2013 ж.

     2013 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде басылымға дайындалды:
 
1. Елбасы және тәуелсіздік. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің еңбектері» сериясынан: мақалалар жинағы / жалпы ред. басқарған С. Т. Нұраханов, А. С. Сағынғали. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 228 б.
«Елбасы және тәуелсіздік» мақалалар жинағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай дамуы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттіліктің қайта өркендеуі» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды. Жинақта ғылыми-зерттеу, ғылыми-қор, білім және баспа қызметтерінің негізгі бағыттарына арналған Музей қызметкерлерінің зерттеулерінің нәтижелері жарияланған.
Жұмыста Елбасы Жеке мұрағаты мен Жеке кітапханасының материалдары, сонымен қатар музейлік коллекциялар қолданылған.
Жинақ материалдары тарихшылар, этнологтар, саясаттанушылар, тарих мамандығының студенттері, музейлік саланың мамандары үшін қызығушылық тудырады. 
2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі: ұжымдық монография / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 136 б.
Аталмыш ұжымдық монография Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның нығаюы» ғылыми бағдарламасының «Тұңғыш Президент және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясының қалыптасуы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Монографияға Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен нығаюындағы негізгі мәселелерін қарастыратын жетекші мамандардың жұмыстары енді.
Аталмыш жұмысқа Елбасы Жеке мұрағатынан алынған Елбасының қолтаңбасы бар материалдар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған материалдар ғылыми айналымға енгізілді.
Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде пайдалануға болады.
3. Теңге – тәуелсіздіктің символы (Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының 20 жылдығына арналған музейлік жәдігерлердің каталогы)/жалпы ред. басқарған С. Т. Нұраханов, А. С. Сағынғали; авт.-құраст. К. Қ. Ақтаева, С. Қ. Сағымбаев, З. А. Әубәкірова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 90 б.
Каталогта алғашқы рет «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің символы» тақырыбы бойынша жәдігерлерді жүйелеудің ғылыми-қор нәтижесі ретінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған қазақстандық нумизматика коллекциясы ұсынылған.
Қысқаша шолуда қазақстандық ұлттық валютаның қабылдануы мен нығаю процестері туралы баяндалатын музейлік коллекцияның құрамына сипаттама берілген, Қазақстан Республикасының Теңге сарайы мен Ұлттық Банктің Банкнот фабрикасының қалыптасуы мен қызметі туралы ақпараттар ұсынылған.
Коллекциялық монеталарға қысқаша сипаттама берілген және тақырыптық сериялары бойынша орналасқан. Монеталар бойынша анықтамалық материал берілген.
Банкноттар хронологиялық тәртіппен – шығарылу жылы бойынша ұсынылған. Каталогтың соңында кестелер ұсынылған: банкноттардың су белгілері мен қорғаныш элементіне,  банкноттардың хронологиялық тізбесіне сипаттама берілген. Әрбір экспонаттың фотоиллюстрациясы бар.
Көпшілік оқырман қауымға арналған, «Көмекші тарихи пән» курсын оқытуда қолданылады.
4. Музей сабақтарының жинағы. 2011–2012 оқу жылы / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана, 2013. – 130 б.
Бұл жинаққа келешек ұрпақтың ұлттық бірлігі жарасқан, бүкіл халқы экономикалық әл-ауқатты, тәуелсіз, саяси тұрақты, демократиялық мемлекет құру мен оны дамытудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін жүйелі түрде зерттеуге әрі тарихи рөлін танып-білуге ықпал ететін сабақтар мен сабақ сценарийлері жинақталған.
5. Музей сабақтарының жинағы. 2012–2013 оқу жылы / жалпы редакциясын басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана, 2013. – 130 б.
Бұл жинаққа келешек ұрпақтың ұлттық бірлігі жарасқан, бүкіл халқы экономикалық әл-ауқатты, тәуелсіз, саяси тұрақты, демократиялық мемлекет құру мен оны дамытудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметін жүйелі түрде зерттеуге әрі тарихи рөлін танып-білуге ықпал ететін сабақтар мен сабақ сценарийлері жинақталған.
6. Елбасы және Тәуелсіздік «дөңгелек үстел» материалдары, Астана қаласы, 5 желтоқсан 2012 ж. = Лидер Нации и Независимость: мат. «круглого стола», г. Астана, 5 декабря 2012 г. / ғыл. ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 60 б. – Қазақша, орысша.
Жинаққа Тәуелсіздік күніне арналған «Елбасы және Тәуелсіздік» атты «дөңгелек үстел» материалдары енгізілді.
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму тарихының өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы, қоғамның демократиялануы мен президенттік институттың нығаюындағы тарихи рөлі, халықты біріктіру үдерісіне, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, сол сияқты елдің сыртқы саяси стратегиясын айқындауға қосқан үлесі талқыланды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына мемлекеттік ұйымдар, жоғары оқу орындары және педагогикалық қоғамдастық өкілдері қатысты.
7. Музей педагогикасы (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің жұмыс тәжірибесінен): ғылыми-әдістемелік басылым = Музейная педагогика (из опыта работы Музея Первого Президента Республики Казахстан): научно-методическое издание / құраст. Р. Қазбекова, Ә. Оспанова; жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 120 б. – Қазақша, орысша.
Осы ғылыми-әдістемелік басылым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің мәдени-ағарту қызметінің тәжірибесін жинақтау мақсатында білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Авторлар үдерістердің ортақтығы және отандық бағыттың ерекшелігі аясында құбылысты кең ауқымда қарастыруға мүмкіндік беретін музейлік-педагогикалық даму тарихының материалдарын қолданады. Брошюраның негізінде – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Музей педагогикасы орталығының инновациялық тәжірибесі жатыр.
Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде ғылыми-іздестіру жұмысының ұйымдастырылуы: тәжірибе, мәселелері және келешегі /автор-құраст. Л. Омарова; жалпы ред. басқарған А. Сағынғали, Б. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі,, 2013. -   48 б.
Брошюра «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасы бойынша «Әлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.  Назарбаев туралы» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Брошюрада қорды жинақтау қызметінің бір саласы болып табылатын ғылыми-іздестіру, жинақтау жұмыстарының теориясы мен әдіснамасы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ғылыми-іздестіру жұмысынының ұйымдастырылу тәжірибесі туралы баяндалады.
Брошюра музей қызметкерлері мен музей қызметін ұйымдастыру және зерттеу мәселелерімен айналысатын көпшілік оқырман қауымға арналған.
9. Бейбітшілік пен келісім – бірліктің және гүлденудің жолы (Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезінің шақырылуы бастамасының 10 жылдығына арналған); ғылыми-қор жинағы / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – 204 б.
«Бейбітшілік пен келісім – бірліктің және гүлденудің жолы» ғылыми-қор жинағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің шақырылуы бастамасының 10 жылдығына арналады. Жинақта Музей қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу және қор қызметінің негізгі бағыттарына арналған зерттеу нәтижелері жарияланған.
Аталмыш жұмыста Елбасының Жеке мұрағатынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі қорынан алынған құжаттар қолданылған.
Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және толеранттылықтың қазақстандық үлгісі» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды. Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
10. Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үрдістердегі рөлі: құжаттар мен материалдардың жинағы / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, Б. М. Қайыпова. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, 2013. – 138 б.
«Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үрдістердегі рөлі» құжаттар мен материалдардың жинағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі әлемдегі жаһандық қауіп-қатерді еңсерудегі бастамалары» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында дайындалды.
Жинаққа Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздану режимін нығайтудағы қызметі туралы мақалалар мен баяндамалардың материалдары жинақталған.
Аталмыш жұмыста Елбасының Жеке мұрағатынан алынған Елбасының қолтаңбасы бар материалдар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан алынған материалдар ғылыми айналымға енгізілді.
Жинақ көпшілік оқырман қауымға арналған, анықтамалық және оқу құралы ретінде қолданылуы мүмкін.
11. Кітап полиграфиялық өнердің үлгісі ретінде: кітаптардың каталогы / құрастырушы Л. Қ. Ахметова; жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, 2013. – 40 б. – («Н. Ә. Назарбаевтың Жеке кітапханасындағы кітаптар коллекциясы» сериясы).
Аталмыш каталогты музейлік жинаққа ғылыми-қор зерттеу жүргізу аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі дайындады. Каталогқа материалды іріктеу критерийлері дүниежүзілік мемлекеттердің тарихы мен мәдениеті бойынша кітаптардың ақпараттық бағалылығы мен полиграфиялық сипатталуы – мұқаба, қаріп, суреттің бірегей ерекшеліктері, құрастырушылардың беделдігі болып табылады.
Каталогқа кітап-экспонаттардың 32 аннотациялық библиографиялық сипаттамасы енгізілген.  Каталогқа енгізілген кітаптар сый қолтаңбасы бар жазбаларымен ерекшеленеді, мұнда әдеби ғана емес, мәдени естеліктер болып табылатын сыйға тартушылардың  ілеспе хаттары да енгізілген. Каталог дүниежүзілік мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін, саяси процестерін зерттеуші, сонымен қатар заманауи полиграфия саласының мамандарына арналған. 
12. Мұражай қызметін қамтамасыз ету бойынша нормативтік және әдістемелік материалдар: жинақ = Нормативные и методические материалы по обеспечению музейной деятельности: сборник / жалпы ред. басқарған А. С. Сағынғали, К. Қ. Ақтаева. – Астана: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, 2013. – Қазақша, орысша. – 186 б.
Жинақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіндегі Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау орталығы мен Экспозицияларды және экскурсиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру орталығы құрастырған нормативтік және әдістемелік материалдарының топтамасынан қалыптастырылған. Осы материалдар мұражай мекемелерінің қызметінде ақпараттық технологиялардың қолданылуы мен есепке алу, сақтау принциптерінің жүйелілігін және мұрағат, кітапхана, мұражай жәдігерлерін зерттеудің негізгі бағыттарын регламенттейді.
Мемлекеттегі мұражай мекемелерінің қызметіндегі нормативтік және әдістемелік базаны қалыптастыру жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізеді. Дегенмен, осы саладағы жинақталған тәжірибе мен жаңа тәсілдерді толықтыру мен ғылыми жүйелеу қажеттілігі азайған жоқ. Керісінше, жаһандық мәдени-ақпараттық кеңістіктің өрістеуіне байланысты мұражай қызметінің негізгі бағыттары бойынша отандық нормативтік және әдістемелік әдебиеттің жетіспеуі айқын көрінеді.
Жинақтың құрылымы мұражай бөлімшелерінің қызметін нормативтік және әдістемелік жағынан жүйелейтін екі бөлімнен құрылған. Барлық материалдар тәжірибелік апробациядан өткізілген.
Жинақ материалдарын республиканың мұражай мекемелерінің тәжірибелік қызметінде қолдануға болады. 
13. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған күнтізбе.
Күнтізбе Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдық мерейтойы аясында дайындалды.