2009 ж.

     Ғылыми бағдарлама «Егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары».

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасы аясында баяндамалар мен мақалалар жинағы жарыққа шықты.

 

«Қазақстан Республикасы: саяси жаңғырту» баяндамалар мен мақалалар жинағы.

      Жинақ «Тәуелсіз Қазақстанның саяси жаңғыруы» жобасы аясында жарыққа шықты.
      Жинақ материалдары қазақстандық қоғамда, саяси жүйенің эволюциясында, партиялар мен қоғамдық-саяси бірлестіктердің даму динамикасында өтіп жатқан саяси процестерді зерттеу мен талдауға, парламентаризмнің қалыптасу мәселелеріне, бұқаралық сананың өзгерісіне, қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы, азаматтық қоғам институттарын дамытуда Қазақстандағы демократиялық дәстүрлердің дамуы мәселелеріне арналған.

«Стратегиялық мемлекеттік басқару моделін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» мақалалар мен баяндамалар жинағы».

      Жинақ «Стратегиялық мемлекеттік басқару моделін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» ғылыми жобасы аясында жарыққа шықты.
      Авторлар Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен оның жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында орын алған Қазақстанда стратегиялық мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру, оның тиімділігі, экономиканы мемлекеттік реттеу, жергілікті өзін-өзі басқарудың даму үрдістері мен келешегі мәселелеріне айрықша көңіл бөледі.

«Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы» баяндамалар мен мақалалар жинағы»

      Жинақ «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы» ғылыми жобасы аясында әзірленді. Жинаққа еліміздің белгілі саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, жетекші ғалымдарының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне арналған еңбектері енгізілген.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» ұжымдық монографиясы»

      Ұжымдық монография «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» ғылыми жобасын іске асыру аясында әзірленді. Оған белгілі саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, жетекші ғалымдарының Қазақстанның құқықтық демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі мәселелерін қарастыратын еңбектері енгізілген.

 

«Егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары»

E-mail: [email protected]