2016 ж.

16 маусым – 15 шілде 2016 ж.

«Уақыт құдіреті» көшпелі қор көрмесі.

 

2016 жылдың 16 маусымында Қарасай ауданының тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан жинақталған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылу салтанаты  өтті.  

Көрмені Қарасай ауданының әкімі Б.М. Бигелдиев, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева және  «Қарасай аудандық білім беру» корпоративтік қорының бастығы Е.Д. Исраилов ашты.

Көрменің ашылу салтанатына жергілікті билік органдарының жетекшілері, қоғам өкілдері, Қаскелең қаласының мұражайларының, мәдени мекемелерінің, оқу орындарының директорлары, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыныптастары қатысты.

Көрмеге Музей қорындағы сағаттар коллекциясы қойылған. Коллекцияның  негізін  Н.Ә. Назарбаевқа  әр жылдарда Қазақстан халқына, оның Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысына деген айрықша құрметтің белгісі ретінде табыс етілген дипломатиялық сыйлықтар құрайды.

Көрмеде сағат өндірісінің типтік өнімдерімен қатар, сирек әрі бірегей туындалары қойылған. Көрмедегі жәдігерлердің арасында сыйға берушілердің арнайы тапсырысымен жасалған түрлі механикалық, кварцты және электронды сағаттар, 3000 жылдарға есептелген күнтізбелі және басқа да көптеген сағаттар айрықша көзге түседі.

Көрмені шын мәнінде бірегей деп айтуға болады, өйткені экспозицияда сағат өнерінің биік шыңына жеткен 50 астам әр түрлі және көбінесе сирек кездесетін туындылар ұсынылған. Жәдігерлердің арасында - пішіні, орындалу техникасы мен жасалу уақыты бойынша алуан түрлі камин, үстел, қабырға, қалта және қол сағаттары. Келушілер сағаттар коллекциясының ең үздік үлгілерін тамашалай алады: көз тартарлық скелетон сағаттары, түрлі көркемдік техника мен материалдардан жасалынған сағаттар, XIX-XX ғғ. кең тараған танымал сағат үлгілері.

 «Уақыт Құдіреті» көрмесі 2016 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жұмыс істейді.

 

22 қыркүйек – 25 қазан 2016 ж.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы «Уақыт құдіреті» көрмесі.

2016 жылдың 22 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің  (Астана қ.) қорынан жинақталған «Уақыт құдіреті» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрмені Ақтау қаласының әкімі С.Ө. Трумов, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Қ. Ақтаева, Маңғыстау облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары   П.У. Сармурзина және  Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Т.Қ. Жұмалиева ашты.

Көрменің ашылу салтанатына жергілікті билік органдарының жетекшілері, қоғам, облыс және қала мұражайларының, мәдени мекемелерінің, оқу орындарының өкілдері қатысты.