2015 ж.

    

     

 

 

 

 

    Музей жинағы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа табыс етілген сыйлықтар жиынтығынан, сонымен бірге Елбасының Жеке мұрағаты мен Жеке кітапханасы материалдарынан құрылады. Сонымен қатар, қорларды толықтыру мақсатында музей қызметкерлері Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметін бейнелейтін құжаттар мен тарихи материалдарды айқындау мақсатында ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізеді. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорында 36 303 астам сақтам бірлігі қалыптасып, келесі коллекциялар мен қорларға үйлестірілген:

      1. кәдесыйлар және әшекейлі ыдыстар; 
      2. киім, жұмсақ инвентарь; 
      3. бейнелеу өнері туындылары; 
      4. материалдық мәдениет туындылары; 
      5. қару-жарақ және нумизматика; 
      6. бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар; 
      7. награда қоры; 
      8. Елбасының Жеке кітапханасы; 
      9. Елбасының Жеке мұрағаты.

      Сыйлықтар коллекциясы әлемдік державалардың Қазақстанды мойындауының, соның ішінде ел Президентіне деген жеке құрмет белгісі, оның дербес мемлекеттің аяғынан тік тұруына қосқан теңдессіз үлесін мойындауының куәсі болып табылады. Олардың ішінде ерекше қызығушылық тудыратын Австрия, Ватикан, Италия, Румыния, Ресей Федерациясы, Түркия, Франция, Финляндия, Хорватия, Оңтүстік Корея, Жапония және т.б. мемлекеттердің жоғары мемлекеттік наградалары қойылған награда қоры. 
      Жеке мұрағат қорында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметтік және қоғамдық қызметі барысында пайда болған биографиялық, шығармашылық материалдардың, құжаттардың түпнұсқалары сақталуда. Жеке белгілері қойылған жұмыс материалдары, сонымен бірге жеке өзара хат жазысу, құттықтаулар, газеттер мен журналдардағы Елбасына арналған жарияланымдар, Президенттің жұмыс сапарларын айшықтайтын бейне, аудиоматериалдар, фотоальбомдар өзінің болашақ зерттеушілерін күтүде. 
      Жеке кітапхананың басты құндылығы мұндағы кітаптардың көбісінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына жазылған сый қолтаңбалары бар болғанымен, әрбір басылымның жеке дана болып табылғаны. Мемлекет және үкімет басшылары, атақты саясаткерлер мен ғалымдар, ақындар мен жазушылар, өнер және мәдениет қайраткерлері табыс еткен кітаптар мен альбомдар библиографиялық және полиграфиялық жағынан өте құнды.