2016 ж.
2016 жылдың 29 наурызы Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында жәдігерлерді көрсете отырып, кейбір бірегей коллекциялар жайлы баяндаған, оларды қолмен ұстауға және жақыннан көруге мүмкіндік берген «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы қару-жарақтар коллекциясы» атты көшпелі экскурсиялары өткізілді.
«ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің жинағындағы қару-жарақтар коллекциясы» атты көшпелі экскурсия адамзаттың әлеуметтік тарихындағы ежелгі дәстүр - қару сыйлау дәстүрімен, әлемге әйгілі Құбашы және Златоусттық қару-жарақ шеберлерінің туындыларымен, ал «Елбасы мәртебесі - ел мәртебесі» атты көшпелі экскурсия әлемнің көптеген елдерінің марапаттау жүйесімен және Қазақстанның мемлекеттік наградаларының үлгілерімен таныстырды.
Экскурсия барысында тыңдаушылар бірегей материалдар кешенімен, атап айтар болсақ, фотосуреттер, бейнематериалдар және ең бастысы – ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қор жинақтарындағы жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды.
2016 жылдың 30 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті Музейі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған көрмелер және экскурсияларды ұйымдастыру және өткізу барысында бұқаралық-ақпараттық жұмысты жүргізу мақсатында кезекті рет өзінің әлеуетті келушілеріне барып қайтты.
«Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының көрмесі аясында жыл сайын дәстүрге айналған көшпелі экскурсиялардың тыңдарманы бұл күні Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылындағы Новоалександров және Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары мен ұстаздар ұжымы болды.
Мұрағаттық және мұражайлық қорлардан ұйымдастырылған «Тарихи таңдау. Бастамасы» көшпелі экскурсиялары ел тарихының ең күрделі сәттерінде Ұлт Көшбасшысы атанған тұлғаның әлеуметтік, азаматтық қасиеттері қалыптасқан тарихи ортаны кеңінен ашып көрсетті. Тыңдаушылар 1960-70 жж. құжаттарын парақтап, Қазақ КСР-нің республикалық баспасөздерінде жарияланған мақалалармен танысты.
Әр алуан құжаттардың бірегей жинағы Н.Ә. Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК Бірінші Хатшысы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына дейінгі жүріп өткен жолын танып білуге мүмкіндік берді. ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің қорларынан ұсынылған жәдігерлер кешені – билік нышандары – әскери қолбасшылардың асатаяқтары, Силла мемлекеті билеушілерінің тәждері (Оңтүстік Корея), теңіз кездігі, индонезиялық крис қанжары және т.б. тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.



