Құрылым туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ Музейі

 

Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметі

Функциялары:

– Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуы тарихы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тарихи рөлі жөнінде ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;

– ғылыми-іздестіру, деректемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

– қолданбалы музейтанушылық зерттеулерді жүргізу;

–  тәуелсіздік пен Елбасы бастамаларының жетістіктерін көпшілікке таныстыруға бағытталған ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыру;

– әдістемелік кеңес беру жұмысын және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы Музейінің жанындағы Педагогтар кеңесі қызметін ұйымдастыру.

– қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерін көпшілікке жария ету және насихаттау.

 

Қызмет басшысы – Мусина Назира Қасымжанқызы

Тел.: 8 (7172) 75 12 13

 

Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметі

Функциялары:

– музейлік қордың мемлекеттік есебін, музей құндылықтарын заңды және жеке қорғауды қамтамасыз ету;

– музей жинағын топтастыруды (кешендеуді) жүзеге асыру;

– музейлік заттарды бұзылудан, бүлінуден, ұрланудан қорғауға кепілдік беретін, яғни, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

– есепке алу-сақтау және ғылыми-қор жұмысын ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету;

– музей жинақтарын музейлік тұрғыда зерттеу, ғылыми-қор зерттеулер нәтижелерін қоғамдық пайдалану үшін жағдай жасау;

– музей жинақтарын  көпшілікке жария ету.

 

Қызмет басшысы – Молдағаринова Зульфия Имансарықызы

 

Тел.: 8 (7172) 75 12 86

 

Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметі

Функциялары:

– Кітапхананың экспозиция және көрме қызметінің ғылыми-әдістемелік және әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстарын қамтамасыз ету;

– экспозиция және көрме қызметінің нәтижелері бойынша еңбектерді  жариялау;

– экспозиция және көрме қызметінің материалдық-техникалық базасын  қамтамасыз ету;

– тұрақты және уақытша көрмелерге қойылатын музейлік маңызы бар заттардың сақталуын қамтамасыз ету;

– экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

 

Қызмет басшысы – Шырымбаева Нұржамал Алдиярқызы

Тел.: 8 (7172) 75 12 14

 

Экскурсия қызметі

Функциялары:

– Музей және Кітапхана ғимараты бойынша барлық келушілерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жалпылама, тақырыптық, авторлық экскурсия дайындау және жүргізу;

– ғылыми-экспозициялық жобалардың тақырыптары бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жылжымалы және тұрақты экскурсияларды жүргізу;

– экскурсия қызметінің бағыттары бойынша (тақырыптық бағдар, технологиялық карталар, глоссарий және басқалар) әдістемелік талдамаларды құрастыру;

– экскурсия мәтіндерін қоғамдық-саяси және тақырыптық өзектендіру;

– экскурсия жүргізушілер мен гид-аудармашыларды (тысқары кәсіптік мекемелердің сұранысы бойынша) дайындау курстарының тыңдаушылары үшін экскурсия жүргізу бойынша сараптамалық әдістемелік көмек көрсету.

 

Қызмет басшысы  – Шоткина Әсел Қанатқызы

Тел.: 8 (7172) 75 12 76