Тақырыптық экскурсиялар

       Тақырыптық экскурсиялар тұрақты экспозициялардағы арнайы залдар мен жәдігерлер бойынша, уақытша тақырыптық көрмелер бойынша өткізіледі.

 


2017 жылы 14 сәуірде, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бекітілуінің кезекті жылдығы қарсаңында Елбасы кітапханасының музейінде «Шипагер» медициналық колледжінің 1 курс студенттеріне арналып «Қазақстан Республикасы: мемлекеттік даму стратегиясы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында тыңдаушылар қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын материалдармен танысты. «Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсімі» музейлік реконструкциясы тыңдаушылардың айрықша қызығушылығын тудырды.

Маңызды құжаттар қатары ұсынылған залдың интерактивті бөлімінде қонақтар, мемлекеттік даму стратегиясы жөнінде Мемлекет басшысының түзетулері бар қолжазбалар және құжаттармен, сонымен қатар «Қазақстан жолы» бейне мұрағатының бірегей кадрларымен танысу мүмкіндігіне ие  болды.