2012 ж.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде басылымға дайындалды:


1. Президент және қоғамдағы келісім: фотоальбом / авт.құраст. М.Ә. Шүлембаев: жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
   «Президент және қоғамдағы келісім» фотоальбомы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы рөлі» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
      Фотоальбом қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлі айқын көрініс тапқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қор материалдарының негізінде дайындалған.
      Альбом оқырман қауымға арналған.

2. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: ұжымдық монография / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
     Осы ұжымдық монография Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның нығаюы» ғылыми бағдарламасының «Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасы сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
     Монографияға Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының қалыптасуы мен нығаюының негізгі мәселелерін қарастыратын жетекші мамандардың жұмыстары енгізілді.
     Аталмыш жұмысқа Елбасының Жеке мұрағатынан алынған оның қолтаңбасы бар құжаттар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған материалдар ғылыми айналымға енгізілді.
      Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде қолданылады.

3. Еуразиялық ықпалдастық жолында: ғылыми мақалалар жинағы / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
      Ғылыми мақалалар жинағы «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдің сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
    Жинаққа еліміздің көрнекті саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, алдыңғы қатарлы қазақстандық және ресейлік ғалымдардың еуразиялық ықпалдастық мәселелеріне арналған еңбектері еңді.
      Жинақ кең көлемді оқырмандарға арналған және анықтамалық әрі оқу құралы ретінде пайдалануға ұсынылады.

4. 2012 жыл Астана – түркі әлемінің астанасы: ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
      «2012 жыл Астана – түркі әлемінің астанасы» ғылыми-қор жинағына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі коллекция сақтаушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері көрініс тапқан. Коллекция жәдігерлері түркі әлемінің рухани-мәдени тұтастығын біріктіретін орталығы ретінде Қазақстан Республикасын танытатын Қазақстанның мәдениаралық өзара қарым-қатынасы мен түркітілдес халықтардың әртүрлі кезеңдерін иллюстративті түрде көрсетеді.
     Жинақ тарихшылардың, этнографтардың, мәдениеттанушылардың қызығушылығын тудырады, мектеп оқушылары мен студенттер, гуманитарлық саладағы оқу орындары, сонымен қатар Қазақстанның тарихымен, этнологиясымен, мәдениетімен танысуға құштар оқырмандар арасында қолданылуы мүмкін.

5. Қазақстан: құрмет пен ынтымақтастық жолында 20 жыл: ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
      «Қазақстан: құрмет пен ынтымақтастық жолында 20 жыл» жинағында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі қор сақтаушыларының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері ұсынылған. Жинақ материалдарында Елбасы Жеке мұрағатындағы құжаттар мен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа сыйға тартылған сыйлықтардың негізінде Қазақстанның көптеген шет мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды орнату тарихы, сонымен қатар мемлекет басшылары арасындағы сыйлық алмасу дәстүрі көрініс тапқан.
     Жинақ тарихшылар, этнографтар, мәдениеттанушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер, гуманитарлық саладағы оқу орындары, сонымен қатар Қазақстанның тарихы, этнологиясы, мәдениетімен танысуға құштар оқырмандарға арналған.

6. Музей сабақтарының жинағы / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
      Бұл жинаққа келешек ұрпақтың ұлттық бірлігі жарасқан, бүкіл халқы экономикалық әл-ауқатты, тәуелсіз, саяси тұрақты, демократиялық мемлекет құру мен оны дамытудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін жүйелі түрде зерттеуге әрі тарихи рөлін танып-білуге ықпал ететін сабақтар мен сабақ сценарийлері жинақталған.

7. Көшбасшылық және тұлға: ғылыми басылым / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
     Ұсынылып отырған ғылыми басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастамасымен «Отбасында, мектепте және басқа әлеуметтік институттарда лидерлік қасиеттің қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру барысында дайындалған. Монографияға тұлғаның бойында лидерлік қасиеттің қалыптасуы мен даму жолдарын қарастыратын еліміздің және шет мемлекеттердің көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткерлері мен ғалымдарының мақалалары жинақталған.

8. Елбасы және тәуелсіздік: «дөңгелек үстел» материалдары / ғыл. ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: ҚР ТПМ, 2012.
        Жинаққа Тәуелсіздік күніне арналған «Елбасы және тәуелсіздік» атты «дөңгелек үстел» материалдары енгізілді.
     Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлі, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесі талқыланды.
      «Дөңгелек үстел» жұмысына мемлекеттік ұйымдар, жоғары оқу орындары және педагогикалық қоғамдастық өкілдері қатысты.