Олардың қатарында: «Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы»,  «Инвестициялық Періште» сыйлығы, «Жыл адамы» халықаралық сыйлығы және т.б.
Тату көршілік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметінің арқасында, Елбасымыз дүниежүзілік қоғамдастық алдында үлкен сый-құрметке бөленіп отыр. Бұның айғағы Қазақстан Республикасы Президентінің әлемнің көптеген мемлекеттердің жоғары мемлекеттік марапаттарымен қатар, халықаралық ұйымдар тарапынан әр кезеңдерде ұсынылған қоғамдық танылудың белгілері.
Қоғамдық марапаттар топтамасы өзінің құрамы жағынан әр түрлі: ордендер, алқалар, куәліктер, дипломдар, мақтау қағаздары және сертификаттар. Мемлекет басшысының қоғамдық марапаттары – Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік кеңістікке танылуының нәтижесі.
Көрмені ұйымдастырудың басты мақсатына сәйкес музей жәдігерлері арқылы тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа қазақстандық мемлекеттілік пен ашық қоғамды қалыптастырудағы рөлі көрсетілді.
Экспозиция келесі тақырыптық бөлімдерден құралып халық назарына ұсынылған болатын: мемлекетаралық ынтымақтастық пен ықпалдасу саласындағы марапаттар; мемлекеттік басқару және экономика саласындағы марапаттар; қауіпсіздік саласындағы марапаттар; ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы марапаттар; білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы марапаттар; мәдениет саласындағы марапаттар; спорт және туризм саласындағы марапаттар. 

 

3 шілде – 2 тамыз 2015 жыл

«Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесі

    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде фотосуретші Рюджи Миямото мырзаның дәрісі және «Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесі өтті. Көрме Қазақстандағы Жапония Елшілігімен бірлесе отырып, екі халықаралық жобалар: Жапон қорының жобасы және Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасы аясында ұйымдастырылды.
    Жапон Қоры – Жапония мен шет мемлекеттер арасында өнер және мәдени алмасу арқылы халықаралық үнқатысуды нығайту саласындағы жан-жақты қызметті жүзеге асыратын, 1972 жылы құрылған арнайы мамандандырылған қоғамдық ұйым.
     Қор қызметінің басты бағыттарының бірі - жеке коллекцияларынан бүкіл әлем бойынша көшпелі көрмелер өткізіп, саяхаттар ұйымдастыру. «Сан қырлы Жапония. ХХ ғасырдың соңындағы жапон фотосуретшілерінің жұмыстары» фотокөрмесі әлемнің 21 елі мен 32 қаласында ұсынылған болатын.
    Ұйымдастырушылар бұл көрмені Жапонияның беймәлім әлеміне жол ашады деген үмітте. Жапон фотосуретшілері өз шеберліктері арқасында уақыт пен оқиғаларды тоқтатып, Жапониядағы экономикалық өсім кезеңі мен қазіргі таңға дейінгі табиғат пен қоғамда болып жатқан сансыз өзгерістерді керемет көрсете білген.
    Экспозиция 23 жапон фотосуретшілерінің 76 туындысы ұсынылған 2 бөлімнен құрылған. Сонымен қатар, көрме аясында «Жапония – қазақстандықтардың көзімен» атты қазақстандықтардың Жапонияға барған сапарлары кезеңінде жасалған жеке фотосуреттері мен жапон оқушылары жұмыстарының блиц-көрмесі ұсынылды.   

15-19 маусым 2015 ж.

«Қазақстандағы Поляк елшілері (1941-1943 жж.)» деректі көрме

      «Қазақстандағы Поляк елшілері (1941-1943 жж.)» деректі көрме Музейдің «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Польша елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған болатын. Экспозицияда ұсынылған материалдар Краков Педагогикалық университетінің депортация және жер аудару Орталығының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкийдің және тарих ғылымдарының докторы – Надежда Степаненконың терең ғылыми зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.
      Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақ КСРО-ң аумағында поляк өкілдіктері құрылған болатын. 1941 жылдың жаз және күз айларында Қазақ КСРО-ға әр түрле себептерге байланысты поляктардың көптеп көшірілуі, КСРО-дағы  поляк елшілігінің өкілдіктерін құру қажеттілігін туғызды. Депортацияға ұшыраған поляктардың негізгі бөлігі 1939 жылы КСРО құрамына кірген Польшаның Шығыс аймақтарынан болды.
      1941-1942 жылдары Қазақ КСР-де Поляк елшілігінің 9 Өкілдіктері құрылды. Өкілдіктері: Алма-Ата, Ақмола, Ақтөбе, Шымкент, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Петропавловск, Семей қалаларында орналасты. Қазіргі уақытта бұл дипломатиялық өкілдіктердің негізгі жұмыс бағыттары Қазақстан архивтерінің құжаттары негізінде қайта зерттелуде. Көрме 1941 жылы Қазақстан жерінде құрылған поляк әскери құрамаларының тарихымен және 1942 жылы жала айыппен тұтқындалып, репрессияға ұшыраған поляк елшілерінің тағдырымен таныстырады.
      1936 – 1956 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргінге әділетсіз ұшыраған поляктар барлығы (олардың қатарында Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері де бар) еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін толық ақталды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Польшамен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында поляктардың әскери зираттары табылды. Көрмеде ұсынылған деректер Қазақстан мен Польша тарихының көптеген ашылмаған беттері тарихшылар мен қалың көпшіліктің қызығушылығын туғызды. 

