2015 ж.

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси ұстанымы, стратегиялық бастамалары мен шығармашылық мұрасын сарапшылар тәуелсіз ел қалыптасуы мен нығаюындағы әрі қарай жан-жақты зерделеуді қажет ететін маңызды дереккөз ретінде зерттелуде. 2007 жылдан бастап жүзеге асырылған «Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары», «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» атты екі ғылыми бағдарлама түбегейлі және қолданбалы зерттеулер жүйесін құруға тиіс болды. Бүгінгі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Музей қызметінің бағытына тікелей қатысты қоғамдық-саяси тақырыптағы мәселелерді өзектілендіру тәжірибесі қалыптасты. 
    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің негізінде 2007 жылдан бастап жүзеге асырылатын зерттеулердің логикалық жалғасы болып табылады. 
      Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 2013–2015 жылдарға есептелген. 
    Бағдарламаның мақсаты қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрғыдан жаңғырту үдерістерін, тәуелсіздік жылдарындағы республика дамуының заңдылықтары мен нәтижелерін жан-жақты зерделеу арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тарихи рөлін одан әрі зерттеу болып табылады. 
      Бағдарлама 5 ғылыми жобадан тұрады.
 
 
 
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасы