2014 ж.

        2014 ж. 18 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында, Ұлттық Қорғаныс Университетінің магистранттары, докторанттары мен  профессор-оқытушылар құрамына ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көрмесі  бойынша кезекті көшпелі экскурсия өткізді.
        Көшпелі экскурсияның форматы оның қатысушыларына Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысына дейінгі жүріп өткен  жолы жайлы баяндайтын бірегей материалдардың толық кешенімен, атап айтар болсақ, сирек бейнешежіре кадрларымен, фотосуреттер және мұрағаттық құжаттармен танысуға мүмкіндік берді. Тыңдаушылар ХХ ғ. 60-70 жж. құжаттарын парақтап, Қазақ КСР-нің республикалық баспасөздерінде жарияланған мақалалармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорларынан ұсынылған жәдігерлер кешені – ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының костюмі, погондары мен шеврондары, Республикалық «Ұлан» гвардиясының шерулік формасы, теңіз кездігі, араб қанжарлары, дуэль тапаншалары және т.б. экскурсия тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

     2014 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


 
    Меморандум бірлескен ғылыми-зерттеу, ғылыми-экспозициялық, экскурсиялық, білім-ағартушылық және басқа тәуелсіз Қазақстан тарихының қалыптасуы мен дамуын зерделеу аясында іс-шараларды өткізудегі қарым-қатынастарға арналған.
     Меморандум тармақтарын орындау барысында тараптардың жетекші ғалымдарын ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметке тарту; екі тараптың мерзімдік басылымдарында мақалалар мен материалдарды жариялау; сонымен қатар дәрістер, экскурсиялар, ақпараттық ресурстармен алмасу және т.б. ұйғарылған.
       2014 жылы 11 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы және Астана қ. білім Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылған мерекелік  ісшаралар өтті.
      Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы көп жылдар бойы жемісті шығармашылық қызметтері біте қайнаған Музейдің алғашқы сенімді серіктесінің бірі. Қазақстанның Тәуелсіздік Қүнінің қарсаңында дәстүрлі түрде өтетін «Туған жерім» балалар шығармашылығының конкурсына биыл 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның барлық аймағынан көптеген балалар конкурсқа қатысты, әлемді ерекше түрде көретін көптеген қатысушылар дипломдармен марапатталды. Мерейтойлық жылы «Туған жерім» конкурсының тақырыбы киіз, киіз басу өнері болды.
      Экспозицияда жас дарынды балалар қолынан шыққан 150-ден астам киізден жасалған туындылар қойылды. Конкурстың жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Соңынан конкурстың нәтижесі бойынша салтанатты түрде көрменің ашылуы болды. 
 

 


        2014 жылдың 5 мамыр күні Тұңғыш Президент Музейінде  түрікмен әдебиетінің ұлы классигі, философ, ғалым Мақтымқұлы Пырағының 290 жылдығына арналған  «Уақытқа тосқауыл бола алмассың...» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігімен бірлесе ұйымдастырылды.
        Мақтымқұлы Пырағы – XVIII ғ. түрікменнің көрнекті ақыны және ойшылы. Жыл сайын  18 мамырда Түрікменстанда «Мақтымқұлы Пырағы поэзиясы, бірлік және жаңғыру күні» мемлекеттік мерекесі кеңінен аталып өтеді. Мақтымқұлы шығармалары халықтың сүйіспеншілігіне ие, жаңа поэтикалық тілінің арқасында жыраулар мен жыршылар оның өлеңдерін сақтап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Оның өлеңдері халық тіліне жақын, араб-парсы метрикасына емес, халықтық силлабикалық жүйеде құрастырылған. Сондықтан да Мақтымқұлы шығармалары халыққа жатық, ал оның өлең жолдары нақыл сөздерге айналған.
        Әдеби кеште классик-ақынның түрікмен, қазақ және орыс тілдеріндегі өлеңдері оқылды. Кеш қонақтары Мақтымқұлы Пырағы шығармаларының Дүйсенбек Қанатбаевтың қазақ тіліне аударған жинағымен танысты.  


