ҚР ТПМ-нің жанындағы Педагогтар кеңесі

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі
жанындағы педагогтар Кеңесі туралы

      Педагогтар кеңесі (әрі қарай – кеңес) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің (әрі қарай – Музей) ғылыми-педагогикалық қызметкерлері мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін, Астана қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, гуманитарлық пәндердің мұғалімдерін біріктіретін қоғамдық-кәсіби ұйым.
      Кеңес Қазақстан Республикасы және оның әлемдік қауымдастықтағы рөлі, ҚР президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы туралы білімді тереңдету үшін Музей әлеуетін пайдалана отырып, интерактивті әдістер мен инновацияларды оқыту процесіне енгізуге, Музейде өткізілетін шаралардың сапасын арттыруға, музейлік сабақтарды ғылыми, әдістемелік тұрғыдан жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған педагогтардың жұмысын үйлестіреді.
      Сонымен қатар Астана қаласы тарих пәні мұғалімдеріне біліктілік санатын беру аттестациясы бойынша экспериментальды алаң сынақтан өтуде. Алаң жұмысының аясында мұғалімдер Музей педагогикасы орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып, ашық сабақтар береді.
      Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылдың 28 тамызында №1431 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі» мемлекеттік мекемесінің Жарғысын, 2010 жылы бекітілген Музейді дамыту тұжырымдамасын, «Музейдің Білім беру бағдарламасы туралы» Ережені, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарын басшылыққа ала отырып, музейлік педагогиканың идеяларын жүзеге асырады.

Кеңестің міндеттері мен қызметі

     Кеңестің негізгі міндеттері мен қызметтері:
– орта, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының оқушыларына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне және басқа да тұрғындарға Музей педагогикасы орталығының жоспар-кестесіне сәйкес музейлік педагогика бойынша шараларды өткізу;
– қазақстандық патриотизм мен азаматтылыққа тәрбиелеу, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру бойынша мемлекеттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу.
– музейлік сабақтардың тиімділігіне, Кеңестің қызметіне мониторинг, диагностика жасауды, үздік сабақ авторларының жұмыстарын жинақтау және таратуды ұйымдастыру;
– Астана қаласы Білім басқармасына үздік музейлік сабақ авторларына біліктілік санатын беру мен марапаттауды ұсыну;
– музейаралық және білім беру ұйымдары арасында өзара тәжірибе алмасуға, тарихи-мәдени, ғылыми әріптестік жасауға ықпал ету.