20 мамыр – 22 маусым 2015 ж

«Бірліктің бесігі» көрмесі Солтүстік Қазақстан облыстық мұражайлар бірлестігі қорынан

      Солтүстік Қазақстан облысының мұражай бірлестігінің қорынан ұйымдастырылған «Бірліктің бесігі» көрмесі музейдің «Ұлттық игілік», музейаралық серіктестік жобасы аясында Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеуге арналды. Экспозиция көрермендерді өлкенің полиэтникалық қоғамының қалыптасу тарихымен таныстырып, Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы жұмыстарының қолжеткізген жетістіктері жайлы баяндады. «Бірліктің бесігі» көрмесіне жапсарланған үлкен қабырғалар, оған кіретін киіз үйдің интерьері, шалаштар мен аула шарушылығының реконструкциялары қазақ, орыс, татар, неміс, поляк халықтарының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігі жайлы баяндады. Экспозициядан XIX ғасырдың соңындағы бірегей мұрағаттық құжаттар топтамасы маңызды орын алады. Экспозицияның тағы бір бөлігі келушілерді поликонфессиялық қазақстандық қоғамның құрылу тарихымен таныстырды.


4 мамыр – 9 маусым 2015 ж.

«Жеңіс ізбасарлары» атты қор көрмесі

       Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Жеңіс ізбасарлары» атты Музей қорынан ұйымдастырылған көрме өткізілді. Көрменің кіріспесі ретінде Соғыс ардагерлері және тылда еңбек еткен ардагерлердің жеке мұрағатынан алынған материалдар, 1945 жылғы Жеңіс шеруінің кинохроникасы бейнеленген «Жалын оты шарпыған» бейнеинсталляция көрсетілді. Экспозицияда Қазақстанның тұрақты және қауіпсіз дамуы айқындалған ҚР Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздіктің бастауында қабылдаған шешімдерін куәландыратын фото-, бейнематериалдар мен мұрағаттық құжаттар ұсынылды. ҚР Қарулы Күштерінің негізін қалаушысы ретінде Н. Ә. Назарбаев бірқатар стратегиялық маңызды қадамдардың бастамашысы болды: ядролық қарудан бас тарту, шекаралық аймақтардағы шиеленісті территориялар мен шекараны межелеу бойынша даулы мәселелерді шешу, жоғары әскери оқу орындарын қалыптастыру және т.б. Көрме материалдарымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен қатар, қасіретті соғыс жылдары ардагерлердің үлгі боларлықтай өнегелі ерліктерін еске алу мүмкіндігіне ие болған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жас өкілдері де танысуға мүмкіндік алды.


31 наурыз -13 сәуір 2015 ж.

«Дәстүр жалғастығы» көрмесі

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері Гүлназым және Айнұр Өмірзақтың «Дәстүр жалғастығы» көрмесі өтті. Көрме Музейдің «Үкілі үміт» атты шығармашыл жастарды қолдауға арналған жобасы аясында ұйымдастырылған. Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі кенжелеу қалған тұсы - бұл кескіндеме өнеріндегі біз кесте әдісі.
     Халқымыздың дәстүрлі өнерімізді бүгінде заманауи үлгіде дамыта отырып, белгілі бір рамкаға кестеленіп түскен композиция (бұл жерде рамканың өзі әрдайым шығармашылықтың қайталанбас элементі екендігі белгілі) екі жанрдың бір жерде тоғысуын, яғни қондырмалы (кескіндемелі), сәндік-қолданбалы өнердегі шығарманың туындауына ықпал етеді.
     Ағайынды Гүлназым мен Айнұр Өмірзақтар Т. Жургенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқып, суретші-кескіндемеші мамандығы бойынша білім алған. Гүлназым мен Айнұрдың өмірде серік еткен кәсіптері біз кесте әдісін жан-жақты меңгерген шеберлер ретінде елімізге танымал отбасы. Біз кесте техникасында орындалған олардың туындылары, қазіргі көрермендер үшін тың жаңалық болып саналатын, өзіндік лейтмотиві, символдары бар толыққанды сюжеттен тұрады.
      Бүгінгі таңда өз өнерлерімен елімізге және шетелдерге танымал болған Гүлназым мен Айнұрдың шығармашылық жұмыстары Лондон, Люксембург қалалары және Германия, Франция, Түркия, Ресей елдеріндегі өнер галереяларына қойылған.

18 наурыз – 13 сәуір  2015 ж.

«Мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Ұлттық игілік» музейаралық серіктестік жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы (Түркістан қ.) қорынан ұйымдастырылған «Мыңжылдықтар сәулесі» атты көрмесі өтті. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің тұрақты серіктесі болып табылады.
      Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығында орналасқан Түркістан өңірі Түркі өркениетінің ежелгі ошақтарының бірі. Бұған дәлел жазба деректер мен Түркістан жазирасында жүргізілген археологиялық зерттеулер.
     Көрме әркезеңді қамтитын археологиялық артефактілер кешені – шырағдандар арқылы келушілерді өлкенің өркениеттік тарихына үңілдіреді. Шырағдан жасау өнері дала өркениетінде ежелгі дәуірден басталады. Алғашқы кезеңде шеберлер шырақтарды күнделікті тұрмысқа қажетті бұйым ретінде жасады.
     Экспозицияда көпшілік қауымның назарына ғылыми зерттеудің археологиялық кезеңінен бастап музейтану кезеңінен өткен 60 астам археологиялық және этнографиялық артефактілер қойылды. Кешенде: әр дәуірге жататын бірегей шырағдандар үлгілері; ошақ бөліктері; далалық зерттеулер нәтижелері; ғылыми мүліктеу мен реконструкциялардың мәліметтері де бар.
      Экспедиция қызметінің сансыз нәтижелерінің бірі ол Түркістан алқабының қала мәдениеті ескерткіштерінің Археологиялық картасының жаңадан жасалуы болды. 

4 ақпан – 2 наурыз 2015 ж.

«Ғасырлардың алтын өрнегі» көрмесі

       ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде шығармашылық жастардың «Жігер» Республикалық XV фестивалі сыйлығының иегері, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының ұлттық «Ажар» сыйлығының иегері, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаиттің «Ғасырлардың алтын өрнегі» атты жеке көрмесі өтті. 2015 жылдың жаңа көрме маусымын ашқан экспозиция, қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдық мерекесіне арналған.
    Көрме музейдің серіктестік жобасы аясында қазақтардың көне дәстүрі сәндік-қолданбалы өнеріне, тарихи артефактілерғе жаңа өмір беретін автордың шығармашылығын ауқымды көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы тек жылнамалар мен аңыздарда ғана емес, сонымен бірге, шебер зергерлердің жасаған алтын өрнектерінде де сақталып қалған. Айжан Әбдубаит шығармашылығы бірегей. Ол тарих қойнауында қалған ғасырлардың киімдері мен тұрмысын жаңалайды және жаңғыртады. Көне «Зерлеу» техникасымен ол той және ұлттық киімдерді, тұрмыс заттарын жасайды.
      «Зерлеу» – алтынмен тігу техникасы ғана емес, бұл – ерекше пәлсафа. Автордың айтуынша, кестелеп тоқудың тамыры тереңде жатыр. Қазақтар бұл ерекше көркем әдіспен беделді адамдардың салтанатты киімдерін, бас киімдерін, тұрмыстық заттарын әшекейлеген. Әр зат түсінікті қажет ететін тарихи және мәдени ақпараттардың үлкен мағынасына ие, оларды тек түсініп сақтай білуіміз қажет.
      Қиын әрі жангештілік еңбектің нәтижесі ХVIII-XIX ғасырлардағы белгілі қазақ зергерлерінің технологиясын қалпына келтіру болды. Қазақтың тұрмысы мен салт-дәстүрлі киім-кешектерін этнографиялық және тарихи тұрғыда зерттеу А. Әбдубаитқа тарихи артефактілердің біртұтас қабатын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Олардың қатарында: хан киімдерінің жинағы, Жәнгір ханның әскери мундирі, Фатима ханшайымның бешметі және дәлелдеуді қажет етпейтін жоғары көркемдік деңгейінен басқа ғылыми маңыздылығы өте зор қазақ беделділерінің киімдері мен тұрмыстық заттарының реконструкциясы бар.


26 қараша 2014 ж. - 30 қаңтар 2015 ж.

«Тарихи таңдау. Жасампаздық» ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған қор көрмесі

     ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Тарихи таңдау. Жасампаздық» тақырыптық көрмесі, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған, музейдің «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы. Көрменің басты мақсаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттілігін қалыптастырған алғашқы реформалардың маңыздылығы  кең ауқымда баяндалды.
    1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан халқы Н. Ә. Назарбаевты өзінің тұңғыш Президенті ретінде сайлап, тарихи таңдау жасады. Н. Ә. Назарбаев өзінің ұлықтау рәсіміндегі сөзінде жас мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттерді атап өтті. Бұл еліміздің болашақ даму жолын айқындаған стратегиялық бағдарлама болатын. Көрмеден Елбасымыз – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тәуелсіз, демократиялық мемлекет қалыптастыру, ядролық қарудан бас тарту, ұлттық валюта енгізу, алғашқы интеграциялық процестердің негізін салу мен басқада елеулі істері жайлы баян ететін мұрағат материалдары қойылды.
      Көрмеде ерекше маңызды орын алған құжаттар: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы және келесі жылы 20-жылдық мерейтойы атап өтілетің Қазақстан Республикасының Конституциясы. «Тарихи таңдау. Жасампаздық» көрмесі Қазақстанның даму жолының алғашқы жылдарына көз жүгіртіп, сонымен қатар – 1991 жылдың 1 желтоқсанындағы халықтың дұрыс таңдау жасағандығына тағы бір мәрте дәлелдеді.