Педагогтар кеңесі

Педагогтар кеңесі

2017 жылы 7 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің дәстүрлі отырысы өткізілді.

Күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылды:

1. 2016-2017 жылғы оқу жылындағы жұмыс нәтижелері туралы.

Баяндамашы: Қайыпова Б.М.

2. «Астана – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбы бойынша музейлік-педагогикалық жұмыс түрлері» (Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейінің жұмыс тәжірибесінен).

Баяндамашы: Мусина Н.Қ.

3. Педагогтар кеңесі мүшелері ғылыми-педагогикалық қызметінің нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы музейі жанындағы Педагогтар кеңесінің төрайымы, директордың орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Қайыпова Б.М.  алғы сөзінде ұстаздарды оқу жылының аяқталғанымен құттықтай отырып,
Астана қ. Білім беру басқармасымен бірлесіп 2016-2017 оқу жылында атқарған жұмыстың нәтижелерін қорытындылады.

Қайыпова Б.М. баяндамасында: «Елбасының Кітапханасы ғылыми-ағартушылық қызметінде Мемлекет басшысының білім беру және ғылым саласындағы бастамаларын жетекшілікке алатынын, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, азаматтықты және XXI ғасырдың зияткерлік элитасын қалыптастыру бойынша мемлекеттік білім беру-ағарту бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатынын атап өтті. Астана қ. Білім беру басқармасының келісімі бойынша жыл сайын барлық санаттағы оқу орындарымен ынтымақтаса отырып дәрістер, сабақтар, байқаулар, аттестациялық сабақтар, балалар мерекелерін, кездесулер, дебаттық турнирлер өткізеді. Осылайша, Ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында 01.01–07.06.2017 жыл аралығында 60 іс-шара өткізілді, қатысушылар саны 3 586 адам болды», - деп атап өтті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, тарих және қоғамдық пәндер мұғалімдеріне біліктілік санатын беру аттестациясы бойынша эксперименталды алаң аясында 2017 жылы 3 наурызда аттестациялық сабақтарды қорғау өткізілді. Музей педагогтарымен бірлесе келесі дәрістер дайындалды және өткізілді:

– «Ғасырлар куәсі – ЭКСПО көрмесі» – Құлбекова Н.К., Сарқұлова Ж.Ж. № 82 мектеп-лицейі мұғалімдері;

– «Елбасының «Ой бөлістім халқыммен» атты шығармасының ізімен» – Байкенжеев Е.Б. № 76 мектеп-лицейі мұғалімі;

– «ЭКСПО-2017: «Мәңгілік Ел құндылықтары» – Бекназарова Д.О. № 64 мектеп-лицейі мұғалімі.

«Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында «Ақиқат» дебаттық клубының жұмысы жалғасуда: алғаш рет көпшіліктің сұранысы бойынша астана колледждері студенттерінің арасында 2016 жылдың 5 қарашасында «Әлемдік қауымдастық таныған ел» атты дебаттық турнир өткізілді.

2017 жылы 28 наурызда № 53 мектеп-лицейінің базасында оқушылардың арасында дебаттық турнир өткізілді. Турнирге астаналық мектептердің 40-тан астам командасы қатысты.

2017 жылы 14 ақпанда № 50 Райымбек батыр атындағы «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларына жоспардан тыс іс-шара өткізілді. «Лидерлік қасиетті дамыту» атты семинар-тренинг барысында «Жастардың бойында лидерлік қасиеттерді дамыту» элективтік курсының тақырыптық жоспарына сәйкес оқушылардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған тренингтік дәрістер өткізілді.

«Музей және балалар  (кішкентай балаларға арналған әліппе-жол көрсеткіш)» ғылыми-ағартушылық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғасын табуда – 2017 жылдың 1 наурыз және 26 сәуірде № 3 «Күншуақ» және № 14 «Ақбөпе» балабақшаларының тәрбиеленушілеріне арналған «Моя родословная – частица родословной нашей страны. Буква «Р» көшпелі музейлік сабағы өткізілді. 

Қайыпова Б.М. баяндама жасау барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қалалық және республикалық байқаулардың өткізілгенін атап өтті. Бұл, сонымен қатар «Көңілдің асыл пернесі: Н.Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты екінші жалпықалалық шығармашылық байқауы дайындық аясында ұйымдастырылған «Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер» атты концерт-шеберлік сыныбы және байқаудың финалы мен жеңімпаздарын марапаттау салтанаты.

2016 жылы 9, 12 желтоқсанда «Қазақстан – халықаралық аренада» атты үздік музейлік сабаққа қалалық педагогтар шеберлігі байқауы жеңімпаздарын, жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері арасында «ЭКСПО жылнамасы» атты үздік бейнебаянға жарияланған республикалық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімері өткізілді. 2017 жылдың 28 сәуірінде  «Әлемді өзгертетін идеялар» атты оқушылардың ғылыми жобалары байқауының ақтық кезеңі мен жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы әрине, байқау жақындап қалған ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналды.

2017 жылы 24 мамырда Астана қаласындағы № 1 Балалар музыкалық мектебі оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен Ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні аясында Музей экспозициялары жанында музей педагогтары «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарағы»,  «Қазақстанның сәндік қолданбалы өнері», «Қазақстанның олимпиада чемпиондары» атты сабақ-экскурсиялар өткізді.

Екінші мәселе бойынша Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің басшысы Мусина Н.Қ. «Астанатану» саласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы тәжірибесін ұстаздармен бөлісе отырып «Астана – Қазақстан тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбы бойынша музейлік-педагогикалық жұмыс түрлері» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

Үшінші мәселе бойынша сөз алған № 60 лицейдің тарих пәні мұғалімі Хамитова А.С.  қатысушылар назарына өзінің тәрбиеленушісі, Астана және Минск қалаларында өткен  ғылыми жобалар байқауларының жеңімпазы Рахметулдинов Тимурдың нәтижелерін ұсынды. Тимур Кітапханаға өзінің «Дипломаттың 48 заңы» кітабын сыйға тарту етіп, оны қалай дайындағаны туралы әңгімелеп берді.

Отырыс қорытындысы  бойынша сабақтар өткізу барысында инновациялық технологияларды енгізу бойынша Астана қаласы білім беру мекемелерімен бірлескен жұмысты жалғастыру, тарих пәні мұғалімдеріне біліктілік санатын беру аттестациясы бойынша эксперименталды алаң аясындағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Жиын соңында Педагогтар кеңесінің төрайымы ұстаздарға өскелең жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі маңызын атап көрсете отырып, іс-шараларды ұйымдастыру барысында көрсеткен әдістемелік көмектері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Педагогтар кеңесінің мүшелері мен жас ғалымға құнды сыйлық –  «Назарбаев моделі» кітабы сыйға тарту етілді.