2013 ж.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі 2007 жылдан бері қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік «Мирас» журналын шығарады. Журналдың басты мақсаты жас мемлекеттің дәуір өзгерістерін, тағдыршешті шешімдерін және маңызды жетістіктерін көрсету болып табылады. Журналдың тақырыптық бағыты – тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі (экспонаттар, құжаттар, көрмелер және т.б.). Авторлық ұжым белгілі мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, министрлер, Парламент депутаттары, әкімдер, ғалымдар, журналистер, музейлік қызметкерлер. Журнал беттерінде бұған дейін жарық көрмеген Елбасының Жеке мұрағатынан алынған сирек кездесетін фотолар мен құжаттар жарияланады. 
      Басылым тілі: қазақ, орыс. Басылым мерзімі: жылына 4 рет (тоқсан сайын). 
      «Мирас» журналының редакциялық алқасы авторларды әріптестікке шақырады. Сіздерді 2013 жылғы «Мирас» журналы нөмірлерінің тақырыптарын және жарияланымды беру үшін өтініш мерзімін ұсынамыз 
№ 1 (25) / 2013 – «Табыс пен гүлдену жолында»: 2013 жылдың 15 ақпанына дейін; 
№ 2 (26) / 2013 – «Астана – жан жүрегім»: 2013 жылдың 15 мамырына дейін; 
№ 3 (27) / 2013 – «Әлеуметтік-саяси жаңғырту»: 2013 жылдың 10 қыркүйегіне дейін; 
№ 4 (28) / 2013 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналады...»: 2013 жылдың 15 қарашасына дейін. 


«Мирас» журналына басылым өтініші төменде көрсетілген электрондық поштаның мекенжайы бойынша қабылданады. 
Өтініште көрсетілу керек: Аты-жөні, жұмыс орны және лауазымы, ғылыми дәрежесі, мақала тақырыбы, байланыс телефондары. 
Міндетті түрде көрсеткіші жоғары авторлық фотоның электрондық нұсқасын жіберу керек. Мақаланың тақырыбына сай фотоларды жіберуге болады. 
Сұраныста көрсетіледі: аты-жөні, тегі, жұмыс орны мен лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы, мақала тақырыбы, байланыс деректері (байланыс телефондарының нөмірі). Авторлық фотосуретінің міндетті түрде жоғары сапалы электрондық нұсқасын салу қажет. 
Мақала мәтінінің талаптары: Мақаланың көлемі – 5–6 бет. Мақаланың мәтіні WORD редакторында, 12 қаріппен терілуге тиіс, жоларалық интервалы – жалаң (Times New Roman); жиегі: жоғарғысы мен төменгісі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см. 
Фотоның сапасына талаптар – 1-ден 2 MB дейін жоғары көрсеткіш. 
2013 жылдың екінші жартыжылдығына «Мирас» журналына жазылу мерзімдік басылымдардың каталогы бойынша 2013 жылдың 7 және 30 сәуірі аралығында «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асады. 
Жазылу индексі – 74029, мерзімі – жылына 4 нөмір, 2013 жылға жазылу бағасы – 11 674, 20 теңге, 2013 жылдың екінші жартыжылдығына – 5 837 теңге. 
Редакцияның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, ул. Бейбітшілік к-сі, 11, 108 каб. 
Тел./факс: 8 (7172) 75-12-13, 75-12-65, 75-28-62. 
Е-mail: miras2007@mail.ru,

«МИРАС» № 1 (25) / 2013 ж.

«МИРАС» № 2 (26) / 2013 ж.

«МИРАС» № 3 (27) / 2013 ж.

«МИРАС» № 4 (28) / 2013 ж.