      2014 ж., 30 маусым күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясында «Сүйемін сені, Астана» балалар шығармашылығының фестивалі және «Мен осы жерде өмір сүремін» атты халықаралық байқаудың қорытындысы бойынша «Сүйемін сені, туған өлкем!» атты әлеуметтік маңызы бар плакаттар көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы, Новосібір қаласының «Солярис» балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымы, Ресей мәдениет қорының Новосібір филиалы, Новосібір мәдениет қорларымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шаралар, Қала күні және Балаларды қорғау күніне арналған. Дәстүрлі түрде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өткізілетін балалар шығармашылығының фестивалі, кезекті рет қатысушылар мен келушілерді қызықты шығармашылық үдеріспен қуантып, соңында байқауға қатысушылардың ең үздік жұмыстарының авторларын марапаттау рәсімі өтті. 
      «Сүйемін сені, туған өлкем!» көрмесінде 2004 жылдан 2013 жылдар аралығында Новосібір қ. өткізілген жыл сайынғы қалалық байқаудың ең үздік 110 жұмысы ұсынылды. Бұл көрменің ерекшелігі барлық халықтар мен Жер шары адамзаты үшін жарқын болашақты жақындатуға мүмкіндік беретін барлық күштер бірігуінің халықаралық символы Бейбітшілік және Мәдениет туының желеуімен өтуінде .


     2014 жылы 25 тамызда ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Музейдің 10-жылдығын мерекелеу аясында «Серіктестер шоқжұлдызы» музейлік форумы өтті. Күні бойы елорда тұрғындары мен қонақтары Форумның экспозицияларымен танысып, Қазақстаннның тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған Тұңғыш Президенті Музейінің қызметі туралы көрнекі ақпарат алып, Форумның жұмысына да белсене қатысуға ие болды.
    Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі өзінің мерейтойлық музейлік форумына Қазақстанның тұтас тарихи-мәдени ерекшелігін көрсететін Қазақстаннның көптеген өңірлерінің шығармашыл топтарын шағын экспозициямен шақырды. Онда Ақтау, Атырау, Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Отырар, Павлодар, Солтүстік Қазастан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстық музейлердің қорларынан шағын да болса, бірегей құндылықтары қойылды.
      Форум қонақтары әртүрлі қалалардың музейлік құндылықтардың бірегей жәдігерлерін көріп қана қоймай, іс-шараның интерактивті бөлімдеріне қатысып энеолит кезеңіндегі адамның орнына қойып, тас диірменде жұмыс істеу сәті мен Қазақстандағы алғашқы тың игерушілердің қатарында болуға да мүмкіндік алды.
      Сонымен қатар аталмыш форум аясында Астананың жас суретшілерінің пленэрі мен Ресейдің және отандық музей ісінің мамандарының озық тәжірибелерімен бөлісуге арналған шеберлік сағаттары да өткізілді.


     2014 ж. 6 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті Күні мерекесі қарсаңында Еуразия Гуманитарлық Институтының оқытушылары мен студенттеріне ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көрмесі бойынша алғаш рет көшпелі экскурсия өткізді.
      Музейдің мұрағаттық қорынан ұйымдастырылған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көшпелі экскурсиясы ел тарихының ең күрделі сәттерінде Ұлт көшбасшысы атанған тұлғаның әлеуметтік, азаматтық қасиеттері қалыптасқан тарихи ортаны кеңінен ашып көрсетеді. Тыңдаушылар 1960-70 жж. құжаттарын парақтап, Қазақ КСР-нің республикалық баспасөздерінде жарияланған мақалалармен танысты.
      Әр алуан құжаттардың бірегей жинағы Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысына дейінгі жүріп өткен жолын танып білуге мүмкіндік берді.